Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2021
Қазыналы Қарағанды облысы еліміздің индустриялық тірегі болып қала береді деуге толық негіз бар. Өңірде «АрселоМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» сынды қала құраушы алпауыт кәсіпорындар өз алдына, өңірде басқа да өндіріс ошақтары өсіп келеді. Бұған мысал ретінде Қарағандының іргесіндегі Саран қаласында қолға алынған жобаларды алуға болады.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021
Құрыш қорытатын тағы бір зауыт
Қазыналы Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты бой көтеріп, пайдалануға берілді. Qaz Carbon компаниясына қарасты бұл кәсіпорынның іргесі тоғыз ай ішінде қаланды. Айта кететін бір жайт, аталған зауыт өңірдегі ферроқорытпа саласы бойынша соңғы екі жылда салынған екінші өндіріс ошағы.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2021
Қарағандыда «Қасым үйі» ашылды
Осыдан бір жыл бұрын облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездескенде ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы Қарағандыда «Қасым үйін» ашу жөніндегі идеясын айтқан болатын. Сонда өңір басшысы бұл бастаманы қызу қолдап, оны іске асыруға уәде берген еді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2021
Сарыбелде Тәуелсіздік тойына арналған салтанатты шара өтті
Астана мен Қарағанды арасынан ойып орын алған Осакаров ауданының орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мағыналы іс-шара өтті. Бұл кеште «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» фильмінің және «Осакаров ауданы: Тәуелсіздік шежіресі» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2021
Октябрь ауданына ресми түрде Әлихан Бөкейхан есімі берілді
Қарағанды қаласындағы бұрынғы Октябрь ауданында тұрғындар көптен күткен қуанышты оқиға болды. Атап айтқанда, құрамына Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптау елді мекендері енетін бұл ауданның енді Әлихан Бөкейхан атындағы аудан болып аталуына байланысты салтантты іс-шара ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2021
Қарағанды облысында мемлекеттік марапаттар табыс етілді
Кеншілер астанасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еңбек ардагерлері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, өндіріс саласындағы көрнекті қайраткерлер, мемлекеттік органдар мен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері марапатталды, деп жазады Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2021
Асқар Мамин Қарағанды облысына барды
Премьер-Министр Асқар Мамин арнайы жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2021
Қарағанды мен Теміртау газ желісіне қосылды
Қарағанды облысының тұрғындары Тұңғыш Президент күні мерекесі мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Сарыарқа» магистралды газ құбыры арқылы көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізді. Орталықтандырылған газ желісіне алғашқы болып Қарағанды мен Теміртау қалалары қосылды.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2021
Қазыналы Қарағанды өңірінің шежіресін тоқсан жылдан бері түзіп келе жатқан қос басылым – «Ortalyq Qazaqstan» және «Индустриальная Караганда» газеттерінің мерейтойы кең көлемде аталып өтті.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021
Кеншілер астанасында Cummins компаниясы өкілдігінің демеушілігіне сүйенген Ayala қоры екі бірдей балалар үйінде кәсіптік бағдар беру бойынша шеберханалар ашты. Жалпы, алдағы уақытта аталған қордың көмегімен жыл сайын 200-ге жуық тәрбиеленуші кәсіптік бағдарлау тренингінен өтпек.