Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Экономика • 20 Қаңтар, 2022

Кешенді жоспар – тұрақтылық кепілі

Қазіргі таңда инфляцияны тежеп, бағаны ұстап тұру жергілікті атқарушы билік үшін маңызы зор міндеттің біріне айналды. Мұның бер жағында коронавирус инфекциясы да қайта өршіп, жағдайды күрделендіре түсті. Дегенмен жедел қолға алынған шаралардың нәтижесінде, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды әзірге тұрақты деп айтуға негіз бар.

Спорт • 19 Қаңтар, 2022

Ақадырдың ақжолтайы

Арқадағы алтын бекет Ақадырдың көшесінде асық ойнап жүрген бала еді. Иә, сол кезде ол он жастағы ойын баласы-тұғын... Бір күні әуес көріп, Әлібек деген досына еріп, кенттегі балалар мен жасөспірімдер спорт сарайына барған. Қазір ойлап отырса, дәл сол күн өзінің тағдырына тікелей әсер еткен құтты-қайырлы күн болған екен-ау.  

Коронавирус • 19 Қаңтар, 2022

Ковидтің жауы – карантин

Осы аптаның басынан Қарағанды облысында коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуіне және өңірдің «қызыл аймаққа» енуіне байланысты санитарлық-карантиндік режім күшейтілді. Бұл турасында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин мәлімдеді.

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2022

Аристотельдің жаңалығы жоғары бағаланды

«Үздік ғылыми қыз­мет­кер-2021» республикалық байқауында Қарағанды техникалық университе­тінің профессоры Арис­тотель Исағұлов жеңімпаз атанды.

Коронавирус • 14 Қаңтар, 2022

Тәртіп күшейсе, күмән сейіледі

Төтенше жағдай тәртібіне бағынған Қарағанды облысында шектен шыққан оқиғалар әзірге байқала қойған жоқ. Өндірісті өңірде өмір өзені өзінің қалыпты арнасымен ағып жатыр деуге негіз бар.

Аймақтар • 13 Қаңтар, 2022

Тіршілік ырғағы бұзылған жоқ

Қарағанды облысы соңғы екі жылдағы екінші төтенше жағдайды бастан өткеруде. Алдыңғы жылы пандемияның күйіп тұрғанында ел-жұрттың бас амандығы үшін шараның мұндай қатаң түріне бағынған еді. Енді, міне, елдегі күні кеше болған күрделі жағдайға байланысты төтенше жағдайдың тәртібін қабыл алуға мәжбүр болды. Бірден айтқан жөн болар, Арқа төсіндегі жұрт мұндай шараларға мейлінше түсіністік танытып отыр: аталған амалдың түбі қайырлы болатынына сенеді және тыныш заманның болғанын қалайды. Осы мақсатта тілекке тілек қосылған, мүдделі ниет әр тараптан келіп әлеуетті күшке біріккен.

Аймақтар • 05 Қаңтар, 2022

Мал азығын молайтпақ

Былтырғы қуаңшылықтан туындаған жемшөп тапшылығы мал өсірген ағайынға қатты сезілді. Тіпті еліміздің кейбір өңірлерін жаз айларының өзінде жұт жайлағаны рас еді. Осы орайда мұндай жағдайдың алдын алу мақсатында ғалымдар мен мамандар да қарап отырмаған екен.

Аймақтар • 02 Қаңтар, 2022

Қарағанды облысындағы Киікті ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Шет ауданындағы Киікті ауылында жаңа мектеп салу туралы әңгіме  осыдан он бес жылдай уақыт бұрын көтерілген еді. Мұндағы алпыс жыл бұрын қабырғасы қаланған білім ұясының ғимараты әбден тозып, іші оқушы балаларға тарлық етіп, бұл өзекті мәселе күні кешеге дейін күн тақырыбында өткір тұрған болатын.

Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021

Кеншілердің талабы ескерілетін болды

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында қараша айының 7-сі күні болған қайғылы оқиға қазақ елінің қабырғасына қатты батты. Сол күні жеті қат жер астындағы көмір мен газ атындысының салдарынан алты кенші көз жұмып, екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген болатын.

Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2021

Арқа төсінде – ауқымды жобалар

Піл сауырлы Арқа төсінде кеңінен созылып жатқан Қарағанды облысында тәуелсіздік жылдары аз жол салынбады. Соның ішінде ең ауқымды екі жобаны бөле-жара айтуға болады. Мысалы, 1998 жылы Алматы-Астана күре жолындағы ұзындығы 192 шақырым болатын Гүлшат-Ақшатау жол бөлігінің құрылысы жүргізілді.