Қоғам • 18 Мамыр, 2022
«Bala Qorgau» интернет-ресурсы іске қосылды
Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы аясында «Bala Qorgau» интернет-ресурсын іске қосты. Енді мектептерде QR-коды және «Bala Qorgau» сайтының https://bala.gov.kz мекенжайы жазылған арнайы тақтайшалар орнатылып жатыр.
Қоғам • 17 Мамыр, 2022
Семіздіктің бала болашағына зардабы көп
Жасы ұлғайған сайын артық салмақ жинап, түрлі ауруды жамап, ахуалын қиындатып алатын адамдар аз емес. Ал семіздікке ерте жастан ұшырау бұл дертпен бірге дендейтін ауруларды асқындырып, өскелең ұрпақтың денсаулығына зор зиян келтіреді. Сондықтан балалардың тал бойына әуелден баса мән беріп, дұрыс тамақтануын, физикалық қозғалысын жіті қадалаған жөн.
Медицина • 17 Мамыр, 2022
«Қазақстан халқына» қоры тірек-қозғалыс аппаратында ақауы бар балаларды роботтандырылған құрылғылармен қамтамасыз ететін қайырымдылық бағдарламасын іске қосты.
Қоғам • 13 Мамыр, 2022
Кәсіпке баулитын пайдалы платформа
Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 14,3 мыңнан аса қазақстандық, оның ішінде 8,7 мың жұмыссыз азамат курстан өткені туралы сертификат алды. Платформада 24,3 мың адам тіркелді, оның 10,8 мыңы 2022 жылы тіркелген.
Медицина • 19 Сәуір, 2022
Туляремия – ағзаның улануымен, дененің қызуымен, бубон үлгісіндегі лимфаденит және әртүрлі органдардың зақымдануымен сипатталатын, жедел инфекциялық, табиғи-ошақты ауру. Аурудың қоздырғышы – туляремия бактериясы. Кез келген жастағы адам бұл індетке шалдығуы мүмкін.
Сұхбат • 17 Сәуір, 2022
Ералы Тоғжанов: Ең бастысы, коронавируспен күресуді үйрендік
Бүгінгі таңда жаңа геосаяси сын-қатерлерге байланысты коронавирус пандемиясы бұрынғыдай қорқынышты көрінбейді. Бірақ бұл қауіпті толығымен еңсердік пе, COVID-19 біздің қоғамға қалай әсер етті, бұдан қандай сабақ алдық? Осы жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановпен кеңінен әңгіме өрбіттік.
Білім • 13 Сәуір, 2022
«Мұғалім – мектептің жүрегі». Жүрек әу бастан тазалық, адалдық, ізгілік сияқты қасиетпен астасқан ұғым ретінде қалыптасқандықтан, ұстаздарды дәл осындай сипатқа лайық көріп, қадір тұтамыз. Бірақ кейінгі кездері кейбір мұғалімдердің біліктілігін көрсетер тұста қараулық жасап, беделіне нұқсан келтірер әрекетке баруы тазалықпен тұтасқан тұлғаға деген түсінігімізге сызат түсіріп жүр.
Сұхбат • 06 Сәуір, 2022
Дархан Жазықбаев: Мақсатымыз – ел игілігіне қызмет ету
Дамудың жаңа кезеңіне қадам басып жатқан Қазақстанда басым бағыттың бірі – мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін ұстағалы бұл салада тың бастамалар көтеріліп, ілкімді істер қолға алынды. Жақында жарияланған Жолдауда да мемлекеттік қызметке қатысты жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевпен арнайы жолығып, саладағы жұмыстардың барысы туралы біраз мағлұматқа қанықтық.
Қаржы • 05 Сәуір, 2022
Шетелдік инвестиция пандемияға дейінгі деңгейіне көтерілді
Біраз уақыттан бері адамзат өміріне де, шаруасына да орасан шығын келтіріп, қыспаққа алып келген пандемияның «иіні босай» бастаған секілді. Оның бір дәлелі елімізге құйылып жатқан шетелдік инвестициялар ағыны пандемияға дейінгі деңгейіне оралды. Бұл туралы СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 31 Наурыз, 2022
Елордада туберкулезбен ауыру 30%-ға төмендеді
Астанада 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында «Туберкулезбен күреске инвестиция салыңыз. Өмірді құтқар» атты айлық өтті. Айлық аясында қала тұрғындары аурудан сақтану, уақтылы тексерулерден өтудің маңызы туралы жан-жақты мәліметке қанықты.