Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
633 материал табылды

Қоғам • 01 Қыркүйек, 2020

Жаңа оқу жылы адалдық сағатымен басталды

Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай еліміздің барлық оқу орындарында "Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауи" тақырыбымен бірыңғай жалпы республикалық онлайн "Адалдық сағаты" өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 27 Тамыз, 2020

Түзеу мекемелеріндегі азаптауға қатысты шағым көбейді

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың деректеріне сәйкес, Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін өзге де арнаулы мекемелерде орналасқан адамдарды азаптауға және қатыгездікпен қарауға қатысты шағымдар саны артты. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 26 Тамыз, 2020

Азғындықты ауыздықтау қоғамдық жауапкершілікті талап етеді

Балаларға жасалған азғындық – қай жағынан да ақтап алуға жатпайтын ауыр қылмыс. Былтыр тиісті заңнамаға өзгеріс енгізіліп, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың бәрі ауыр қылмыс санатына көшірілді. Солай бола тұра, жақында Оралда 12 жастағы қызды зорлаған оқиға тіркеліп, мұны сот ауыр қылмыстан ауырлығы орташа қылмыс санатына ауыстырған. Алқабилердің қатысуымен өткен соттың бұл шешімі қоғамда үлкен дау тудырды.

Қазақстан • 21 Тамыз, 2020

Антикор Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға кірісті

Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев ведомствоның жеке құрамымен және консультативтік-кеңесші органдарының өкілдерімен кеңес өткізді. Негізгі күн тәртібі – Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың ағымдағы жылғы 19 тамыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау.

Қоғам • 13 Тамыз, 2020

Кавасаки синдромы: Балалардың денсаулығын мұқият бақылауды қажет етеді

Соңғы күндері Қазақстанда Covid-19 вирусын жұқтырған балаларда Кавасаки синдромы пайда болғаны туралы хабар тарай бастады. Ілуде бір кездесетін бұл синдромның қазіргі қауіпті індетпен қабаттасып көрінуі мүмкін екенін осыдан үш ай бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ескерткен еді.

Коронавирус • 04 Тамыз, 2020

Статистиканың дәлдігі індетке қарсы іс-шараларды нақтылайды

Қаупі сейілмеген зауалдың тигізіп жатқан зардабы орасан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше туиттердегі парақшасында осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғасына бататынын, коронавирус пен өкпе қабынуынан көз жұмғандардың саны әлі де жоғары екенін айтты. Президенттің пәрменімен тамыздан бастап пандемияның таралу ауқымын нақты бағамдау үшін коронавирус пен өкпе қабынуының статистикасы біріздендірілді.

Қоғам • 31 Шілде, 2020

Екі апта үшін – 21 250 теңге

Індеттің кең таралуын тежеу үшін енгізілген қатаң карантин режімі нәтижесін бере бастады. Алайда «Аузы күйген үрлеп ішеді» дегендей сақтық шараларын ұстануды ұмытуға болмайды. Сондықтан эпидемиялық ахуалдың тұрақтанғанына қарамастан шектеу шаралары тағы екі аптаға жалғасады.

Қоғам • 29 Шілде, 2020

Стационарлар жүктемесі азайды

Карантин режімінің күшеюі арыны қатты қауіпті індеттің таралу қарқынын әжептәуір әлсіретті. Күн өткен са­йын өңірлердегі эпидемиялық ахуал біршама тұрақталып, сауыққан науқастардың қатары артты, ауруханалар да ақырындап босай бастады.

Медицина • 28 Шілде, 2020

Індетпен күреске үлес қосып жатыр

Қазіргі қысылтаяң кезеңде денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурсы қауіпті індетке қарсы іс-шараларға жұмылдырылды. Дауасыз дерттің бетін қайтаруға бағытталған бұл ауқымды жұмыстар Медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылды.

Қоғам • 27 Шілде, 2020

Зейнетақы жинағы баспанаға бастапқы жарна бола алса игі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсау мүмкіндігін қарастыру жөніндегі бастамасы көпшіліктің көкейінде жүрген ойды дөп басқаны белгілі. Осы мәселені пысықтау үшін Президент былтыр Үкіметке нақты пәрмен берген. Аталған тетікті іске қосу қаншалықты ілгері жылжыды?