Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
752 материал табылды

Парламент • 11 Маусым, 2020

Бюджеттің әрбір тиыны қатаң қадағаланады

Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығы­мен өткен Палатаның жалпы отырысында депутаттар Үкіметтің және Есеп комитетінің 2019 жылғы респуб­ликалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады.

Саясат • 11 Маусым, 2020

Сыбайластықты жою – әділеттікке бастар жол

Ізгілікті қоғамның ірге­сі әділдіктің салтанат құруымен бекиді. Тура­лықты ту еткен Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған әуелден басымдық бе­ріп, Сайлауалды тұғыр­намасына ұстын болған үш ұстанымының бірі әділдік деп атады. Ал оған бастайтын қадам – жемқорлықты түп-тамырымен жою. Президент ел тізгінін ұста­ғаннан кейін халыққа берген уәдесіне берік болатынын айтып, ұлықтау рә­сімінде он негізгі бағытты бел­гіледі. Соның қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдар назарға алынды.

Парламент • 10 Маусым, 2020

Республикалық бюджетке 900 млрд теңгеден аса кіріс түскен

Кірістер бойынша жоспар трансферттерді есепке алмағанда 100,6% орындалды, бюджетке 7,1 трлн теңге түсті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент • 10 Маусым, 2020

Мәжілісте республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде есеп қаралып жатыр

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент • 08 Маусым, 2020

Сенаторлар Денсаулық туралы кодекс жобасын қарайды

Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы өтіп, онда палатаның 11 маусымға жоспарланған отырысының күн тәртібі бекітілді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 08 Маусым, 2020

Ашық пікірталас алаңы БАҚ-тың дамуына ықпал етеді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиыны өтті. Келелі басқосуға медиа саласының білікті мамандары, зиялы қауым өкілдері қатысып, саланы ілгерілетуге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Қоғам • 05 Маусым, 2020

Аида Балаева БАҚ қызметкерлеріне алғыс білдірді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында төтенше жағдай кезінде алдыңғы шепте жұмыс істеген журналистердің еңбегін ерекше атап өтті.

Парламент • 05 Маусым, 2020

Сот жүйесіне деген сенімді қалай арттыруға болады?

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобасын екі оқы­лымда қарап, қабылдады. Соның бірі сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған.

Қазақстан • 04 Маусым, 2020

«Самұрық-Қазына» отандық өндіріске қуатты қолдау көрсетті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңесте «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қазіргі қызметі, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ кеңестің өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

Парламент • 04 Маусым, 2020

М.Әшімбаев: Заң сот жүйесін одан әрі жаңғыртуға септігін тигізеді

Парламент Сенаты Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды.