Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
752 материал табылды

Экономика • 07 Шілде, 2020

Алыпсатарлар қатаң жазаланады

Індет өршіп тұрған шырғалаң шақта дәрі-дәрмек құнының шарықтағаны халықтың ашу-ызасын тудырды. Көпшіліктің шағымын назардан тыс қалдырмаған Мемлекет басшысы негізсіз баға көтеру фактілері бойынша шұғыл түрде қатаң шара қабылдауды тапсырды.

Парламент • 03 Шілде, 2020

Қоғамдық жауапкершілік қажет

Төтенше жағдай режімі тоқтағаннан кейін қауіпсіздік шаралары қатаң сақталмай, індет ырыққа көнбей барады. Осыны назарға алған Президент эпидемиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Үкіметке шұғыл шараларды қолға алуды тапсырды. Соған сәйкес Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күн шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Қоғам • 01 Шілде, 2020

Дәріхана алдындағы дүрбелең (Дертіне дауа іздегендер дәрі-дәрмек таппай жүр)

Қазіргі шырғалаң шақта дертіне дауа іздеп, дамыл таппай дәріхана­лардың алдын тоздырған жұрттың қатары күрт көбейді. Шектен тыс сұраныстың артуынан дене қызуын түсіретін дәрілерге қол жет­кізу шетін мәселеге айналды. Екі күн бұрын індетке қарсы шара­­­­лар пысықталған кеңесте Мем­­лекет басшысының Үкіметке дәрі-дәр­мекпен қамтамасыз ету мә­се­лесін бес күннің ішінде шешуді тапсырғаны дәтке қуат болып тұр.

Оқиға • 30 Маусым, 2020

Арақашықтықты сақтау – ағайыннан алшақтау емес

Кеше Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізіп, жұмысына салғырт қараған бірнеше әкімге ескерту жасап, сөгіс берді. Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырып жат­қан науқастардың саны 600-ге жуық­тап қалды. Бұл – індеттің белгі­лері байқалып, денсаулығы сыр бер­гендер­дің ғана есебі. Мұның сыртында симптомсыз дертке душар болғандар күніне мыңнан асып жығылады.

Медицина • 25 Маусым, 2020

Covid-19: Жедел жәрдем жұмысы қалай жүйеленді?

Бүгінгі таңда елімізде Covid-19 індеті өршіп, жедел жәрдем қызметіне жүгінгендер саны күрт артты, шағымданушылар да көбейді. Осы мәселе бойынша Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен арнайы брифингте Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов пен Нұр-Сұлтан қаласының жедел медициналық жәрдем стансасының директоры Мұрат Оразбаев жан-жақты мағлұмат берді.

Қазақстан • 24 Маусым, 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркалары шықты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен "Қазпошта" АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 24 Маусым, 2020

«Халық алғысы» (Індет кезіндегі ізгілік иелеріне жаңа мемлекеттік марапат тапсырылды)

Дауасыз дерт дүйім дүниені дүрбелеңге түсірген шырғалаң кезеңде халыққа қамқор, қызметіне адал азаматтар алдыңғы шепте жүріп, қауіпті індеттің бетін қайтаруға бар күш-жігерін салып жатыр. Осылайша, көпшілікке шарапаты тиіп, елдің алғысын арқалаған денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру саласындағы отандастарымыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Қоғам • 22 Маусым, 2020

Сенімсіздік соңы – сергелдең (Жұқтырғандар саны 17 мыңнан асты)

Жаһанға жайылған жаманат індет елімізде кеңінен етек алып келеді. Сақтық шараларын қатаң ұстануға құлықсыздық танытып, тиісті нұс­қау­ларға құлақ аспай, қауіпті вирусты әбден құтыртып алдық. Енді ауру­ханалар лық толып, орын тапшылығы сезіліп жатыр.

Саясат • 17 Маусым, 2020

Екпе туралы екіұдай пікірлер сараланды

Қазіргі күні Парламенттің қарауындағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің екпені міндеттеуге қатысты жаңа нормасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл мәселе бойынша кеше онлайн форматта «Міндетті екпе: қолдаушылар мен қарсы болушылар» тақырыбында арнайы жиын өтті.

Экономика • 16 Маусым, 2020

Елорданың үйлеріне көгілдір отын енеді

Астанада алғашқы үйге газ кірді деген ақжолтай хабар әлеу­меттік желіні шарлап кетті. Кейіннен бұл үйге газдың әлі келмегенін, тек газ құбыры тартылғанын білдік. Алайда «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дегендей, көптен бері көгіл­дір отынды көксеген жұрт­тың тілеуі орындалатын күн де алыс емес. Осы жаздан қал­май газ тарату желілерімен қамтыл­ған үйлерге газ беріле бастайды.