Экология • 15 Наурыз, 2022
Жасыратыны жоқ, су ресурстары мәселесінде Қазақстан көп жағдайда көршілес мемлекеттерге кіріптар болуға мәжбүр. Айталық, Арал – Сырдария бассейні 93%-ға, Жайық – Каспий шамамен 80%-ға, Шу – Талас 74%-ға, сондай-ақ Балқаш – Алакөл бассейні 48%-ға көршілес елдерден келетін ағынды суларға тәуелді.
Қазақстан • 13 Наурыз, 2022
Мемлекеттік қызмет проактивті түрде ұсынылуға тиіс
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алқа отырысында былтырғы жұмыстар қорытындыланып, Президенттің бақылауындағы экономика салалары мен мемлекеттік басқаруды цифрландыру бойынша маңызды міндеттер қарастырылды.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2022
Энергияны суша сіміретін майнинг
Елімізде криптовалюта өндірісі өрістемей тұрып, электр энергиясын тұтыну көлемі жылына орта есеппен 2%-ға өсетін. Майнинг дүмпуі басталысымен 2021 жылы бұл көрсеткіш 6,1%-дан асып бір-ақ жығылды. Осы ретте Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің оңтүстік аймағында аталған көрсеткіш 12%-ды көрсеткен.
Қазақстан • 16 Ақпан, 2022
Цифрлы трансформацияда қауіпсіздіктің маңызы зор
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикалық мәселелерге басымдық беріп, бірнеше бағытта цифрлы технологияларды енгізудің артықшылықтарын атағаны қуантады. Бұл ретте ақпараттық қауіпсіздікке мұқият көңіл бөлініп, осы жұмыстарға отандық мамандарды тартқан жөн. Мұндай пікірді «Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік жөніндегі кәсіпқойлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виталий Ли жеткізді.
Экономика • 14 Ақпан, 2022
Литий – цифрлы дәуірдің мұнайы
Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, 2050 жылға қарай таза энергия көздеріне сұраныс артып, мыс, графит, литий және кобальт сынды минералдардың өндірісі 500%-ға ұлғаюы мүмкін. Әсіресе литийге деген сұраныс ерекше болмақ. Мәселен, Statista компаниясының дерегіне сүйенсек, 2030 жылы бұл сирек металдың өндірісі жылына 2 млн тоннаға жуықтайды деп болжанып отыр. Экономикасы пайдалы қазбаға негізделген Қазақстан осы орайлы сәтті ұтымды пайдалана ала ма?
Технология • 08 Ақпан, 2022
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде цифрлы анархия орын алғандай. Бұлай деуге таяуда жүргізілген зерттеу нәтижелері себеп болып отыр. «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникация холдингі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның есебіне сүйенсек, 26 мемлекеттік және 17 жергілікті атқарушы органда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың 22 субъектісінде 572 ақпараттық жүйе бар екені анықталды.
Экономика • 03 Ақпан, 2022
Диқандар судан таршылық көрмесін десек...
Былтыр елімізде орын алған қуаңшылықтың салдарынан шаруалар шығынға батып, отандық агроөнеркәсіптік кешенге нұқсан келгені мәлім. Биыл да аграршыларға оңай тимейтін сыңайлы. Экология министрлігінің дерегіне сүйенсек, алдағы вегетациялық кезең оңтүстік өңірде күрделі өтеді деп болжанып отыр.
Экономика • 03 Ақпан, 2022
Қазақстанда мұнай өнімдерінің бөлшек саудасына байланысты 180 күнге шекті бағалар белгіленгені мәлім. Бұл мерзім аяқталысымен баға саясаты қалай реттеледі және нарықта тағы да дүрбелең орын алмай ма?
Экономика • 28 Қаңтар, 2022
Утиль алымы азық-түлік бағасына да әсер етеді
Утиль алымы Қазақстандағы санаулы компаниялардың мүддесін қорғауға арналған. Отандық ауыл шаруашылығы техника паркінің жаңармай отыруының негізгі себебі де осында жатыр. Сондықтан қазақстандық аграршылар кәдеге жарату алымына түбегейлі қарсылық білдіріп, жағдай реттелмейінше бір жылға мораторий енгізуді ұсынды.
Қазақстан • 26 Қаңтар, 2022
Утиль алымы: ӨКМ операторының жұмысында шикілік көп
Утиль алымын жинау қызметін «Жасыл даму» АҚ-ға тапсырмас бұрын ӨКМ операторының қаржы-экономикалық жұмысына толықтай тексеру жүргізілуге тиіс. Қоғамдық қозғалыс белсенділері мен отандық автокөлік қауымдастықтары осындай ұстанымда. Ал күні кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтің ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалғанын растады.