Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
797 материал табылды

Әдебиет • 28 Маусым, 2023

Мұңмен кеткен Меруерт

Өткенде «Әдеби калейдоскоп» айдарымен Бердібек Соқпақбаев­тың «Қайдасың, Гауһар?» повесі туралы жазған едік. Сонда шағын шығарманың әуезінен бұрынырақта оқыған бір әңгіменің желісі ойға орала кетті.

Қазақстан • 27 Маусым, 2023

Ұлт журналистикасының тағылымды жолы

Ұлттық музейде Бұқаралық ақ­парат құралдары қызметкер­лерінің кү­ніне орай «Қазақ жур­налис­ти­касы: өткені мен бүгіні» атты көр­ме ашылды. Салтанатты жи­ынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, зия­лы қауым мен журналистер қатысты.

Театр • 27 Маусым, 2023

«Жошы хан»: Елдік пен бірлік мұраты

Тарих қой­науына көз салсақ, Ел билеген хандар еске түседі. Тым әріден тар­қат­­сақ, Жошы ұлысы. Жо-жоқ, Жошыдан бұрын атағы алты қырдан асқан Шыңғысханды айтуымыз керек.

Мәдениет • 26 Маусым, 2023

Қазақ өнері – Ташкент төрінде

Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан ағайындардың қай-қайсысының да түп тарихы, өнері мен салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті тереңнен тамырласып жатыр. Бауырлас халықтардың түрлі тараптағы бекем байланысы бүгінгі таңда да жалғасып келеді. Күні кеше ғана Өзбекстанда Қазақ мәдениеті күндері аяқталды. 20 маусымда басталған бірқатар іс-шара Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Үлкен театр сахнасында «Абай» операсымен салтанатты түрде қорытындыланды. Тарихи туындыны Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының шығармашылық ұжымы ұсынды.

Пікір • 21 Маусым, 2023

Тарихи фильм: талғам мен талап

Қазақ киносының бүгінгі деңгейіне қандай да бір анықтама беріп, артық-ауыс сөз айтып, яки зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Үйіңіздегі көгілдір экранды қоса қойсаңыз, бәрі ап-анық көрі­ніп тұр. Отандық сериалдарды қарап отырып, еріксіз күлкің келеді (сеніңіз, бұл әжуа күлкі емес, күйініші көп күл­кі): арзан сценарий, жасанды ойын, құ­лаққа түрпідей тиетін қазақша. Ұлт зиялыларының өзгерген образы тіп­тен бөлек әңгіме. Ал тарихи киноларда алқақотан отырған, домбыра тарт­қан, қымыз ішкен, атқа қонған байырғы қазақты ғана танимыз.

Өнер • 14 Маусым, 2023

Үндістанда үздік атанған «Бесік жыры»

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі Үндістанда өткен Roshani International film festival 2023 фестивалінде «Үздік анимациялық фильм» атағын жеңіп алды.

Мәдениет • 10 Мамыр, 2023

«Мейірім» аясындағы «Бақытты бала»

Қоғамда іштегі мұңын, сырын, шынын жұртқа жеткізе алмай, не қажет, неге мұқтаж екенін айта алмай, қолдарымен «сөйлеп», онысын біреу ұқса, біреу ұқпайтын адамдар бар. Олардың өмірі – тұнған тыныштық. Араласатын ортасы да шектеулі: тек ым-ишарамен сөйлеп, ұғысатын кішкентай кеңістік. Мылқау жандар да мектепке барады, көркем шығарма оқиды, сурдоаудармамен кино көреді. Ол асқан шебер, ісмер немесе талантты суретші, керемет шахматшы болуы мүмкін. Мүмкіндігі шектеулі зағип адамдардың да біртүсті өз әлемі бар.

Театр • 03 Мамыр, 2023

Бағасы бөлек «Жеті қазына»

«Астана Балет» сахнасында «Ашық сахна» І республикалық байқауының жеңім­паздарын марапаттау рәсімі өтіп, іс-шара соңында «Жеті қазына» спектаклі көрсетілді. Либретто авторы – Мәдина Алданова, композиторы – Шырын Базар­құлова, хореограф – Уәлитбек Сиязбек, сценограф – Александра Рыч­кова. Премьералық көрсетілім қоюшы-дирижер Арман Оразғалиевтің жетек­шілігіндегі «Астана Балет» симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.

Елорда • 21 Сәуір, 2023

Елорда төрі – ен кітап

Астана жұртының таң атысымен EXPO халықаралық көрме орталығына қарай ағылып жатқанына, міне, үшінші күн. Әрине, жылына бір рет болатын «Eurasian Book Fair-2023» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі оқырман қауымға таптырмас мүмкіндік. Ыбырайша айтсақ, «тілегені алдынан іздемей-ақ табылатын» көрмеден кім құр қалсын!

Елорда • 19 Сәуір, 2023

«Қарлығаш» қанат қақты

Елордада жас қаламгер Жәмила Бақ­тияр­қызының «Қарлығаш» атты кітабы жарық көрді. Шығармада қоғамның дертіне ай­налған жастар арасындағы өзекті мәселелер жазыл­ған. Ата мен немере арасындағы диалог арқылы мөлдір махаббат пен ұлттық құн­дылықтарды дәріптейді.