Руханият • 01 Сәуір, 2020
Көгілдір экранда – жаңа мелодрамма
30 наурызда «Хабар» телеарнасында көптен күткен («Жестокий Стамбул») түрік мелодрамасының тұсаукесері өтті. Көгілдір экраннан енді ғана жол тартқан телесериал кейіпкерлердің килы-қилы тағдырына толы. Драмалық мазмұндағы туындыда өмірдің түрлі сан-тарау жолдары баяндалады.
Әдебиет • 01 Сәуір, 2020
Бақытгүл СӘРМЕКОВА. Ақындардан жеріну (әңгіме)
Бақытгүл Сәрмекова – өзіндік жазу стилімен танылып, өз аудиториясын қалыптастырған жас автор. Шағын әңгімелері баспасөз беттерінде жиі жарияланып жүр. Қазіргі қазақ прозасына қосылып жатқан қаламгер шығармалары жазушылық мінезімен ерекше. Небір «дүлдүл» һәм «ұлы» ақындарды тап басып танып, әшкере қылған әйдік әңгімесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Әдебиет • 31 Наурыз, 2020
Француздың әйдік суретшісі Энгрдің салған суреттері өзінің әріптесі месье («monsieur») Сезанға ешқашан ұнамапты. Оның себебін былай түсіндіреді: «Қараңыздаршы, мына картина қалай шебер салынған. Бірақ, ол өлі: онда өмір жоқ. Тек жәй ғана бояулы сурет». Әдебиеттің де әзелгі мақсаты жазушы талантының көркемдік қуатымен жазылған шығарма әмсе шынайы һәм қызыл сөз, қым-қуыт оқиғалардан ада болуы керек-ті. Автордың жазғаны өз басының жан толқынының отты өзеніндей әсер қалдырса, шығарма деңгейін бағамдай беріңіз. Ал сұлу сөзден сөйлем, одан ошағы бар, оты жоқ ұзын-сонар мәтін құраушылардың ауруы белгілі. Талантсыз жазғышбектердің бұл әдет-ауруы шартарапты шарлаған мына коронавирустың ар жақ, бер жағы болып тұр. Жазғыштығы күннен күнге күшейіп, баспадан баспа қоймай кітап шығарып, әдеби ортада етек-жеңі тіпті ауа жайылып барады. Әлқисса. Бүгінгі әңгіме Обломов туралы. Иә, бойына шақ диванда күн ұзаққа еш қамсыз, қаракетсіз сұлап жата беретін жалқау һәм аңғал Обломов туралы.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Соңғы уақыттағы орын алып жатқан төтенше жағдай елдің мәдени һәм рухани өміріне айтарлықтай өзгеріс алып келді. Көптеген ауқымды іс-шаралар кейінге шегерілсе, бірталайы онлайн режімде өтіп жатыр. Осы бір дүрбелең шақта Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының бүгінгі тіршілік-тынысын аңдап көрдік.
Руханият • 26 Наурыз, 2020
BizBirgemiz акциясын қолдайды (видео)
Бүгінгі коронавирус індеті меңдеген қысылтаяң шақта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері әрдайым елмен бірге екендіктерін өз өнерлерімен білдіріп, рухани қолдау көрсетті.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2020
Шартарапты шарлаған коронавирустың күннен-күнге өршуіне байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы сақтық шараларын күшейтуді және тығырықтан шығуға арналған кешенді жұмыстарды тапсырды. Осы орайда Мəдениет жəне спорт министрлігі өнер мен спорттың баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында онлайн нұсқаға көшуіне байланысты өз тарапынан бірнеше жобаны қолға алып отыр.
Руханият • 26 Наурыз, 2020
Бүгінде елорданың Ұлттық академиялық кітапханасы шартарапты шарлаған коронавирусқа байланысты қашықтық режімде оқырмандарға онлайн қызмет көрсетуде. Яғни, қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасы күнделікті 24/7 режімінде жұмыс істеп тұр.
Әлем • 24 Наурыз, 2020
Америкалық әйдік фантаст жазушы Джордж Мартин шартарапты шарлаған коронавирустың өз творчествосына орасан зор пайдасы тиіп жатқанын хабарлады.
Әдебиет • 24 Наурыз, 2020
Еламан Қабділәшім. Менің де алғаш шын сүйгенім – биші еді...
Ақын деген – құбылыс қой жаны ізгі, Биші деген – хордың қызы тәрізді. Уақыт өзі жүрегінде сақтапты – Есенин мен Дункан жайлы аңызды.
Әдебиет • 21 Наурыз, 2020
Жас жазушы Мирас Мұқаштың бұл әңгімесі алғаш жарияланған 2007 жылдары кітапсүйер қауымның жапа-тармағай сүйсіне оқығаны күні кешегідей әлі есте. Өмірде түу шалғайға алыстаса да, көңілде мәңгі сақталған сол бір алғаусыз бала шақ кімнің де болсын сағынышқа толы ең аяулы естелігі. Қайта оралмас сол уақыттарда біреудің қуанышы, біреудің қайғысы, біреудің өкпесі, енді біреудің сағынышы қалды. Бәлки осы үшін де мына жұрт тұнық шақтың бір үзігін «Меруерттен» көре қалып, сағыныса қауышқандай болатыны. Тіптен алғашында-ақ оқығандар автор туралы сөз қозғай қалсаң, бұрынғы «Ащы алма», бертіндегі «Шырғалаң» мен «Ауланы» ауызға алмастан, «Меруертті» ойлап, ескі бір жылдардағы ып-ыстық естелігі есіне мезет түсе қалғандай, көңілі тебірене босап, бір сұмдық күй кешеді. Дәстүрлі баяндауға құрылған әңгіме анау айтқандай классикалық шығарма атанбаса да, «Меруертті» оқығанның һаммасы Меруертті ұмытпайды. Сәл асыра сілтеп айтсақ, жымиғанда бетінде сәл ғана шұңқыр пайда бола қалатын нәркес көзді қыздарды кезіктірсең, Меруерт емес пе екен деп елеңдейсің. Шынында, автор сол бір бейнені кездестірді ме екен?..