Экономика • 02 Сәуір, 2020
Сыр диқандары соя өсіруге ден қойды
Биыл облыста 183,1 мың гектарға егіс егу межеленіп отыр. Көктем ерте шығатын оңтүстік аудандар қазірдің өзінде кейбір дақылдарды себуге кірісіп кетті. Ал өңірдің бренді күріш сәуірдің соңғы онкүндігінде егіле бастайды. Аймақта күріш егудің оңтайлы мерзімін Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты жасап шықты.
Коронавирус • 01 Сәуір, 2020
Қызылорда: Індет жұқтырғандар саны 25 адамға жетті
Бүгін түстен кейін Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам анықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметовтің айтуынша 28 жастағы жігіт алдында вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар қатарында оқшауланған екен.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Қызылорда: Облыс әкімі тосқауыл бекетінің жұмысымен танысты
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бүгін «Шиелі-Қызылорда» тас жолына қойылған тосқауыл бекетіне барып, ондағы карантин жағдайында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Қызылорда облысы: Қазалы ауданына кіретін жолдарға тосқауыл бекеті қойылды
Жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында бүгін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолынан Әйтеке би кентіне кірес беріс жолдарға тосқауыл бекеті қойылды. Бұл турлы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Онлайн режимде кездесіп, бейнебайланыс арқылы тілдеседі
Коронавирустық инфекцияның белең алуына байланысты қатаң режимдік тәртіпке көшкен ЗК-169/1 мекемесінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Қоғам • 01 Сәуір, 2020
Онлайн оқыту: 6443 компьютер жеткізілді
Сыр өңірінде 293 мектеп бар. Оның 58-і Қызылорда қаласында, қалғандары аудан орталықтары мен ауылдарда. Қазір осы мектептерде 162 мың бала білім алып жатыр. Білім және ғылым министрлігі әзірлеген алгоритмдер арқылы облыстық білім басқармасы осы балаларға онлайн оқытуды тиімді ету жолдарын зерттеді. Нұсқаулыққа сәйкес әр өңір өз мүмкіндігіне және оқушы санына қарай жағдайды реттеп отырады.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Қызылорда: Тағы 6 адамның бойынан вирус табылды
Қызылода облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 24 адамға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Қалаға кіріп-шығуға тыйым салынды
Қызылордада коронавирус белгісін жұқтырған алғашқы тұрғын 28 наурызда анықталған еді. Іле-шала Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп келген 65 жастағы осы тұрғынның денсаулығын тексерген емханадағы медбикенің де індетке шалдыққаны белгілі болды. Ал 30 наурыз күні бойы вирус белгісі табылған тағы 3 тұрғын тіркелді.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2020
Төтенше жағдай: Әкімдер той тойлап жүр
Төтенше жағдай кезінде спорттық, ойын-сауық, сондай-ақ отбасылық, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Соған қарамастан үйлерінде той жасап жүргендер кездесіп қалады. Дәмхана, мейрамханалар қожайындарының да талапты айналып өтуге тырысатыны байқалады. Бұл туралы бүгін облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Айтбайұлы брифингте хабарлады.
Коронавирус • 31 Наурыз, 2020
Қызылорда: Бір үйден 8 адамға вирус жұққан
Бүгін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында тіркелген 8 науқас бір үйдің адамдары болып шықты. Осыған байланысты аудан карантинге жабылып, тиісті шаралар қолға алынды