Аймақтар • 18 Наурыз, 2021
Қызылорда облысынан Қалқай ишанның мөрі табылды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақмешіт филиалы жаңа бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 18 Наурыз, 2021
Қызылордада «Қазақ радиосы» көшесі бар
Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Қызылорда қаласындағы бұрынғы «Саяхат 11» көшесіне «Қазақ радиосы көшесі» атауын беру туралы тарихи шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Қаржы салуды қажетсінетін сала
Жалпы әлемде туризмнен табыс тауып отырған мемлекет көп. Біздегідей қазба байлығы болмаса да туристік қызмет көрсету саласын жақсы меңгерген елдер аштан өліп, көштен қалып жатқан жоқ. Керісінше көп жағынан бізден озық тұр. Былтыр басталған пандемия бұл салаға едәуір салқынын тигізгені рас. Бірақ бұл алда жаһан кезгендер керуені тоқтап қалады деген сөз емес. Бұл бағытта біздің елде де тәуір бастама бар. Ел Үкіметі бекіткен саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған бағдарламасында осы мерзім ішінде жалпы ішкі өнімдегі туризм үлесін 8 пайыздан кем қылмау тапсырылған.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Қармақшы ауданында 6 медициналық автокөлік алынды
Індеттің алдын алу шаралары аясында былтыр бюджет пен демеушілер есебінен Қармақшыдағы медицина мекемелеріне 6 автокөлік алынды. Ақжар ауылдық дәрігерлік емханасы мен Шипагер дәрігерлік емханасына бір-бір автокөліктен, орталық емханаға 1 жылжымалы медициналық кешен және 3 автокөлік табысталды.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Мұз жару жұмыстарын жүргізу үшін келісім шарт жасалды
Сырдария өзенінде мұз жару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемемен 10 млн теңгеге келісім шарт жасалды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөлімінің басшысы Ағайша Сматова мәлімдеді.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
Қызылордалық полицейлер «делдалдықпен» айналыса ма?
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбектің Қызылордадағы заңсыздықтар туралы жазбасы жиілеп кетті. Жақында фейсбуктегі парақшасы арқылы облыстық Полиция департаментіне үндеу жариялаған заңгерге жергілікті құқық қорғаушылардың да айтар уәждері бар екен.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
Елді елге, жолды жолға жалғаған
Бір жүрген жан азабын оңайлықпен ұмыта қоймайтын «Қызылорда – Жезқазған» жолы еліміздің оңтүстік аймақтарын орталықпен байланыстырып тұрған ұлы сорап. Республикалық маңызы бар трасса деген аты ғана, көп жылдан бері жөндеу көрмеген жолдың кейбір үзіктерінде ертеде төселген асфальттың жұқанасы ғана қалған. Жезқазғанға дейінгі 400 шақырымның әр бұрылысын жаттап алған жүргізушілердің айтуынша, күре жолдың Қызылорда облысына қарасты бөлігінің жағдайы жаман емес. Ал 120 шақырымдық аумаққа тіпті қиыршық тас та төселмеген, көктем мен күзде жол табаны ми батпаққа айналып шыға келеді.
Қоғам • 16 Наурыз, 2021
Тезге сынбаған, рухын шыңдаған
Қызылордалық Олжас Ақсейітов мемлекеттен қолдау тауып, жас кәсіпкерлердің қатарына қосылды. Мүмкіндігі шектеулі жас пейнтбол спорт орталығын ашып, замандастарының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасауда.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2021
«Телефон террористі» оқушы болып шықты
Осы жылдың 11 наурыз күні сағат 11.30 шамасында ұялы телефоннан Арал аудандық №3 өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалынып, «Ғимаратта бомба бар» деген хабарлама түскен. Қоңырау шалушының ұялы байланыс нөмірі анықталған. Қазір аталған дерек бойынша іс қозғалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Наурыз, 2021
Ауыз сумен қамтудың ауқымы кеңейді
Тұрғындарды ауыз сумен қамту Сыр бойындағы шешімін тапқан басты мәселелердің қатарында тұр. Орталықтармен қатар шалғайдағы елді мекен тұрғындары да судан зәрулік көріп отырған жоқ. Өткен айда ел алдында берген есебінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақ тұрғындарының 97 пайызы орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылғанын айтып өткен еді.