Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1642 материал табылды

Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Қызылордада жыл басынан бері кәсіпкерлер палатасы 209 сертификат берді

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты. Жыл басталғалы палата мамандары бизнес өкілдеріне 209 сертификат тапсырған, деп хабарлайды Egemen.kz 

Аймақтар • 15 Ақпан, 2021

Гүлшара Әбдіқалықова ардагерлермен кездесті

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылы ардагерлерімен кездесті.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2021

Қызылордада темір жол паркі пайдалануға берілді

Бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов облыс орталығындағы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралады. Аралауда алдымен қайта жаңғыртудан өткен Темір жол паркінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2021

Қызылордалық оқушылар халықаралық байқаудан қос жүлде алды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары халықаралық  «World Art Games» онлайн байқауында қос жүлдеге ие болды, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 15 Ақпан, 2021

Қызылордалық жүргізуші 7 айда 181 мәрте жол ережесін бұзған

11 ақпанда «Борышкер» іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, прокуратура өкілдері және сот орындаушылары бірлескен рейдте 34 жастағы облыс тұрғынының басқаруындағы ресейлік нөмірлі жеңіл автокөлікті ұстады. Ол бірнеше ай ішінде жылдамдық режимін 181 мәрте бұзған, деп хабарлайды Egemen.kz  

Тарих • 14 Ақпан, 2021

Сыр бойында сан ғасырдың ізі бар

Көне тарих парақтарында Сыр бойына қатысты дерек көп. Ең алғаш қалалық өркениет осы өңірде пайда болған. Қазір есте жоқ ескі заманда қорғаны көк тіреген, сән-салтанаты келіскен шаһарлар орнынан табылып жатқан жәдігерлер осыны айғақтайды.

Аймақтар • 13 Ақпан, 2021

«Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасы жүзеге асырылады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесіне орай облыстық басқармалар мен салалық мекемелер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы негізінде «Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 12 Ақпан, 2021

Түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Сыр өңірінде індеттің жаппай таралуының алдын алуға қатысты іс-шаралар жоспарға сай атқарылып жатыр. Соңғы күндердегі эпидемиялық ахуалға тоқталар болсақ, індет белгі берген уақыттан бастап бүгінге дейін 3 675 науқас тіркеліп, оның 3 551-і емделіп шыққан. Соңғы тәулікте бойынан вирус белгісі табылған тағы 9 адам анықталды. Оның төртеуі облыс орталығынан болса, Қазалы мен Сырдария аудандарынан – екеуден, Шиеліден 1 адам тіркеліп отыр. Осы күні инфекциялық стационарда 27 науқас бар, оның екеуі жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2021

Қызылордада Конго-Қырым қызбасының алдын алу шаралары пысықталды

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті. Кезекті отырыста көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық пен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары туралы мәселелер қаралды.

Экономика • 11 Ақпан, 2021

Шыны зауытының шырғалаңы қашан бітеді?

Әңгіменің әлқиссасы сонау 2008 жылдан басталады. Осы жылы Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында біріккен кәсіпорындар туралы жасалған келісімге Қызылордада салынатын шыны зауыты құрылысы енеді. Бірақ жобаның жолы ә дегеннен бола қойған жоқ, белгілі-белгісіз себептермен басталуы кейінге шегеріле берді. Тек осыдан 6 жыл бұрын іргетасы қаланып, өңір тұрғындары құны қымбат бастаманың келешегінен көп үміт күтті. Сол сәттен бас тап үздіксіз айтыла бастаған батыл болжамдар осы үміт отын одан әрі үрлей түскендей болып еді.