Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1642 материал табылды

Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

Қызылордада экологиялық мәселелерді шешуге арналған жобалар талқыланды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халықаралық Аралды құтқару қорының еліміздегі атқарушы дирекциясы директоры Болат Бекниязбен кездесті. Кездесуде Аралды құтқару қорының Арал өңірінің әлеуметтік және экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған жобалары мен бағдарламалары сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

Қызылордада бау-бақша орталығы ашылды

Қызылордада «Жаса Агро» деп аталатын бау-бақша орталығы ашылды. Ғылымды кәсіпке айналдыруға болатынын дәлелдеп жүрген ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосановтың бұл бастамасы жергілікті бағбандар үшін тиімді болып отыр.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

Сырдария биыл да сарқылып тұр

Көктем жақындағаннан-ақ Сырдағы егінші қауымның қарбаласы көбейеді. Оның үстіне соңғы уақытта өзен арнасының төмендеп келе жатқаны диқанның көңіліне дүдәмәл түсіріп тұр. Әсіресе, жер бетіне қылтиып шыққаннан суда тұратын күріш егістігінің ертеңі бұлыңғырлау.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды

Қызылордада өтіп жатқан «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция департаменті қызметкерлері облыс орталығында көрінеу жалған мемлекеттік белгі таққан 2 көлікті анықтады.

Экология • 02 Наурыз, 2021

Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ

Елімізде осы жылдың 1 шіл­десінен бастап жаңа Экологиялық кодекс қолданысқа енгізіледі. Мамандар бұл кодекс коршаған ортаның жай-күйін жақсарту бағытындағы бастамаларға үлкен серпін беретініне сенімді.

Экономика • 02 Наурыз, 2021

Құс шаруашылығы қолдау күтеді

Бұрынғы кезді қайдам, Сыр бойында соңғы 20-30 жылдың бедерінде алға баспай қойған саланың бірі – құс шаруашылығы болып тұр. Осыдан да қазір облысқа құс еті мен жұмыртқа сырттан тасымалданады. Ал «Кісідегінің кілті аспанда болатыны» қашаннан белгілі ғой. Сырттан келетін өнім сәл іркілсе, базар мен дүкен бағасы аспандап шыға келетініне үйрендік.

Аймақтар • 01 Наурыз, 2021

Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады

Наурыз айының бірінен бастап көктемгі мерзімді әскерге шақыру басталады. Сыр өңірінен көктемде Отан алдындағы борышын өтеуге 700-ге азамат әскерге барады. Басты ерекшелік, қарым-қатынасты азайту мақсатында 18 бен 27 жас аралығындағы шақырылушыларға 1414 сервис қызметі арқылы SMS-хабарламалар жіберіледі.

Аймақтар • 01 Наурыз, 2021

Қызылорда облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өрт салдарынан нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына барып, көңіл айтты.

Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Су тапшылығы мәселелері талқыланды

Бүгін Қызылорда облысына Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов, Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан азаматқа қысқа мерзімді кездесуге келген танысының сәлемдемесінің арасынан есірткі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz