Аймақтар • 31 Қазан, 2020
Қызылордада кинотеатрлар жұмыс істей бастайды
Бұл туралы бүгін облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова хабарлады. 2 қараша күні күшіне енетін №25 қаулыға сәйкес кинотеатрлар ашылып, облыстық командалардың оқу-жаттығу жиындарына рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қазан, 2020
Азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен тұрғындарды азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2020
Кеше Арал ауданының Қаратерең ауылы тұсында аңға шыққан Ақтөбе қаласы тұрғынының хабарсыз кетіп, оны төтенше жағдай, жергілікті полиция мен аудан әкімдігінен жасақталған топ іздеп жатқандығын хабарлаған едік.
Аймақтар • 30 Қазан, 2020
Қызылордада "Hi-tech" іс-шарасы барысында интернет-алаяқ ұсталды
Соңғы кездері интернет алаяқтар әлеуметтік желілерде, соның ішінде Telegram, Facebook, Instagram-да белсенді болып, жалған боттар жасау арқылы қолданушылармен хат алмасып, олардың сеніміне кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2020
Арал ауданында аңға шыққан тұрғын іздестірілуде
Қызылорда облысының Арал ауданында төтенше жағдай мамандары мен полиция, жергілікті әкімдік қызметкерлері аңға кетіп, оралмаған адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2020
Балық шаруашылығын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарлама таныстырылды
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға аймақта балық шаруашылығын дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы таныстырылды. Аталмыш бағдарлама Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 29 Қазан, 2020
Бюджеттің әлеуметтік сипаты басым
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу екенін алға тартқан болатын. Президент атап өткендей, «орталық пен өңір» арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару қажет. Өз кезегінде, мұндай қолдау аймақтардың бюджетін өрістетіп, оның әлеуметтік сипатқа бағытталуына да серпін берері сөзсіз.
Аймақтар • 28 Қазан, 2020
Қызылордада сала үздіктері марапатталды
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова онлайн режимде өткен "Алтын дән-2020" шарасына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 28 Қазан, 2020
Жуырда Қызылорда облыстық Полиция департаменті осы жылдың 9 айындағы жұмысын қорытындылады. Жыл басынан бері тіркелген қылмыстық құқықбұзушылық былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға төмендеген. Қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған қылмыстардың да азайғандығы байқалады. Топ болып, сонымен қатар мас күйінде тәртіп бұзатындар да сиреген.
Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Жоғалған бала 12 сағатта табылды
Кеше Қазалы ауданының 32 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған ұлының үйінен шығып кетіп, қайта келмегені туралы полицияға хабар беріпті. Бұл туралы хабарлама бірден әлеуметтік желілерде жарияланды.