Қоғам • 28 Наурыз, 2022
Балалар аутизмі: Әлеуметтендірудің әлегін әркім біле бермейді
Кез келген ата-ананың өмірлік мұраты – ұрпағын аяқтандырып, өз бетімен өмір сүре алатын, «өз қолы өз аузына жететін» бала тәрбиелеу. Өкінішке қарай, елімізде өзге балалармен ойнамайтын, қарым-қатынас орнату қабілеті бұзылған, әлеуметтік ортаға бейімделмеген балалардың қатары көбейіп барады.
Экономика • 15 Наурыз, 2022
Утиль алымы: Елдің сөзін естіп тұрған ешкім жоқ
Еліміздегі Бірінші несие бюросының мәліметіне сүйенсек, былтыр отандастарымыз бас-аяғы 1,1 трлн теңге автонесие ресімдепті. Небәрі 3 млн азаматтың ғана несиесі жоғын ескерсек, қарызға батып отырған қазақстандықтар үшін бұл аз ақша деп айта алмаймыз. Мұндайда онсыз да жыртығын жамай алмай отырған халық неліктен соншама көп қаражатқа көлік ресімдеді деген заңды сауал туындайды. Оның жалғыз жауабы бар – Қазақстанда көлік қымбат. Ал оны қымбаттатып отырған ең алдымен утиль алымы екені анық.
Медицина • 15 Наурыз, 2022
Томотерапия – қатерлі ісіктің қас жауы
Обыр дерті – жүзден аса түрлі ауруларды қамтиды. Өкінішке қарай, қатерлі ісік дененің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін. Алайда медицина саласының мамандары онкологиялық ауруларды емдеу әдістерін үнемі жетілдіріп келеді. Соның нәтижесінде химиялық, сәулелік терапия және хирургиядан өзге таргетті, иммундық, гормондық терапия сияқты салалар қарқынды дамып жатыр.
Медицина • 14 Наурыз, 2022
Бірегей гидрогель біртіндеп зерттеле бастады
Буын аурулары адамзат баласын кешелі-бері мазалай бастаған дерт емес екені белгілі. Әсіресе қариялардың түн ұйқысын қашырып, егде жастағы азаматтарды, спортшыларды жиі мазалайтын кеселдің бір түрі бұл. Ата-әжелеріміздің маусым ауысқан, не болмаса күн райы бұзылған кездерде сай-сүйегі сырқырап, буын-буынын қымтап әуреленіп жататынын байқаймыз. Осыны ескерген отандық медицина саласының мамандары бұл аурудың алдын алып, дертке дауа іздеу әдістерін жолға қойып отыр.
Қоғам • 07 Наурыз, 2022
Алып дала төсінде ат ойнатқан арғы аталарымыз «адам ұрпағымен мың жасайды» деп еді. Алайда «әлемнің жарығын сыйлаған» ана мен оны аман-есен босандырып алған адам ғана толғақтың машақатын, ұрпақ сүюдің махаббатын сезінеді. Арқа төсінде қаншама ананың алғысын арқалап, нешеме сәбидің кіндігін кескен мұндай асыл адамның, кәсіби маманның бірі акушер-гинеколог, PhD докторы Жанна Әмірбекова дер едік.
Қазақстан • 03 Наурыз, 2022
Қоғам келбеті сауалдама кезінде аңғарылады
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты биыл ақпанда еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік мониторинг жүргізіп, халықтың әлеуметтік жағдайын айқындады. Жуырда аталған институт атқарылған жұмысты қорытындылап, «Қоғам келбеті» жобасының аясында мониторинг нәтижелерін БАҚ өкілдеріне таныстырды.
Қоғам • 02 Наурыз, 2022
Сирек ауруға шалдыққандар баса мән бергенді қажетсінеді
Адамзат баласы жеті қат жер астын зерттеп, аспан әлемін алақанға салғандай анық бақылап отырғанымен, алуан түрлі індет пен ауру-сырқаудан, дерттен арыла алған жоқ. Әсіресе сирек кездесетін орфандық аурулардан айығу оңай болмай отыр. Өкінішке қарай, елімізде 10 мың адамның біреуінде ғана кездесетін мұндай ауруларға шалдыққан балалар саны 13 мыңға жуықтайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл осы мәселені ерекше назарға алып, тиісті тапсырма берді.
Экономика • 24 Ақпан, 2022
Утиль алымы: Қазақстанда құрастырылған техникаға төленбейді
Елімізде утиль алымына қатысты дау-дамай әлі де басылған жоқ. Үкімет мұндай алым түрін 50%-ға дейін төмендеткенімен, оны толық түсінбей жатқан отандастарымыз бар. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында осы мәселе көтеріліп, өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлеріне утиль алымының мөлшерлемесін төмендетуге қатысты орамды ой-пікір айтылды.
Қоғам • 23 Ақпан, 2022
Утиль алымы 50 пайызға төмендеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында Үкіметке утиль алымының мөлшерін қайта қарауды тапсырған еді. Содан бері азды-көпті бір айдан астам уақыт өтті. Арнайы жұмыс тобы құрылып, бірнеше отырыс өткізді. Жан-жақты талдау жасалды.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2022
Утиль алымы: Өндірушіні қолдай ма, тұтынушыны тонай ма?
Автокөлік сән-салтанаттың, байлықтың не болмаса қандай да бір беделдің белгісі болудан әлдеқашан қалды. Бәлкім, автомобиль алғысы келген адамды жылдап кезекке тұрғызатын Кеңес өкіметі кезінде солай болса, болған да шығар.