Аймақтар • 07 Қараша, 2020
Қостанай облысында полиция тергеушісі жол-көлік оқиғасынан көз жұмды
6 қарашада Қарасу ауылында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан полиция тергеушісі қаза тапты. «Лада-Гранта» көлігін мініп келе жатқан 33 жастағы жүргізуші жаяу жүргінші жолағынан өтіп келе жатқан полиция қызметкерін қағып кеткен. Ауыр жарақат алған полиция капитаны Светлана Исаева ауруханаға жеткізіліп, бүгін таңертең көз жұмды.
Үкімет • 06 Қараша, 2020
Қостанай облысында санитарлық режімді күшейтуді тапсырды
COVID-19-дың таралуына жол бермеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 06 Қараша, 2020
Қостанай облысында кітапхана, музей, галереяларға, сондай-ақ өнерсүйер қауым көп жиналатын көрмелерге 65 жастан асқан адамдардың бас сұғуына тыйым салынды. Мәдени нысандарға келушілердің саны 30 адамнан аспауы тиіс.
Руханият • 06 Қараша, 2020
Шығыс мәдениетінің І республикалық фестивалі
Қостанай облыстық ассамблеясы ұйымдастырған мәдени онлайн іс-шараға Қостанай, Тараз, Ақтау, Орал, Павлодар қалаларының шығармашылық ұжымдары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды шара әр өңірдегі өнер ұжымдарының шығармашылық әлеуетінің артуына, сонымен қатар өзара мәдени байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Білім • 06 Қараша, 2020
Оқушыларға 21 мың компьютер тапсырылды
Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсаны да аяқталып, оқушылар қарашаның 5-інен 14-іне дейін онкүндік демалысқа шықты. Бірінші тоқсанда Қостанай облысындағы 337 мектепте 22 мыңнан аса бала сыныпта білім алды. Бұған қоса ата-аналардың өтініші бойынша 157 мектепте 15 балаға дейінгі кезекші топтар жұмыс істеді. Ал қалған 63 мың оқушы «Күнделік», «Onlinemektep», «Еdupage», «Zoom» платформалары бойынша қашықтан оқыды.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Жемқорды отанын сатқан опасызбен теңестіру керек
Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында осылай деді.
Аймақтар • 05 Қараша, 2020
Қазақстанның тағы бір қаласына блокпосттар қойылады
Қараша кіргелі Қостанай облысында эпидемиялық ахуал ушығып, коронавируспен ауырған науқастардың саны күн санап өсіп барады. Індеп етек алып бара жатқан індеттің бетін қайтару мақсатында облыстық жедел штаб 9-қарашадан бастап карантин шараларын 2 апта мерзімге қатайту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Қараша, 2020
Ыбырай Алтынсарин ескерткіші ашылды
Қостанай қаласының орталығында, Ы.Алтынсарин мен Л.Толстой көшелерінің қилысындағы ашық алаңда ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин ескерткіші ашылды. Ұлы ұстаздың 180 жылдығы қарсаңында бой көтерген ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, ыбырайтанушы ғалымдар, өңір зиялылары мен ардагер ұстаздар қатысты.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Қостанай облысында карантин талабы қатая түсті
Қостанай облысында кітапхана, музей, галереяларға, сондай-ақ, өнерсүйер қауым көп жиналатын көрмелерге 65 жастан асқан адамдардың бас сұғуына тыйым салынды. Мәдени нысандарға келушілердің саны 30 адамнан аспауы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Қараша, 2020
Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне жаңа басшы тағайындалды
ERG құрамындағы "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен акционерлік қоғамның президенті қызметіне Валерий Иванович Гриненко тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.