Оқиға • 10 Қараша, 2020
Санитарлық талапқа салғырт қарауға болмайды
Қостанай облысында 12 санитарлық бекет жұмыс істей бастады. Оның төртеуі Ресеймен шектесіп жатқан Қарабалық, Ұзынкөл, Бейімбет Майлин аудандарындағы шекара бекеттеріне, үшеуі облыс орталығына кіретін жолдарға, төртеуі Қостанай ауданына, ал біреуі Жітіқара қаласының кіреберісіне қойылды.
Аймақтар • 10 Қараша, 2020
Лисаков қаласында тұратын Алексей Сычуговтың есімі бүгінде бүтін Қостанай өңіріне белгілі. Туабітті дерт дендеп ажал аузында жатқан үш жасар бейтаныс балаға бауыр етін бөліп беріп, өлімнен арашалап қалған жас жігіттің ерлігіне былтыр бүкіл ел сүйсініп, еріксіз таңғалысқан.
Аймақтар • 10 Қараша, 2020
Дәрі-дәрмектің тұтынушыға жетуі маңызды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өңірге жұмыс сапарымен келген болатын.
Руханият • 10 Қараша, 2020
Кең даланың киесі киіктер көбейіп келеді
Қостанай облысында мемлекеттің айрықша қамқорлығына алынған екі аймақ бар. Оның бірі – әйгілі Наурызым қорығы, екіншісі – Амангелді, Жангелдин аудандарының аумағында орналасқан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты. 490 мың гектарға жуық аумақты алып жатқан резерваттың заңды мәртебесі мемлекеттік қорықтармен теңеседі. Бас кеңсесі – Амангелді кентінің орталығында.
Оқиға • 10 Қараша, 2020
Қостанай облысындағы сары бидайымен аты шыққан Сарыкөл ауданының орталығындағы абаттандыру жұмыстары биыл жаз бойы толастаған жоқ. Мәселен, орталық алаңдағы Тәуелсіздік монументі мен Даңқ қабырғасын күрделі жөндеу жұмыстары таяуда ғана аяқталып, жаңа кейіпке енген келісті ескерткіштер ауылдың ажарын аша түсті.
Руханият • 10 Қараша, 2020
Жақсылардың жанында жүру де бір ғанибет
Жақсымен бірге өткізген жарты сағаттың өзі бір ғанибет қой. Жаның тазарып, ойың сергіп, рухани дүниең байып қалады. Таяуда көкірегі көмбе қарт журналист, тележурналистика саласына қырық жылға жуық еңбек сіңіріп, ұлттық телевизияның қалыптасып, дамуына бүкіл жастық жігері мен қарым-қабілетін сарп ете жұмсаған белгілі журналист Қажы Қорғанұлымен арада болған бір сәттік әңгімеден кейін осындай ой түйдік.
Аймақтар • 09 Қараша, 2020
Қостанай облысында аурухана өртеніп жатыр
Федоров аудандық ауруханасының шатыры өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Қараша, 2020
Қостанай облысының полиция департаментінде аймақта тұрып жатқан азаматтардың құқықтық мәртебесін реттеу мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынға Адам құқықтары және заң тәртібін сақтау жөніндегі халықаралық бюро филиалының директоры Махаббат Ахметбекова, жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Жеңіс Бисембаев, сондай-ақ көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев бастаған көші-қон қызметінің өкілдері қатысты.
Экономика • 09 Қараша, 2020
Қостанай облысында онлайн-байланыс режімінде ауылшаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі өтті. Жылдағыдай салтанатты сарайға сахна құрып, салиқалы кеңес құрмағанымен, биылғы іс-шараға барлық аудан басшылары мен диқандардың төрт көзі түгел қатысып, еңбек озаттары марапатталды.
Аймақтар • 07 Қараша, 2020
Қостанай облысы сапалы жолдардың үлесін 95%-ға жеткізуді көздеп отыр
Қостанай облысында биыл Әулиекөл, Алтынсарин, Федоров аудандарына қарасты бірқатар елді мекендерге газ құбыры тартылып, тұрғындар алты ай қыс көмір тасып, пеш жағып, күл шығару сияқты күйбің тұрмыстың күнделікті бейнетінен арылды. Көгілдір отын жыл соңына дейін тағы бірнеше ауылға жететін болады.