Оқиға • 09 Сәуір, 2021
Қостанай облысының өндірісі өрістеген шаһарларының бірі Лисаковта жаңа теннис орталығы пайдалануға берілді. Айналасы ат шаптырымдай алып спорт нысанының іргетасы 2020 жылдың басында қаланған. Мердігер компания қысқа мерзім ішінде құрылыс жұмыстарын түбегейлі аяқтап, тұрғындардың игілігіне өткізіп берді. Енді заманауи талапқа сай жабық орталықта балғындар жыл он екі ай бойы теннис спортымен шұғылдану мүмкіндігіне ие болып отыр.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Науырзым қорығында жыл сайын сәуір айында «Жыл құсын» таңдау дәстүрге айналған. Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы мен құстарды қорғау одағының ұйтқы болуымен 15 жылдан бері үзілмей келе жатқан дәстүрлі шара барысында биылғы «Жыл құсы» таңдауы «Қызыл кітапқа» енген қызғылт бірқазанға түсіп отыр.
Технология • 09 Сәуір, 2021
«Ashyq» – уақыт талап еткен жоба
Сәуірдің соңына дейін еліміздің барлық өңірінде «Ashyq» мобильді қосымшасы қолданысқа енгізілуі тиіс. Жобаны жүзеге асыру арқылы Қостанай облысында карантин кезіндегі шектеулерден кейін жұмысын әлі дұрыс бастай алмай жатқан 200-ден астам кәсіпорынның өз қызметін қайта жандандыруына жол ашылып отыр.
Тарих • 08 Сәуір, 2021
Тобыл өңіріндегі нәубеттің басы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласы өткен ғасырдың басында қазақ даласын қансыз қасапханаға айналдырған алапат аштық туралы архив мекемелерінде сарғайып жатқан мәліметтерді жан-жақты зерттеп, зерделеу ісіне қозғау салды. Осыдан 100 жыл бұрын қазақты қынадай қырып кеткен ұлы нәубет сол кездегі Қостанай губерниясына да жойқын зардабын тигізгендігі анықталып отыр.
Оқиға • 07 Сәуір, 2021
Башқұртстан астанасы Уфа қаласында өткен «Зов Урала» атты оркестрлер және ұлт аспаптар ансамбльдерінің халықаралық байқау-фестивалінде Қостанай облысы Алтынсарин ауданының «Мұрагер» қазақ ұлт аспаптар ансамблі топ жарды.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2021
Қостанайлық құтқарушылар вакцина салдырды
Қостанай облысында төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе ала бастады.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2021
Ел тірегі – Елбасы акциясы қолдау тапты
ERG компаниясы Еуразиялық Топ құрамындағы кәсіпорындар орналасқан Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға 11 000 азық-түлік себетін жеткізбек.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының болжамынша, күн райы күрт жылып кетсе, қар көбесі сөгіле қоймаған Қостанай өңіріндегі 95 елді мекенді тасқын су басып қалуы мүмкін.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2021
Қостанайда көпқабатты үйден өрт шықты
Қостанайдағы Абай даңғылының бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықаны туралы суыт хабар қалалық өрт сөндіру қызметіне 2 сәуір күні таңғы сағат 4:42-де келіп түскен. Дереу дабыл соғылып, 6 арнайы техникаға мінгескен 27 құтқарушы оқиға орнына аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz
Өнер • 02 Сәуір, 2021
Қостанайда күйші Назымбек Молдахметовты еске алу кеші өтті
Қостанайда облыстық қазақ ұлттық оркестрінің негізін қалаған Еңбек сіңірген қайраткері, шебер күйші, кәсіби дирижер Назымбек Молдахметовті еске алуға арналған «Домбырамның назы» атты кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz