Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1659 материал табылды

Абай • 21 Қазан, 2020

Абайды іздеген қыз

Қостанай облысы полиция департа­ментінің қызметкері, аға лейтенант Кира Гартман екі тілде еркін сөйлейді. Ұлы Абайдың бірсыпыра өлеңдері мен қара сөздерін де мүдірмей, нақышына келтіріп жатқа оқиды. Өзінің айтуынша, тілін орысша ашқан кішкентай Кира кейін мемлекеттік тілге ден қойып, телеарналардан қазақ тіліндегі фильмдер мен концерттік бағдарламаларды тамашалауды әдетке айналдырған.

Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Қостанайда "Біз болмасақ, сіз барсыз" атты іс-шара өтті

Қостанайда ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туған күніне арналған "Біз болмасақ, сіз барсыз" атты онлайн-дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Қостанай «ақылды» қалаға айналады

Ірі қалаларды тұрғындардың қолайлы болуына орайластырып, тұрмыс-тіршілікке ыңғайлы әрі қауіпсіз, таза мекенге айналдыруды көздейтін «Smart City» тұжырымдамасы бойынша Қостанайда 15 ауқымды жоба қолға алынып отыр. Бүгінге дейін оның 8-і жүзеге асырылып, ел игілігіне қызмет ете бастады. Ал алдағы уақытта іске қосылуы тиіс 7 жобаның мәселесі облыс әкімдігінде өткен жиында талқыланды.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Қостанайда екі бірдей жасырын казино әшкере болды

Қостанай облыстың экономикалық тергеу департаменті мен «Қыран» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері облыс орталығында астыртын жұмыс істеп келген екі бірдей казиноны әшкерелеп отыр. Ұсталғандар қаланың екі ауданынан ғимарат жалдап, түрлі құмар ойындарын ұйымдастырып келген. Жасырын казинолар әр ойынға кем дегенде 10 мың теңгеден артық ақшасы бар үш ойыншыдан ғана жіберіп, ойын шарты туралы ауызша келісім жасасып отырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Қостанайда Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған ағаш көшеттері отырғызылды

Қостанайлық ерікті жастар Тобыл өзенін бойлай өскен  қалың ағаштың бір бұрышын қазақтың айбынды батыры, қаһарман жазушы Бауыржан Момышұлы атындағы саябаққа айналдырмақ. Қазір бұл жерде бұрыннан өсіп тұрған кәрі ағаштар шіри бастаған соң кесіліп, өзен жағалауын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Еріктілер ашық қалған алаңға аты аңызға айналған батырдың 110 жылдығына арнап жас қайың көшеттерін отырғызу туралы ұсыныс тастаған екен, жастардың бұл бастамасы қала әкімдігінің де көңілінен шығып, қолдау тауып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Қостанай облысында шектеу шаралары енгізіледі

Коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысын өткізген аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай облысында 20 қазаннан бастап шектеу шаралары енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Қазан, 2020

Қостанайда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қала орталығында бүгін таңғы тоғыз болмай ашылған жаппай сауда алаңында негізінен ет, картоп, көкөніс, сүт пен жұмыртқа, ұн өнімдері сатылды. Азық-түлік бағасы нарықтағыдан едәуір төмен. Өйткені тұтынушы өнімді ешбір делдалсыз тауар өндірушінің қолынан тікелей сатып алады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 16 Қазан, 2020

Экологиялық қылмыс өршіп тұр

Қостанай облысында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы басталды. Екі күннен бері облыс аумағында 22 мобильді топ рейд шараларын өткізуде. Әр мобильді жасақтың құрамында табиғат қорғау полицейлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, орман шаруашылығы және басқа да мүдделі қызметтердің мамандары бар.

Ауыл • 16 Қазан, 2020

Қараусыз мал қамауға алынады

Қостанай облысының мәслихат депутаттары мал ұстауға қатысты жаңа ереже қабылдады. Енді қарау­сыз жайылып жүрген жануардың иесі әкімші­лік жауапкершілікке тартылып, 8 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайтын болады.

Аймақтар • 15 Қазан, 2020

Толғақ қысқан әйел ауруханаға автопатрульмен жетті

Полицияның арнайы автопатруль жасағына күнделікті тұрмыс-тіршілік барысында кейде жедел жәрдем көлігінің қызметін атқаруға да тура келіп жа­та­ды. Таяуда Тобыл қаласының полицейлері дәл осындай жайт­қа тап болды.