Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1693 материал табылды

Қоғам • 23 Қазан, 2020

Азық-түлік құны артты

Қостанайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің қымбаттағаны байқалады. Орталықтағы көкбазарға барып, 5-6 адамды әңгімеге тартып көріп едік, көбінің қазіргі бағаға көңілі толмайтын болып шықты. Тұтынушылар соңғы екі апта ішінде жұмыртқа, қант, өсімдік майының бағасы едәуір көтеріліп кеткенін айтты.

Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Қостанайда "Жомарт жүрек" сыйлығы табыс етілді

"Жомарт Жүрек" сыйлығы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тағайындаған бірегей жоба. Басты мақсат - мақсат қайырым мен ізгілік бастамаларын, меценаттар мен еріктілер қызметін насихаттау. Аталмыш сыйлық өздері туып-өскен өңірдің гүлденуіне елеулі үлес қосқан бизнес өкілдеріне, меценаттарға, ҮЕҰ өкілдері мен волонтерларға таблыс етілді.

Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Қостанай облысында өрістегі малды атып алған аңшылар ұсталды

Қостанай облысында өрісте жүрген жекеменшіктің сиырын атып, тең бөліп алған аңшылар ұсталды. 2020 жылғы 8 қазанда Науырзым ауданының полиция бөліміне Дәмді ауылынан 15 шақырым жердегі жайылымда жергілікті тұрғынға тиесілі ірі қараның терісі табылғаны туралы хабар келіп түскен. Шығын көлемі – 300 мың теңге.

Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Науырзым ауданында қымбатқа сатылуда

Қостанай облысына қарасты 70-тен астам елді мекенге табиғи газ келіп тұр. Ал 459 ауыл алты ай қыс көмір жағып шығады. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары аймақ тұрғындарының қыстан қысылмай шығуы үшін 273 мың 196 тонна тас көмір кетеді деп отыр.

Абай • 21 Қазан, 2020

Абайды іздеген қыз

Қостанай облысы полиция департа­ментінің қызметкері, аға лейтенант Кира Гартман екі тілде еркін сөйлейді. Ұлы Абайдың бірсыпыра өлеңдері мен қара сөздерін де мүдірмей, нақышына келтіріп жатқа оқиды. Өзінің айтуынша, тілін орысша ашқан кішкентай Кира кейін мемлекеттік тілге ден қойып, телеарналардан қазақ тіліндегі фильмдер мен концерттік бағдарламаларды тамашалауды әдетке айналдырған.

Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Қостанайда "Біз болмасақ, сіз барсыз" атты іс-шара өтті

Қостанайда ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туған күніне арналған "Біз болмасақ, сіз барсыз" атты онлайн-дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Қостанай «ақылды» қалаға айналады

Ірі қалаларды тұрғындардың қолайлы болуына орайластырып, тұрмыс-тіршілікке ыңғайлы әрі қауіпсіз, таза мекенге айналдыруды көздейтін «Smart City» тұжырымдамасы бойынша Қостанайда 15 ауқымды жоба қолға алынып отыр. Бүгінге дейін оның 8-і жүзеге асырылып, ел игілігіне қызмет ете бастады. Ал алдағы уақытта іске қосылуы тиіс 7 жобаның мәселесі облыс әкімдігінде өткен жиында талқыланды.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Қостанайда екі бірдей жасырын казино әшкере болды

Қостанай облыстың экономикалық тергеу департаменті мен «Қыран» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері облыс орталығында астыртын жұмыс істеп келген екі бірдей казиноны әшкерелеп отыр. Ұсталғандар қаланың екі ауданынан ғимарат жалдап, түрлі құмар ойындарын ұйымдастырып келген. Жасырын казинолар әр ойынға кем дегенде 10 мың теңгеден артық ақшасы бар үш ойыншыдан ғана жіберіп, ойын шарты туралы ауызша келісім жасасып отырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Қостанайда Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған ағаш көшеттері отырғызылды

Қостанайлық ерікті жастар Тобыл өзенін бойлай өскен  қалың ағаштың бір бұрышын қазақтың айбынды батыры, қаһарман жазушы Бауыржан Момышұлы атындағы саябаққа айналдырмақ. Қазір бұл жерде бұрыннан өсіп тұрған кәрі ағаштар шіри бастаған соң кесіліп, өзен жағалауын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Еріктілер ашық қалған алаңға аты аңызға айналған батырдың 110 жылдығына арнап жас қайың көшеттерін отырғызу туралы ұсыныс тастаған екен, жастардың бұл бастамасы қала әкімдігінің де көңілінен шығып, қолдау тауып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Қазан, 2020

Қостанай облысында шектеу шаралары енгізіледі

Коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысын өткізген аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай облысында 20 қазаннан бастап шектеу шаралары енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.