Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1693 материал табылды

Аймақтар • 17 Қазан, 2020

Қостанайда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қала орталығында бүгін таңғы тоғыз болмай ашылған жаппай сауда алаңында негізінен ет, картоп, көкөніс, сүт пен жұмыртқа, ұн өнімдері сатылды. Азық-түлік бағасы нарықтағыдан едәуір төмен. Өйткені тұтынушы өнімді ешбір делдалсыз тауар өндірушінің қолынан тікелей сатып алады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 16 Қазан, 2020

Экологиялық қылмыс өршіп тұр

Қостанай облысында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы басталды. Екі күннен бері облыс аумағында 22 мобильді топ рейд шараларын өткізуде. Әр мобильді жасақтың құрамында табиғат қорғау полицейлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, орман шаруашылығы және басқа да мүдделі қызметтердің мамандары бар.

Ауыл • 16 Қазан, 2020

Қараусыз мал қамауға алынады

Қостанай облысының мәслихат депутаттары мал ұстауға қатысты жаңа ереже қабылдады. Енді қарау­сыз жайылып жүрген жануардың иесі әкімші­лік жауапкершілікке тартылып, 8 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайтын болады.

Аймақтар • 15 Қазан, 2020

Толғақ қысқан әйел ауруханаға автопатрульмен жетті

Полицияның арнайы автопатруль жасағына күнделікті тұрмыс-тіршілік барысында кейде жедел жәрдем көлігінің қызметін атқаруға да тура келіп жа­та­ды. Таяуда Тобыл қаласының полицейлері дәл осындай жайт­қа тап болды.

Қоғам • 15 Қазан, 2020

Жаңа үйге көшкен жұрт жабырқау

Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында былтыр пайдалануға берілген бес қабатты тұрғын үйдің терезелері өзінен-өзі шытынап сынып, сылағы түсіп, қабырғасы ашылып, құбыры жарылып, шатырындағы ауа шығатын мұржалары желге ұшып кетіп жатыр. Жаңа үйге қоныстанғанына бір жыл толмаған көпшілік көмек сұрап қалалық әкімдікке де, үйді тұрғызған «Сыл» серіктестігіне де, пәтер иелерінің тұтынушылар кооперативіне де шағым түсірген. Алайда тұрғындардың жанайқайына ешкім құлақ асар емес.

Саясат • 15 Қазан, 2020

Сайлауалды бағдарламаның жобасы талқыланды

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қостанай облысына барды. Жұмыс сапары барысында Б.Байбек аймақтағы қоғам белсенділерімен және праймериз қатысушыларымен кездесіп, Nur Otan партиясының таяудағы 5 жылға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасының жобасын талқылады.

Қоғам • 15 Қазан, 2020

Шыңғыстың шыңы

Төртінші сынып оқитын қостанайлық Шыңғыс Ағыбаев есту қабілеті за­қым­­данған балалар арасында өткен ха­лықаралық музыкалық онлайн-фестивальдың жеңімпазы атанды.

Аймақтар • 14 Қазан, 2020

Қостанай қаласының 5106 тұрғыны “BIRGEMIZ” қорынан көмек алды

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев таяуда бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша атаулы төлем ұйымдастыруды тапсырғаны белгілі. Бұл мақсатқа «Birgemiz» қорынан 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, біржолғы қаржылай көмекке жұмсалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 14 Қазан, 2020

Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қостанайда жүр

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Қостанай облысына жұмыс сапары жалғасуда. Сапар барысында ол қоғам белсенділерімен және праймериз қатысушыларымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының таяудағы 5 жылға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасының жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Қазан, 2020

Құс фабрикасына қолдау көрсетіледі

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық өңіріне барды. Өңір басшысы жұмыс сапары барысында құс тұмауынан карантинге жабылып, өндірісі тұралап қалған «Агроинтерптица» серіктестігінде болып, кәсіпорында жүргізіліп жатқан санитарлық шаралардың барысымен танысты.