Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2020
Қостанай облысында 342 мың гектар жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға арналған алқаптар ғарыштық мониторингтен өтті. Пилоттық режімде жүргізілген мониторинг қорытындысы облыс әкімдігінде өткен жиында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 22 Қыркүйек, 2020
Қостанайдағы Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Театр төріндегі мерекелік шараға мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, аталмыш сала ардагерлері мен өнер ұжымдары қатысты.
Оқиға • 22 Қыркүйек, 2020
Ғасырлар таңбасы қалған құжаттар
Аймақ тарихын зерттеп жүрген ғалымдар мен өлкетанушылар өз еңбектерінде, көбіне Ресей мемлекетінің архивтерінен алынған тарихи құжаттарға жүгініп жатады. Бұл түсінікті де, себебі төңкеріске дейінгі кезең мен кеңестік дәуірде Қазақстан аумағын басқаруды ұйымдастыру ерекшелігіне қатысты тарихи құжаттардың едәуір бөлігі Ресей мемлекетінде қалды.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2020
Берекенің кілтін бекіреден тапты
Қостанайда Қызыл кітапқа енген қызыл балық – бекіре өсіретін шағын ферма бар. Валентин Ищенко мен Владислав Бобылев осыдан екі жыл бұрын бекіре бизнесін бастамақ болып іске кірісіп кеткен. Содан бері екі жігіт талай сынақ-тәжірибе жасап көрді. Қателіктерге де ұрынған кездері болды. Бірақ қалауын тапса, киіз тоқпақ тас жарады, қазір жабық ғимаратта орналасқан екі бассейнде салмағы 3-5 келі болатын бекірелер жүзіп жүр.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020
Қостанай жылу энергия компаниясының басшысы тергеуге алынды
Қалалық әкімдікке қарасты "Қостанай жылу энергия компаниясы" МҚК-ның директоры коммерциялық бағыттағы тағы бір мекемені басқарып, оны қанатының астына алып келген, деп хабарлады Egemen.kz
Саясат • 21 Қыркүйек, 2020
ПРАЙМЕРИЗ: Үміткерлер мінберде
Праймеризге қатысушылардың екінші легі аясында Қостанайдағы Жастар сарайында ашық жарыссөздер өтті. Аймақта партияішілік іріктеудің үгіт кезеңінде 164 пікірсайыс өткізу жоспарланған. Оған жалпы саны 833 адам қатысуда.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020
Қостанай облысының тұрғыны 30 жыл бойы кеңестік қызыл паспортпен жүрген
Адамның алаңғасарлығында шек жоқ. Қостанай облысының Садчиков ауылының тұрғыны 30 жыл бойы кеңестік төлқұжатпен жүрген. 58 жастағы ер адам төлқұжат ауыстыру үшін көші-қон қызметіне биылғы тамызда ғана жүгініпті. Тобыл қаласының полицейлерінің көмегімен азамат бір айдың ішінде көптен күткен төлқұжатына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 18 Қыркүйек, 2020
Қостанай облысында «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Қайырымдылық шарасына шағын бизнес өкілдері, мемлекеттік мекемелердегі жекелеген ұжымдар мен іргелі кәсіпорындар белсенді атсалысып келеді.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2020
Арба да табылды, арман да орындалды
Лисаков қаласының тұрғыны Екатерина Бузмакова ерте жасынан бұлшық ет дистрофиясы дертімен ауырады. Бұл сирек кездесетін әрі емі аса қымбат ауыр дерт.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020
Қостанай облысында жол жөндеу барысында 200-ден астам өрескел қателік анықталды
Аймақтағы автокөлік жолдары 57 млн теңге қаржыға қайта жөндеуден өтуде. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі орталығында өткен баспасөз жиынында Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы облыстық филиалының басшысы Абылайхан Алшынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.