Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1693 материал табылды

Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Қостанайда «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының праймеризге дайындығы пысықталды

Бірер күнен соң «Nur Otan» партиясының өңірлік филиалдарында партияішілік іріктеу басталады. Осыған орай, облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев  партия активімен онлайн-жиын өткізді. 

Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Биыл қостанайлық еріктілердің көмегімен із-түзсіз кеткен 30 адам табылды

Қостанайлық еріктілерден құралған «Дос» іздеу жасағы қоғамдық тәртіпті сақтауға және хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіруге белсенді атсалысып келеді. Полиция департаменті таяуда оларды ақшалай сыйақымен марапаттаған еді. Еріктілер ол қаржыға көктен бақылау жүргізетін арнайы құрылғы сатып алды.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Рудныйда 400 келіден астам есірткі жойылды

Рудный қаласының полицейлері «Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының» кен қорыту пешіне 395 келі кептірілген марихуана мен 14 келіден астам гашиш өртеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы үш жыл ішінде мұншалықты ірі көлемдегі есірткі заттары бірінші рет тәркіленіп отыр екен.  

Аймақтар • 14 Тамыз, 2020

Қостанай облысының әкімі мәслихат депутаттарына есеп берді

Мәслихат мінберінде облыстың соңғы 7 ай ішіндегі даму қарқыны жөнінде баяндаған Архимед Мұхамбетов індетке байланысты жарияланған шектеу шараларының кедергі келтіргеніне қарамастан, аймақ экономикасында ілгерілеу бар екенін атап өтті.

Аймақтар • 13 Тамыз, 2020

Лисаковта "Desht Tho" онлайн-фестивалі өтті

Тур Хейердал атындағы үшінші "Desht Thor" халықаралық фестивалі алғаш рет оффлайн және desht-thor.webtraining.education сайты арқылы онлайн түрде өтті,  деп хабарлайды Egemen.kz

Білім • 13 Тамыз, 2020

Үш жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аймақтың жаңа оқу жылына дайындығы туралы есеп берді. Әкімнің айтуынша, биыл Қостанай облысында орта білім беру елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты бірнеше бағытта ұйымдастырылатын болады.

Аймақтар • 12 Тамыз, 2020

Қостанайда тағы бір провизорлық стационар жабылды

Қостанайда бүгін темір жол ауруханасының жанынан ашылған тағы бір провизорлық орталық жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат • 12 Тамыз, 2020

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сенат депутаты болып сайланды

Қостанайдағы Жастар сарайында өткен сайлаудың қорытындысы осындай. Карантинге байланысты сайлауда халықаралық бақылаушылар болмады, тек отандық бақылаушылар қатысты, -деп хабарлайды Egemen.kz  

Аймақтар • 12 Тамыз, 2020

Онлайн несие: Алаяқтар көбейіп барады

Пандемия басталып, қоғамдық қатынастың онлайн түрі орныққалы, интернет алаяқтардың құрбанына айналған тұрғындар көп. Мәселен, Қостанай қаласының тұрғыны Балсұлу Әлекенова банктен ешбір қарыз алмаса да, несие өтеуге мәжбүр болып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат • 11 Тамыз, 2020

Жемқорлар аллеясы керек пе?

Қостанай облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті алғашқы алты айлық жұмысын қорытындылады. Департамент басшысы Қуаныш Бекбасовтың айтуынша, бюджет қаржысына бөрідей тиіп, талан-тараж етуге епті шенеуніктер қатары азая­р емес. Жегенін желкесінен шығарып, топырлатып түрмеге тоғытып жатқанымен, жемқорлықтың жойылатын түрі жоқ. Қолына қазына қазанының тұтқасы тигенде сайтан азғырып, қаржының қызуына арбалған бәзбір шенеуніктер етке үймелеген шыбындай бірінен соң бірі ұсталып жатыр.