Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1693 материал табылды

Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Қостанай: Полиция облыс тұрғындарына үндеу жариялады

Қостанай облысының полиция департаменті аймақ тұрғындарын карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына сапарға шығудан уақытша бас тарта тұруды сұрайды.

Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Қостанай облысында мұз жару жұмыстары жүріп жатыр

Төтенше жағдай қызметі су тасқыны кезінде апаттың алдын алу және мұз кептелістерін болдырмау мақсатында өзендердің елді мекендерге жақын  аңғарларында мұз жару жұмыстарын бастады.

Аймақтар • 17 Наурыз, 2020

Қостанай облысының басшылары азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты

Облыс әкімдігі баспасөз орталығының хабарлауынша, елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты және азаматтардың өмірі мен  денсаулығын    сақтау    мақсатында 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 15 сәуірге дейін Қостанай облысы әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімі аппараты басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы тоқтатылды, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз орталығы.

Аймақтар • 17 Наурыз, 2020

Азық-түлік бағасын негізсіз көтеруге жол берілмейді

Қостанай облысы әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен бағаны тұрақтандыру шарасы талқыланды. 

Аймақтар • 16 Наурыз, 2020

Көші-қон қызметі шекараға қойылған шектеу тәртібін түсіндірді

Қостанай облысы Ресейдің Челябі, Қорған облыстарымен шектесіп жатқандықтан, екі ел азаматтары арасындағы қарым-қатынас жиі, келімді-кетімді жолаушы көп. Шекара бекетінен тәулігіне төрт мыңдай адам өтеді. Оның үстіне Ресейден Орталық Азия мемлекеттеріне бет алған көліктің көбі Қостанай облысын кесіп өтеді. Сондықтан облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі мемлекеттік шекарадағы уақытша шектеуге байланысты түсінік беріп, облыс тұрғындарын орынсыз дүрлігуден сақ болуға шақырды.

Аймақтар • 16 Наурыз, 2020

Қостанайдағы «Большевичка» тігін фабрикасы медициналық маска шығара бастады

Бұған өңірдегі қазіргі ахуалға байланысты өнімнің осы түріне сұраныстың артуы себеп болып отыр. Кәсіпорын тәулігіне 10 мың маска тігуге қауқарлы.

Аймақтар • 16 Наурыз, 2020

Автобус музей қызметін атқарады

Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейі жергілікті автобус паркінің қолдауымен Жеңістің 75 жылдығына арналған ерекше акцияны қолға алды.

Аймақтар • 14 Наурыз, 2020

Қостанайда арзандатылған азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Бүгінгі сенбілік сауда алаңына шығарылған азық-түліктің бағасы нарықтағыдан едәуір төмен. Ең бастысы, мұнда тұтынушы өнімді ешбір делдалсыз, тікелей тауар өндірушінің қолынан сатып алады.

Аймақтар • 13 Наурыз, 2020

Қостанай облысындағы 167 ауылда мектеп жоқ

Өңірлік коммуникация қызметінде БАҚ өкілдерімен кездескен Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Орал Қаппасов: -  167 ауылдық елді мекенде білім беру ұйымдары жоқ. Бұл елді мекендерде мектеп жасындағы 1538 бала тұрады. Олар көрші ауылдардағы мектептерге арнайы бөлінген автобуспен қатынап оқиды. Техника паркі жаңартуды қажет етеді. Осы мақсатта 2022 жылға дейін 30 автобус сатып алу жоспарда бар, - деді.

Аймақтар • 13 Наурыз, 2020

Қостанай облысы: 17 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Қостанай облысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында өткен жылы 22 жарым мың адам жұмыспен қамтылған.