Спорт • 31 Тамыз, 2023
Қостанайдағы Абай мектебінің 10-сынып оқушысы, жас боксшы Айдос Үсенов Рио-де-Жанейро қаласында өткен дүниежүзілік жазғы гимназиада ойындарының чемпионы атанды. Жеңімпазды әуежайдан ата-анасы, өңірдің спорт ардагерлері, ұстаздары мен сыныптастары күтіп алды.
Байқау • 31 Тамыз, 2023
Қостанайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Отбасы құндылықтарын дәріптейтін дәстүрлі байқауға биыл 40 әулет қатысып отыр. Облыс әкімдігінің мәжіліс залында өткен салтанатты жиында солардың ішінен іріктеліп шыққан 20 отбасына сый-сияпат көрсетіліп, арнайы дипломдар табыс етілді.
Медицина • 29 Тамыз, 2023
Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының мамандары үш күн бойы өңірде болып, облыстық, қалалық ауруханаларда, Қостанайдағы көпсалалы онкологиялық аурухана мен кардиология орталығында, сондай-ақ Рудныйда ұзын саны 20 шақты науқасқа күрделі операция жасады.
Білім • 29 Тамыз, 2023
Биыл Тамыз кеңесі әр өңірде түрлі тақырыпта ұйымдастырылды. Қостанай облысындағы кеңес «Инклюзивті және арнайы білім» бағытында өткізілді.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2023
Қостанайда қала күні аталып өтті
Тарихы Ұлы даланың шежіресімен байланыстағы шаһар соңғы ширек ғасыр ішінде қанатын кеңге жайып, бүгінде бүтін ел экономикасында маңызға ие аграрлық-өнеркәсіптік орталыққа айналды. Қостанайдың келбеті бұрын көне ескерткіштер санатындағы тарихи ғимараттардың көптігімен ерекшеленетін. Енді оған кейін бой түзеген шағын аудандар, зәулім үйлер мен заманауи нысандар қосылып, қала сәулетінің ажарын аша түсті.
Білім • 25 Тамыз, 2023
Қостанай облысында 454 мектептің 112-сі ғана қазақ тілінде білім береді. Яғни қазақ мектебі орыс мектебінен 4 есе аз. 115 аралас мектеп бар. Мұндағы қазақ сыныптары да өзге тілде білім беретін сыныптардан әлдеқайда аз. Орыс мектептерінің 60 пайызын өзіміздің қаракөз балалар толтырған. Биыл 1 қыркүйекте 10 384 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Осы балдырғандардың 70 пайыздан астамы орыс сыныптарына қабылданған. Қалған 29,1 пайызы ғана қазақ мектебіне барады.
Өнер • 17 Тамыз, 2023
Алтынсарин ауданындағы Красный Кордон ауылында тұратын қылқалам шебері кәдімгі қайыңның қабығын сылып алып, кептіріп, кенеп қылып, оған орманның әсем табиғатын бедерлеумен әуестенеді.
Форум • 15 Тамыз, 2023
Қостанайда маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу барысында мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы серіктестік пен ынтымақты нығайту мәселелері талқыланған халықаралық азаматтық форум өтті. «Халықаралық серіктестік: өңірлік аспект» деген тақырып төңірегінде өткен алқалы жиынға Қазақстанның әр аймағынан және Ресейдің шекаралас өңірлерінен келген қоғам белсенділері, сонымен қатар, Нидерланд, Бельгия, Ұлыбритания, онлайн режімде Франция, Грузия, Украина елшіліктерінің өкілдері қатысты.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2023
Қостанайда мың құбылып әуеге шапшығанда түрлі-түсті бояуға малынып, Батыстың классикалық симфониясы мен Құрманғазы күйлерінің ырғағына ілесіп билей жөнелетін музыкалық субұрқақ іске қосылды. Ерекше субұрқақ ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші тұрған орталық саябақта орналасқан.
Қоғам • 10 Тамыз, 2023
«Kostanai invest 2023»: Өнеркәсіпті ілгері бастыратын жобалар
Қостанайда өңір экономикасын ілгерілетудің жаңа мүмкіндіктерін қарастырған «Kostanai Invest 2023» халықаралық форумы өтті. Отандық кәсіпкерлермен қатар, алыс-жақын шет елдерден арнайы келген инвесторлар қатысқан алқалы жиында экономиканың маңызды салаларына қатысты инвестициялық жобалар таныстырылды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және жаңартылған қуат көздерін пайдалану мәселелері талқыланды.