Аймақтар • 26 Қазан, 2022
Қостанайда Ыбырай Алтынсарин атындағы балаларға арналған үздік әдеби шығармалардың республикалық байқауы қорытындыланды. Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен биыл екінші рет өтіп отырған байқауға Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының жас қаламгерлері қатысты.
Аймақтар • 24 Қазан, 2022
«Бірлік» – тәжірибе алмасу алаңы
Қостанай облысында ұлттық мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагерінің жұмысы өз мәресіне жетті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен үшкүндік іс-шараға еліміздің барлық аймағынан 70-тен астам волонтер жиналды. Қырғызстан, Өзбекстан жастары онлайн байланыс арқылы қосылды.
Аймақтар • 24 Қазан, 2022
Қыркүйектің үшінде қып-қызыл өрттің ішінде қалып, үй-жайы қора-қопсысымен қоса жанып кеткен Әулиекөл ауданындағы 91 отбасы Республика күні мерекесі қарсаңында мемлекет салып берген жаңа үйлерінің кілтін алды. Ырысты елдің белгісі – бекем бірлігінде, тосыннан төнген табиғи апат бейбіт далада мүлгіп жатқан Аманқарағай орманын шарпып өткенімен, ел ынтымағының берік екенін, берекелі өмірдің кілті бекем бірлікте екенін көрсетіп кетті. Үкімет резервінен 2,3 млрд теңге қаржы бөлініп, жанашыр көптің ісі мен бірліктің күшімен тұрғызылған жаңа шағын аудан символикалық түрде «Бірлік» деп аталды.
Аймақтар • 22 Қазан, 2022
Астықты өңірдегі әдебиет мерекесі
Қостанайда қазақ әдебиетінің апталығы өтті. Тобыл төрінде көптен бері болып көрмеген ауқымды рухани іс-шараны әдебиетсүйер қауым өңірдің мәдени өміріндегі үлкен оқиға ретінде қабылдады. Апталық аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұрасына арналған ғылыми конференция, жергілікті қаламгерлердің кітап көрмесі, сыршыл ақын Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына арналған әдеби кеш, кемел жазушы Төлен Әбдікпен кездесу, сондай-ақ алдыңғы аға буын мен қаулап өсіп келе жатқан кейінгі жас ақындардың шығармашылығына арналған поэзия фестивалі өтті.
Руханият • 21 Қазан, 2022
Қостанайда қазақтың көрнекті ақыны Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына арналған «Жыр тұлпары, сыр сұңқары – Сырағаң» атты ғылыми-конференция өтті. 17 қазанда басталған әдеби апталық аясында ұйымдастырылған іс-шараға Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет, ақынның ұлы, заң ғылымдарының докторы, профессор Қасым Мәуленов және Сырағаңның көзін көрген зиялы қауым өкілдері, мектеп мұғалімдері мен студент жастар қатысты.
Аймақтар • 21 Қазан, 2022
Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде сатирик жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы дәстүрлі «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрларының байқау-фестивалі өтті.
Руханият • 19 Қазан, 2022
Денисов аудандық тарихи-өлкетану музейінде қазақ баспасөзінің бастау кезеңдерінде қалам ұстаған қарымды журналист, ақын, жазушы, өткен ғасырдың жиырмасыншы-қырқыншы жылдары аралығында қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінің Қостанай, Жамбыл облыстарындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқарған Аманғали Сегізбаевтың 125 жылдығына арналған тағылымы мол шара өтті.
Аймақтар • 19 Қазан, 2022
Қостанай ауданындағы «Арғымақ» ипподромында ұлттық ат спортынан Қазақстан чемпионатының қорытынды кезеңі өтті. Республикалық «Бәйге» федерациясы мен Қостанайдағы ұлттық ат спорты федерациясы мұрындық болған спорт мерекесінде қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар ойындарын тамашалап, аламан, құнан жарыстары ұйымдастырылды.
Аймақтар • 17 Қазан, 2022
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры Тобыл өңіріне гастрольдік сапармен келді. Өнер ұжымының қостанайлық көрермендерге ала келген репертуарында балаларға арналған көңілді қойылым, ертегілермен қатар, көпшілік көрерменге ой салатын салмақты дүниелер де бар.
Таным • 14 Қазан, 2022
Торғайдағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейіндегі ең құнды жәдігерлердің қатарында ұлт ұстазының көзіндей болған ыстық дүниенің бірі – осыдан бір ғасыр бұрын Ақаң ұстаған ескі патефон да тұр.