Тәуелсіздік • 08 Қыркүйек, 2021
Тобылда «Тәуелсіздік аллеясы» ашылды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тобыл қаласының орталығында жаңа аллея ашылды. Қала тұрғындары үшін қолайлы демалыс алаңының құрылысы биыл мамыр айында басталған. Содан бері жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алаңқай аумағына жарық тартылды.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті отырысында Дюшенн миодистрофиясы мен арқа бұлшық еттері артрофиясына шалдыққан бес балдырғанның еміне жұмсалатын дәрінің бір бөлігін облыстық бюджет есебінен сатып алу туралы шешім қабылданды.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021
Биылғы құрғақшылық Қостанай өңіріндегі шаруашылықтарға оңай тиген жоқ. Диқандар дән сіңіру науқанын ойдағыдай аяқтағанымен, жаз жаңбырсыз болып, аптап ыстықтан көктемде егілген дәннің 40 пайызға жуығы күйіп кетті. Енді біраз шаруашылықтар несие төлемінің мерзімін келесі жылға шегеруді сұрап отыр.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021
Мектептер санитарлық талапқа сай
Қостанай облысында биыл 12 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады. Тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушылар үшін әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, таза ауада салтанатты жиын ұйымдастырылып, әр балаға «Әліппе» үлестірілді. Сондай-ақ оқушылар 1 қыркүйекте өткен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған сынып сағаттарына қатысты. Сынып сағаттары ұлы ағартушының «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңінен басталды.
Тарих • 26 Тамыз, 2021
Қостанайдағы Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде биыл ұлы ағартушының 180 жылдығына орай бірқатар игі шара қолға алынып отыр. Мәселен, осыдан бір-екі ай бұрын музей қызметкерлері бидің бүгінгі ұрпақтары мен өңірге белгілі суретшілердің басын қосқан. Осы жиында Ыбырайдың аталас туыстары Балғожа Жаңбыршыұлының бет-әлпеті, сыртқы кескін-келбеті қандай болғанын, ал музей қызметкерлері бұл туралы тарихи құжаттарда сақталып қалған деректер не дейтінін сөз еткен. Одан кейін осы жиында айтылған әңгіме негізінде суретшілер байқауы жарияланып, нәтижесінде араға бір жарым-екі ай салып Балғожа бидің суреті дайын болды.
Қазақстан • 25 Тамыз, 2021
Қостанай облысының тұрғындары карантин тәртібіне байланысты енгізілген шектеу талаптарын бұзуын тоқтатар емес. Мұны өткен аптаның соңында ұйымдастырылған рейд шаралары барысында облыс орталығы мен Қостанай, Амангелді, Науырзым аудандарында өтіп жатқан 5 той мен екі астың үстінен түскен мониторингтік топ ревизорлары айтып отыр.
Ауыл • 25 Тамыз, 2021
Жайылымы жоқ ауылдың жайы мүшкіл
Жайылымға жарымай тарығып отырған ауылдың болашағы туралы әңгіме айтудың өзі әбестік сияқты. Өкінішке қарай, егін шаруашылығы дамыған өңірлерде мұндай елді мекендер жиі кездеседі. Ұшы-қиыры жоқ астық алқаптары кезінде жайлауға бергісіз болып жайқалып жататын жайылымдарды шетінен кеміріп, қараша ауылдарды айнала қысып тастаған.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2021
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының өткен өмір өткелдері мен бағындырған биік белестеріне зер салып көрген адам табыстың табан астында келмейтініне көз жеткізе түседі. Бүгінде іргелі шаруашылықты басқарып, еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосып жүрген Инна Корнееваның тағдыры да қайыспас қайсар мінез бен табанды еңбектің қоспасынан өрілген.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2021
Жұртты дүрліктірген жұлдызқұрт
Қостанай облысында жұлдызқұрт көбейіп кетті. Дами келе көбелекке айналатын бұл зиянкестер ауыл шаруашылығы алқаптары мен үй аулаларындағы бау-бақшаларды жұмсақ жапырақсыз қалдырып, жолында кездескен өсімдіктің бәрін талғамай жайпап өте шығады екен. Мамандардың айтуынша, тіпті бір түнде бүтін бір күнбағыс не зығыр алқабын дақылсыз қалдыруы мүмкін. Көбелек жұлдызқұрттарының үлкен көші Ресейден шығып, Қостанай облысы арқылы Батыс Қазақстанға бет алып барады екен.
Коронавирус • 20 Тамыз, 2021
«Вакцина қабылда!» акциясы басталды
Қостанайға Қытайдың Sinofarm компаниясы шығарған Vero Cell вакцинасының 43 мың дозасы жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір жаңа әкелінген вакцина өңірдегі екпе пункттеріне таратылып жатыр.