Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
957 материал табылды

Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022

Көшбасшы қабілетке себепші жоба

Zhasproject жобасы – жастардың ерік-жігерін шыңдап, көшбасшылық қабілетін арттырады. Бұл игілікті іс – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мұрындық болуымен жүзеге асып отыр. Бірегей бағдарлама аясында жастар жергілікті тұрғындарға пайда әкелетін өзінің әлеуметтік жобасын іске асыруға мүмкіндік алады.

Экономика • 21 Қыркүйек, 2022

Жүгерінің жаңа буданы

Жалпы, Жетісу өңірінің егіншілік саласында көші ілгері. Биылдың өзінде 80 мың гектарға жуық алқапқа жүгері егілді. Соның 26 мың гектардан астамы соңғы 60 жыл ауқымында жүгеріні жетекші дақыл ретінде баптап келген Жаркент өңірі егіншілерінің еншісінде. Сондықтан болар соңғы жылдары егін жинау науқанының алдында облыс жүгерішілерінің басым бөлігі Жаркент өңіріне жиналып, алқалы кеңес құрып жүр.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022

Ғарыш мониторингінің мүмкіндігі мол

«Бүгінде ғарыш мониторингі нәтижесінде облысымызда пайдаланылмай жатқан 857 мың га жер бар екені анықталды, соның 42,4 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды, 438,6 гектары ауыл шаруашылығы айналымына қосылды. Сол сияқты өңірдің әр қиырынан белгіленбеген жерге қоқыс төгілген 154 орын анықталды, соның 109-ы жойылды». Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» АҚ төрағасы, белгілі ұшқыш Айдын Айымбетовпен кездесуде осылай деді.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022

Тотыдай түрленген Текелі

Жетісудағы туризмнің бір мүйісі саналатын табиғаты көркем Текелі қала­сы­ның құрылғанына – 70 жыл. Өңірде өндіріс саласының негізгі орталығына ба­ланатын шағын шаһар жыл өткен сайын түрленіп келеді. Бүгінде облыс тұр­ғындары үшін сейіл құратын бірден-бір демалыс аймағы. Жастар үшін де махаббат аллеясына айналып үлгерді.

Таным • 21 Қыркүйек, 2022

Суоми еліне сапар

Елімізде архив саласы ілгерілеп келеді. Қазір құжаттарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы ретте Астана қалалық мемлекеттік архивінің директоры Мейрам Бектембаев Финляндияға іссапарлап барып, құжаттарды цифрландыру турасында көптеген мағлұматқа қанығып қайтты. Ол Финляндия Ұлттық архивінің директоры Пайви Хаппоненмен кездесіп, өзара тәжірибе алмасты.

Білім • 20 Қыркүйек, 2022

Жеткіншектер жеңісі

Білім бәсекесі – ең ұлы бәсеке. Ақыл іздеген жастардың талпынысына қарап таңдай қағасыз. Күні кеше Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары шетелде өткен білім байқауынан елге жеңіспен оралды. Озат оқушылар жаңа оқу жылын осылайша жарқын көңіл күймен бастады.

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2022

Көкөніспен көркейген кәсіпкер

Жетісу жұрты үшін биыл жемісті жыл болды. Әсіресе егіншілікпен айналысқан ағайынның көңілі тоқ. Ерте көктемде, жаздың алғашқы айларында жауын-шашын мол болды. Өнім жайқалып шығып, қамбалар астыққа, базарлар көкөніске толып, шаруалардың нәсібі еселенді. Дәл осындай кәсібін дөңгелеткен шаруашылықтың бірі – Сарқан ауданындағы Черкаск ауылдық округіне қарасты «Өндірхан» шаруа қожалығы.

Таным • 18 Қыркүйек, 2022

Қараусыз қалған кесене

Әуелгі әңгімені ақсақалдар айтқан, әлі айтып та келеді. Жетісу өзі киелі жер екені әмбеге аян, ендеше бұл мекеннің әулиелерден кенде болмауы заңдылық. Кешегі елге еге болған Балпық, Ескелді билердің замандасы сөзі уәлі Қоғыл әулиені бүгінгі ұрпақ біле бермейді. Ұрпақ ұмытқаннан ауыр жаза жоқ шығар. Әйтпесе бабатаным «өлі риза болмай, тірі байымайды» деп даналыққа жықпап па еді. Бірақ Талдықорған қаласының іргесіндегі жатқан баба кесенесін көргенде біздің ұйысқан ұлт тамырынан ажырап кеткендей күйге түскеніміз несі!?

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2022

Спорт – өмір салты

Намысқа тырысқан жас балуандардың ерлігін көргенде әлемдік додаларда жауырыны жер иіскеп қайтқан жігіттердің алдын орар батырлардың келе жатқанын аңдайсыз. Олар әлі бала, бірақ осы қарқынынан қайтпаса 23 жыл қоржынға түспеген алтынды қанжығаға салары анық. Бұл ойға спорт ардагері Сәдуақас Қожасбаевты еске алуға арналған дәстүрлі спартакиадада келдік.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2022

Бөденемен шаруасын дөңгелеткен

Арқ­а­дан Жетісуға ат терлетіп келген Азамат Абыроев жер жәннатынан сүй­ге­німен қатар, сүйікті ісін де тапқан. Жергілікті жұрт қарағандылық жігітті ба­уырға басып, кәсібін ілгерілетуге жәрдемдесіпті. Бүгінде оның бүтін қаланы қам­та­­масыз етуге қауқарлы бөдене шаруашылығы бар. Оған қоса қыстай жылы­жай шаруашылығымен айналысады, ал келіншегі жылыжай жемістерінен түр­лі тағам дайындайды.