Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
956 материал табылды

Өнер • 07 Маусым, 2022

Ай астындағы ағаш

«Суретшілік – соқырлардың жұмысы. Суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді», дейтіні бар Пабло Пикассоның. Осы «сезіну» деген ұғым қылқалам иесінің бәріне қона бермейтін құдірет. Мұны даңқты суретші жақсы бағамдап отыр. Мәселен, біз мысалға алған картинадан сіз не сезіне алдыңыз?! Көзбен көргеніңізді емес, көңілге түйгеніңізді ой ішінде кестелеп көріңізші.

Тарих • 07 Маусым, 2022

Тарихтың көз жасы

Саяси құпия! Иә, қазақтың құ­пия­сы көп. Әсіресе сталиндік репрессияға келгенде. Қасіретті көп көргеннен кейін бе, әйтеуір сол тақырыпқа тарихшылар көп бойлай бермейді. О, несі екен?! Көршіміздің көңіліне қараймыз ба? Әлде қанды құжаттарды қол­ға түсіру қиын ба? Неге әлі қазақ толық ақталмады? Тәуелсіз еліміз осы мәселеге келгенде енжарлық танытатыны бір доғал әңгімеге жүк дүние. Біз, осы сұрақтардың жауабын саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жиында естідік.

Тарих • 31 Мамыр, 2022

Мұң тұнған музей

Қазақ жайсаңдары кеңес идеологиясының шекпе­ніне сыймады, жо-жоқ дұрысы сыйғыз­бады. Жауыз Сталиннің сұрқай саясаты Алаш топырағынан нәр алған бәйтерек болмысты арда азаматтардың алдын бөгеді. Бірін – атты, бірін – сатты, ал басқасын айдауға салды. Бейіті белгісіз бабаларымыздың асыл бейнесі бала ұрпақтың жанарында осылай қатталды. Олар шеккен азапты айтып тауыса алмаспыз. Бүгінде жазықсыз оққа ұшқанын ойласақ жанға батады. Ерліктерін мұңлы музейлер ғана еске алып тұрғандай…

Өнер • 29 Мамыр, 2022

Жеңіс рәуіштері

Соғыс ешкімді аямайды және мұнда жеңуші тарап жоқ. Алапат майданның азабын жер ғана емес, мұқым адамзат тартады. Іргедегі жатқан көршіңнің ынтымағы бұзылса, сенің де беймаза күй кешетінің анық. Сәбидің болашағын ұрлаған, ананың көз жасын тауысқан, қарашаны қан жылатқан ұрыс мүдделердің қайшылығы ғана. Ал қара халық сол қайшылықтың құрбаны.

Өнер • 25 Мамыр, 2022

Ұлы шайқас

Бір таудың етегінде көшпенді екі елдің қатар ғұмыр кешуі, қойны құт ұлан-ғайыр даланы тел жайлауы мүмкін емес, ол бір апанда жолбарыс пен арыстанның қатар тыныстауы­н көзге елестетеді. Сондықтан да айбарлы қос хандықтың бір-біріне деген дұшпандығы ғасырдан-ғасырға жалғасты. Жоңғарлардың жаугершілік жорықтары тым ұзаққа созылды.

Өнер • 17 Мамыр, 2022

Балықшы

Судан сұрауын тапқан адамды «балықшы» десе болатындай. Ау құрып, қармақ салып ашаршылықтан аттап өткен қазақтың бір нәсібі осы кәсіппен байланыс­ты. Кеңестік кезеңнің кемесінде отырып сүзекі тартқан әжемнің әңгімесі де ескек пен қайықтан әрі аспаушы еді. Картинаға қарап, сол тәтті естеліктер қайта санамда жаңғырғаны…

Қазақстан • 04 Мамыр, 2022

Архивті аралады

Астана тұрғындары архив мекемелерін аралауды әдетке айналдырғалы қашан!? Әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан батырлардың ұрпақтары аталарын іздеп, мұрағаттарға жүгінеді. Бүгінде ескі құжаттарға реставрация жұмыстары жүргізгелі оқырман біткен іздегенін лезде тауып алып жатыр. Бұл – Нұр-Сұлтан қалалық архивінің жетістігі. Шама-шарқынша ақпараттарды цифрлы форматқа көшіріп, заманға сай қам-қарекет қылып келеді.

Өнер • 27 Сәуір, 2022

Тіркемеші

Шынында, тың игеру – Қазақстан тарихындағы жете зерттелмеген, күнгейі мен көлеңкесі қатар жүретін аса өзекті тарихнамалық мәселе. Азапты жылдардың айқын көрінісі. Қазақ жастарын, әсіресе өрімдей қыз балаларды ауыр жұмысқа жеккен саяси элитаның басбұзарлығы болды. Картинаға қарап отырып, сол қасіретті кезеңнің бояуы қанық болмағанын көреміз.  

Таным • 26 Сәуір, 2022

Таныс һәм бейтаныс фотосуреттер

Бүтін тарих кейде бір жапырақ қағазға сыйып кетеді. Біз Нұр-Сұлтан қалалық архивіне барған сайын, құнды құжаттарды шолып отырып, аласапыран күйге түсеміз. Бәрі қаттаулы, бәрі шынайы. Тек сарғыш тартқан парақтар үнсіз, моп-момақан күйде сырын жайып салуға асық. Сондай бір дәлелді дүние осы жолы да бейжай қалдырмады.

Өнер • 20 Сәуір, 2022

Көшпендінің бір күні

Бабалар жайлы бірауыз сөз айту үшін аңызға сүйенетініміз анық. Сондай бір әдемі әпсананың бірі «кентаврлар» жайында сыр тартады. Үдере көш түзеген көшпелі жауынгерлерді алғаш көрген жат халықтар «кентавр» деп атапты. Бертінде оның аңыз да, әпсана да емес, таза ақиқат екенін әлем халқы мойын­дап, көштен туған мобильділікті ғасырлар бойы пайдаланды.