Кино • 26 Қаңтар, 2022
Еміс-еміс есімде, сұсты жүзінен ызғар есіп тұрғандықтан ба, әйтеуір ескі теледидардың арғы жағынан-ақ өткір жанарымен қарашықта қатталып қалыпты. Біз кітаптан таныған Бейбарыс сұлтан осындай-ақ болған шығар дегенбіз іштей тамсанып. Сонда баламыз ғой, артынан білдік, қазақ кино өнерінде қайталанбас кейіпкерлерді сомдаған сом тұлға Нұрмұхан Жантөрин екен. Әлемге аты мәшһүр түркі баласының образын ата жұртына әкелген өнерпаздың еңбегі ересен. Қанша жыл өтсе де қайыра айтқыңыз келе береді.
Әдебиет • 24 Қаңтар, 2022
Мейлі ол жерде тау жоқ шығар бой түзейтін. Көңіліңнің шөлін басатын көл де болмауы ғажап емес. Өміріңнің өрнегін сызған өзен де етекте жатпауы мүмкін. Көлеңкесін тасалар алып ағаш та, жұпарын шашқан майса шөп те өспеуі мүмкін. Бірақ ол сіздің туған ауылыңыз ғой, айырбастауға келмейтін алақандай әшекейсіз әлеміңіз!
Өнер • 19 Қаңтар, 2022
Әй, әпенді Жан Пол Готье! Ол кинематография мен поп-музыка сәнгердің көңілін елітіп, қиялына қанат бітіретінін әу бастан-ақ түйсінді. Оның өзгеше ойлау өрісі, қалыпқа сыймайтын қағидасы бөлек бағыт түзді. Атақты Мадоннаның сахналық қойылымдарына конустық киімдер ойлап тауып, Альмодовар мен Гинвей фильмдеріне ерекше костюм тіккен осы еді. Оның жаңашылдығы кинематографиялық фантазияны айналып өтпеді.
Руханият • 18 Қаңтар, 2022
Өнерде шекара жоқ. Сіз бұрын есімін естімеген, біз ныспысын білсек те өнерінен бейхабар Огюст Рене Роден жайлы айтпақпыз. Жаңашыл мүсіншінің ойлау дағдысы, таным-таразысы қайран қалдырады. Әсіресе біз мысалға алған мүсіні. Тақырыбының өзінен ызғар есіп тұр. Ал ішіне қарай үңілсеңіз, сіз де бейопа күй кешетініңіз анық.
Әдебиет • 13 Қаңтар, 2022
Жазушының портретін жазу – қылқаламыңызды қан мен сүтке қатар малғаныңызбен бірдей дүние. Ғұмырының ең нәрлі мезеті мен ең азапты сәтін бір шығармаға арқау ету оңай шаруа емес. Туынды аяқталып біткенше жаныңызды қоярға жер таппайтыныңыз тағы бар. Ал одан айығудың жалғыз жолы – өнерге тәу ету.
Өнер • 12 Қаңтар, 2022
Көкала дала дөңгеленіп, көкжиектегі бұйрат-бұйрат төбелер қалқып тұрғандай көрінеді. Қайда барсаңыз да сол қазақтың тағдыры жастанған томаға топырақ. Топырақ күбірлейді, мұң шағады. Әрине, еститін құлақ, көретін көз болса...
Өнер • 31 Желтоқсан, 2021
Тарихқа сүйенсек, Кеңес Одағы 1954 жылы тыңайған жерді жыртуды қолға алды. Бұл процестің басым бөлігі Қазақстанда жүзеге асқаны белгілі. Осылайша, жаппай тың жерлерді игеру қозғалысы басталды. Талай шұрайлы топырақ тозаңға айналып, қараша халық қайғыға батты. Біз мысалға алып отырған картина соның айғағы.
Елорда • 30 Желтоқсан, 2021
Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және Қазақстан Жастарының Конвенті ұйымдастыруымен бейнероликтер байқауы өтті.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021
Тіліміздің қолданысын кеңейтетін құрал
Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Қазақ тілі ұлттық корпусы публицистикалық мәтіндер кіші корпусының» тұсаукесер рәсімі өтті.
Өнер • 26 Желтоқсан, 2021
Беу, солардың көз жасындай, О, бәрібір... ақты жұлдыз... Пернетақтаның алдына жақындай бергенде Маралтайдың осы бір өлеңі санамызға сап ете қалды. Қайдан? Неге? Білмеймін. Ақынның тәні – жер, жаны– ғарыш қой, рух биігінен көз тастасақ ай мен жұлдыздың жақыны солар секілді көрінеді бізге.