Өнер • 29 Шілде, 2020
Ертеде қылқалам шеберлері талантты адамдарды жасыл түспен әрлесе керек. Ойлы оқырман картинаның бояуына қарап тамсанып, суретшінің шығармасын бағалаған. Ал қазір ше? Біз жасыл түспен тұмса табиғатты ғана байланыстыратын болдық. Ал табиғатынан талантты, ашық-жарқын жандардың бет-бейнесі тұмшаланып қалды. Әйткенмен осы бір түйінді «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы тарқатып келе жатқандай. Осыған дейін еңбегіне ел сүйінген қаншама есімдер танылды. Бүгін біз солардың бірі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері Нұрбек Әлібек жайында айтпақпыз.
Технология • 29 Шілде, 2020
Цифрлы түрлену ұтымды шешім ұсынады
Online Astana Finans Days 2020 конференциясы аясында цифрлы форматта EdTech білім беру технологияларының екінші қазақстандық форумы өтті. Әлеуметтік оқшаулану барысында әлемдегі білім беруді цифрландыру осы жылдың басты тақырыбы болды.
Экономика • 28 Шілде, 2020
Шағын бизнесті ынталандыру қажет
Биылғы Astana Finance Days қаржы конференциясы онлайн режімде өтті. Astana халықаралық қаржы орталығының ұйымдастыруымен өткен шараның панельдік отырысы исламдық қаржыландырудың Орталық Азиядағы келешегіне арналды.
Экономика • 24 Шілде, 2020
Қайда кетіп барасың, қайран теңге?
Қазір 1 АҚШ долларының бағамы 408 теңге 49 тиынға тең. Бұл Үкімет төл валютамызды «еркін жүзуге» жібергенінің бір көрінісі. Бір өсіп, бір төмендеген теңгенің долларға шаққандағы бағамы экономикалық қарым-қатынастардың ретсіздігіне себеп болып тұр. Алға қойған жоспарлардың біразы аяқсыз қалды. Әйтсе де ірі экспортерлер бұл жағдайда байсалдылық танытты. Олар теңгенің құнсыздануы мен елдегі үлкен бизнесті қолдаудың арасынан үміт көріп отыр. Себебі билік доллардың тұрақтылығын сақтау үшін Ұлттық қорды пайдаланып келген-ді. Шынында, экономикалық заңдылық бойынша нарықты жасанды тежеу қауіпті.
Білім • 21 Шілде, 2020
Онлайн олимпиадалар ойды жетілдіреді
Ғалымдар кез келген адамның талантты болып өмірге келетінін айтады. Бірақ мектеп олардың дарынының толық ашылуына мүмкіндік бермейді-міс. Білім ошағын аттағаннан кейін баланың қабілеті бірте-бірте төмендей береді екен. Себебі бүгінгі оқу процесі, институт бағдарламалары тұлғаның бейімін шектейді. Бұл – тәжірибе жүзінде берілген анықтама. Ата-ананың қысымы, ұстаздардың күштеп оқытуы баланы «шаблонды» ойлауға итермелейді. Ал мұның алдын алу үшін не істеу керек?
Бизнес • 17 Шілде, 2020
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Шыңғыс Ахметовтің және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Фархат Сәрсекеевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиында бизнесті карантин кезіндегі дамыту және қолдау нәтижелері айтылды.
Руханият • 14 Шілде, 2020
Шертершілер құрған онлайн-ансамбль
Карантин уақыты өнер адамдарының өзгеше ізденісіне, тыңдармандармен жаңа байланыс орнатуына мүмкіндік ашуда. Оған дәлел елімізде алғаш рет онлайн жоба негізінде құрылған шертершілер ансамблі. Бұл ансамбль әр облыстан музыканттардың басын біріктіріп, қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық аспабын насихаттауда.
Коронавирус • 10 Шілде, 2020
COVID-19: Күрес шараларына қаржы бөлінді
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында карантинді күшейту кезеңінде қабылданатын шаралар туралы баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев пен Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов төтенше жағдай режімінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Оқиға • 10 Шілде, 2020
Қоғам белсенділерімен онлайн-кездесу өткізді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов блогерлермен онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге қоғамдық пікір көшбасшылары Нұрлан Өтешев, Аяз Би, Думан Қапасов, Самат Ысқақов және Альбина Әтен қатысты.
Руханият • 03 Шілде, 2020
Ұлт тәрбиесінің өзегі – ұлттық тағам
Әдетте үлкендер «не жесең соған ұқсайсың» деп жататын-ды. Сонда орыстың ойланбай айтқан мәтелін мысалға алғаны несі деп, кекесін іліп, өкпелей түсетінбіз. Әйтсе де жаны бар сөз екен. Оны франциялық генетиктер осыдан ІІІ ғасыр бұрын кесіп-пішіпті. Онда да бөркін аспанға атып, «дәлел» атын дабырайтып айтқаны болмаса, бабатаным ашқан баяғы құпияның жарқырай түскен әлпеті ғана. Оған тұспал, атақты әл-Фараби бабамыздың: «Егер ұлттың өзінің тарихи тағамы жоғалатын болса, ол ұлт ауруға ұшырайды», – деген ғибратқа толы пайымы. Шынында, төл тағамынсыз тұтас бір халықтың өсіп-өнбейтіні, көктеп-жетілмейтіні шүбәсіз шындық.