Спорт • 09 Қазан, 2023
Қазақтың абыройын асқақтатқандар
Төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қазақтың өр ұрпағы бүгінде атажұртта ғана емес, әлемдік спорт ареналарында да жиі-жиі атойлай бастады. Әсіресе бокс әлемінде Бөлтекұлының ізін басқан даңқты ұлдар жетіп артылады. Ташкентте өткен әлем чемпионатында осыны байқағанбыз.
Спорт • 09 Қазан, 2023
Қытайдың Ханчжоу төрінде дүбірлеп өткен ХІХ жазғы Азия ойындары кеше өз мәресіне жетті. 17 күн бойы 45 мемлекеттің 11 мыңға жуық спортшысы бақ сынаған додада ел құрамасы 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль жеңіп, бейресми жалпыкомандалық есепте 11-орынды иеленді. Ал медальдар саны жөнінен үздік бестіктің қатарына енді. Азия ойындары басталар алдында мамандар алтын алады деп, 25-30 спортшыға сенім артқан еді. Солардың тек 10-ы ғана биік тұғырдан көрініп, еліміздің әнұранын шырқатты. Біз бүгін ел абыройын асқақтатқан чемпиондарды оқырман қауымға кеңірек таныстырғанды жөн көрдік.
Олимпиада • 06 Қазан, 2023
Бейсенбі ел спортшылары үшін сәтті күндердің бірі болды. Осыған дейін Ханчжоудағы сайыстарда жерлестеріміз бір күнде 3 алтын жеңіп көрмеген еді. Ал кеше Әнұранымыз 3 мәрте Қытай төрінде шырқалды. Алтын медаль бұдан да көп болар ма еді, егер де чемпиондардан бөлек финалға шыққан каратэшілер мен боксшыларымыз жеңіске жеткенде. Жалпы, кеше Қазақстан қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль түсті.
Әлем • 05 Қазан, 2023
Кеше Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің ұйытқы болуымен журналистерге арналған медиа тур өтті. Іс-шараға қатысуға бірнеше елдің БАҚ өкілдері ниет білдіріпті. Оның ішінде осы жолдың авторы да бар.
Олимпиада • 05 Қазан, 2023
Бүгінде көптің көкейінде «Алтын саны қанша болады?» деген сауалдың жүргені анық. Ол заңды да. Себебі 2018 жылы Жакартада өткен Азия ойындарында ел спортшылары 15 алтын медаль жеңіп алған еді. Сол медальдың өзі Қазақстанды бейресми жалпыкомандалық есепте 9-орынға бір-ақ сырғытқан-ды. Ханчжоуға аттанар алдында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мақсатымыз бес жыл бұрынғы Азия ойындарынан жоғары нәтиже көрсету деген еді. Бүгінде 15 алтын алмайтынымыз белгілі болды. Бірақ кімдерге үміт артуға болады, деген сауалға жауап іздеп көрелік.
Олимпиада • 04 Қазан, 2023
Әнұранды бесінші рет шырқатқан жүйрік
Кеше бокссүйер қауым үшін ауыр күн болды. Азия ойындарындағы Қазақстан боксшыларына деген төрешілердің шешімі күмән туғызды. Бұл додада Асланбек Шымбергеновтің жеребесі тым ауыр түсті. Алғашқы жекпе-жекте жергілікті боксшымен кездесті. Екінші жекпе-жегінде әлем чемпионы өзбек боксшысын үш рет нокдаун ашып жеңіске жетті. Енді міне, тағы бір әлем чемпионы жапондық Сэвон Оказавамен арадағы айқасына алып-қосарымыз өте көп. Төрешілер біздің боксшыларымызға қиянат жасап, бұра тартудан тайынар емес... ...Ал журналистер арасында «Алтын бала» деп атанып кеткен велошабандозымыз Алексей Луценко Азиадада үздік нәтиже көрсетіп, қоржынымызға бесінші алтынды салды.
Спорт • 02 Қазан, 2023
Бұрнағы күні Ханчжоу қаласында баспасөз мәслихаты өтті. Оған Азия ойындарының күміс жүлдегері Бекәділ Шаймерденов (Кураш), қола жүлдегерлер Сағындық Тоғамбай (бокс) мен су добынан құрама капитаны Виктория Хританькова қатысып, Азия ойындарында жүрген еліміздің БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Олимпиада • 02 Қазан, 2023
Азия ойындары басталар алдында ескек есушілерден толағай табыс күткеніміз рас. Себебі алғашқы делегацияны Алматыдан Ханчжоуға шығарып салу іс-шарасы кезінде мамандар бокс, дзюдо, күрес, нысана көздеу, сонымен қатар каноэде ескек есуден бірнеше алтын медаль алуға болатынын айтқан еді. Мамандардың болжамы дәл келді десек те болады. Әрине, ескек есушілер топырлатып бірнеше алтын медаль алмаса да, көңіл көншітерлік нәтиже көрсетіп жатыр. Жалпы, кеше спортшыларымыз ел қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль салды.
Олимпиада • 02 Қазан, 2023
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындары бел ортасынан асты. Жұма, сенбі, жексенбі күндері Қазақстан қоржынына 2 күміс және 6 қола медаль түсті. Ал бокс кешінде қазақ-өзбек текетіресі қайта жалғасты. Бұл жолы 71 кило салмақта жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов ширек финалда өзбекстандық Асаходжа Мусоходжаевты ұтты. Ұтқанда қалай ұтты десеңізші? Үшінші раундта 3 нокдаун тіркеп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Рас, екі раунд бойы Асланбек қарсыласын қанша төпелесе де, төрешілер жеңісті өзбек боксшысына беріп тұрған. Алайда Шымбергенов мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алды.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2023
Азия ойындарының бесінші жарыс күні ел құрамасының қоржынына 2 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль түсті. Бұл жолы да мергендеріміз мүлт кеткен жоқ. Қыздар арасында ел намысын қорғаған Зухра Ирназарова 10 метрге жылжымалы нысана көздеуден үздік шығып, алтын жүлдеге ие болды. Ал стенд ату бойынша (Skid-міх) Эдуард Ещенко мен Әсем Орынбай финалда Кувейт құрамасынан бес ұпай артық жинап, Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль салды.