Алмас МАНАП
Алмас МАНАП«Egemen Qazaqstan»
314 материал табылды

Теннис • 30 Тамыз, 2023

US Open-ді жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын (US Open) жеңіспен бас­тады.

Футбол • 29 Тамыз, 2023

Еуропада доп тебеді

Қостанайдың «Тобылы» мен ел құра­масының намысын қорғайтын Рамазан Оразов Словенияның «Копер» командасына ауысатын болды.

Спорт • 29 Тамыз, 2023

Әлемдік додадан – 116 медаль

Алматы қаласында қол күресінен ересектер, кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Спорт • 29 Тамыз, 2023

Алдына жан салмады

Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден өтіп жатқан әлем чемпионатында біздің мергендер тағы 2 медаль жеңіп алды.

Футбол • 04 Маусым, 2023

«Абай» мектебі топ жарды

Астанада Халықаралық ба­ла­­ларды қорғау күніне орай ша­ғын футболдан Abay CUP тур­нирі өтті.

Спорт • 16 Мамыр, 2023

Мырзағали АЙТЖАНОВ: Арық сөйлеп, семіз шыққанды жақсы көремін

Ташкент төрінде өткен әлем чемпионатында төрт алтын, бір күміс медальмен толағай табысқа жеткен Қазақстан бокс­шыларын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, чемпиондарымызға сәттілік тіледі. Осы іс-шара аяқ­тала Қазақстан ұлттық құ­ра­­ма­сының бас бапкері Мыр­зағали АЙТЖАНОВТЫ әңгі­меге тартқан едік.

Бокс • 15 Мамыр, 2023

Төрткүл дүниені мойындатқан төртеу

«Сүйінші, қуан қазақ, шаттан Алаш, Алдында күллі әлемнің мақтан Алаш!» деп ақын жырлағандай, кеше еліміздің мерейі асқақтаған күн болды. Бокстан Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды.

Спорт • 06 Мамыр, 2023

Әлем чемпионаты: 13 салмақта - 20 қазақ боксшысы

Бүгінде бокссүйер қауымның назары Ташкент шаһарына ауған. Өзбек елінің астанасында төрткүл дүниенің бокс­шылары қатысқан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 107 елдің 538 боксшысы қатарында 13 салмақ дәрежесі бо­йын­ша өнер көрсететін қазақ оғландары да бар. Әзірге екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. Бірақ бұл – бөлек әңгіме. Біздің бүгінгі айтпағымыз басқа. Кезінде Төле би төрелік айтқан шаһар төрінде бес елдің атынан әлемдік додаға жеті қазақ оғланы қатысып жатыр. 13 салмақта – 20 қазақ боксшысы. Тұңғыш рет. Тарихи сәт.Бейжің Олимпиадасында Бақыт Сәрсекбаев пен Қанат Исламның жеңіс тұғырында қатар тұрғаны рухымыздың айрықша асқақтатып еді. Енді міне, шетелде жүрген қандастарымыз да оза шауып, жаһандық додаға қатысып жатыр. Ендеше, тарихи сәттің кейіпкерлерін «Egemen Qazaqstan»-ның жақынырақ таныстырғанын жөн көрдік.

Футбол • 27 Наурыз, 2023

Жас футболшылардың Алашқа құрметі

Астанада Алаш зиялыларын еске алуға арналған шағын футболдан Alash-CUP республикалық турнир өтті.

Спорт • 29 Қаңтар, 2023

Тарихи финал

Дзюдодан жылдың алғашқы бәсекесі қазақ спортының тарихына алтын әріппен жазылды. Португалияның Алмада қаласында дзюдодан өткен Гран-при сайысында алғаш рет екі қазақ қызы (48 кг) финалда күресті. Алтын үшін айқаста Әбиба Әбужақынова тағы бір жерлесіміз Ғалия Тынбаеваны ұтты.