Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1014 материал табылды

Сайлау • 20 Қараша, 2022

ШҚО-да Ұлттық ұлан сарбаздары дауыс берді

Өскеменде  Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау • 20 Қараша, 2022

Өскеменде жас жұбайлар дауыс берді

Өскеменде жас жұбайлар Жәнібек пен Мәдинаның отбасылық өмірлері ерекше басталды. АХАЖ бөлімінен кейін жастар өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Қараша, 2022

ШҚО: Дауыс берушілерге естелік сыйлықтар берілуде

Шығыс Қазақстан облысының сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күймен конкурстар, акциялар өткізіліп жатыр. Бірінші келген, жүзінші, мыңыншы және бірінші рет дауыс беріп жатқан сайлаушыларға естелік сыйлықтар табыс етілуде, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 17 Қараша, 2022

Самардың бүгіні мен келешегі

Қашан да сынай қарайтын халықпыз ғой. Самар мен Тарбағатай жекелеген аудан болып бөлінген сәттен ертеңгі күндеріне бір үміт, бір күдікпен қарап жүргеніміз рас. Қос аудан қайта қалыптасып кетуі үшін басшылар ауқымды жобаларды қолға алып, ілкімді істер атқаруы керек шығар. Бұл кезеңдегі аудан басшылары үлкен жауапкершілік арқалап отыр. Самар мен Тарбағатайдың аудан болып құрылғанына бес ай уақыт өтті. Бес айда қандай жұмыстар атқарылды деп Самар ауданына сапарлап барғанбыз.

Қазақстан • 15 Қараша, 2022

Тұңғыш ұшқыш тұғырға қонды

Осыдан он жыл бұрын ба екен, «Малдыбаевтың тақтасы трансформатордың жанында тұр» деп мақала жазғанбыз. Ондағы ойымыз – қазақтың тұңғыш әскери ұшқышына деген құрметіміздің деңгейін көрсеткіміз келген, батырға лайық белгі орнатылса деген тілегіміз болған. Неше жылдан соң сол тілегіміз орындалды. Ертісті жағалай жатқан Жақыпбек Малдыбаев көшесінде оның барельефті мүсіні ашылды.

Қоғам • 14 Қараша, 2022

Қаскөйлерге лайықты жаза

Жуықта «Браконьер» республикалық жедел алдын алу іс-ша­ра­лары кезінде өңірде бірнеше заңсыз әрекет әшкере болды. Күршім ауданының тұрғыны 6320 тірі шаянды тиісті құ­жат­тар­сыз әкетіп бара жатса, өскемендік азамат 20 тонна балықты заң­сыз тасымалдаған.

Қоғам • 10 Қараша, 2022

Бүркіт салған күн

Кигендері керей тымақ, саптама етік, қасқыр ішік... Бозанбайдың бәйге төбесіне қарай сән-салтанаты жарасқан бүркітшілер маңғаз басып келе жатты. Бұл күні «Шығыс салбурыны-2022» бүркітшілер байқауы ұйымдастырылған еді. Құсбегілердің ниетіне қарай ма, түнімен қар қапалақтаған. Нағыз қансонар.

Қоғам • 09 Қараша, 2022

Қазандықтан ақау шықты

Батыс Алтайдың қойнауында жатқан Риддер қаласының қысы да мінезді. Қарлатып, борандатып тұрады. Сақылдаған сары аязы тағы бар. Сондықтан да жылу жүйесі басшылық пен мамандардың үнемі назарында болуы керек еді. Алайда «Риддер-ЖЭО» АҚ-дағы төтенше жағдайға байланысты 22 мыңнан аса абонент үшін жылу беру азайтылды.

Қоғам • 06 Қараша, 2022

Қамшы шебері

Абылай Мәулітұлы қыстың ұзақ кешінде маздай жанған пеш түбіне отырып алып қамшы өреді, жүген түйеді. Атадан келе жатқан бекзат өнерді қызыға қолға алған ол жасаған бұйымдарын кәдесый дүкендеріне өткізіп, азды-көпті пайда да тауып жүр.

Руханият • 02 Қараша, 2022

Әдебиеттің Талаптаны

Жазушы-драматург Талаптан Ахметжан тірі болса, былтыр алпыстың асқарына шығар еді. Алпыс жылдығын уақтылы атап өтуге шектеу шаралары тұсау болды. Десек те игіліктің ерте-кеші жоқ. Кеше облыстық А.Пушкин кітапханасында Талаптан Ахметжанның 60 жылдық мерейтойына орай «Таңғажайып Талаптан» атты естеліктер жинағы мен «...Ғұмырын қишы жасынның!» атты қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.