Ғылым • 24 Мамыр, 2022
Көшелерде су көлкімеуі үшін...
Елдің экономикасын өрге сүйрейтін сала – ғылым. Президент те ғылымға көңіл бөлу керектігін баса айтты. Ал Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларды ғылым саласын меңгеруге ден қойып жатыр. Жуырда аталған мектептің екі оқушысы Ресейде өткен «Человек-Земля-Космос» ғылыми-зерттеу олимпиадасында ІІ орынға ие болды.
Қоғам • 19 Мамыр, 2022
Глубокое ауданында дәстүрлі облыстық «Аяулы жас келін» байқауы өтті. Инабатты да, ибалы келіндер қазақтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және тағамдарын білуден сайысқа түсіп, үй шаруасына деген қабілеттерін көрсетті.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2022
Айтты-айтпады, табиғатты ластауға, орман-тоғайды отауға, аң-құсты жойып жіберуге шеберміз. Ал оның орнын толтыруға келгенде, көпшілік үнсіз қалады. Әйтеуір, мемлекет тарапынан табиғатты қайта қалпына келтіріп отыру үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, азды-көпті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Басқасын айтпағанда, биыл мемлекеттік тапсырыс арқылы өңірдің ірі суқоймаларына 30 млн ақсақа балығы жіберілді.
Экология • 17 Мамыр, 2022
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Таудың түу түкпіріндегі маралдылықтардан маза кеткелі қашан?! Тастың асылын іздегендер ауылдың айналасын астан-кестең етуде. Табанының асты алтын болғанымен, Маралдының маңдайы шылқиын деп тұрған жоқ.
Референдум • 16 Мамыр, 2022
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Мәжіліс депутаттары Ирина Унжакова, Зарина Қамасова және Игорь Панченко Өскемендегі Ана мен бала орталығында медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында алдағы конституциялық реформалардың мән-мағынасы түсіндірілді.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2022
Облыс орталығында Sarap эксперттік клубының «Конституциялық референдум: мемлекеттік басқаруды трансформациялау» тақырыбында аймақтық отырысы өтті. Жиынды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2022
Құланқара, Бұланқара, Желмая сынды тұлпарлар тұяғының ізі қалған Алтайдың бөктерінде дүбірлі бәйге өтті. Отан қорғаушы және Жеңістің 77 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада 100 шақырымдық аламан, тай жарыс, жорға, аударыспақ, күрес, арқан тарту секілді ұлттық спорт түрлерінен атбегілер, балуандар бақ сынасты.
Тарих • 09 Мамыр, 2022
Үлкендердің «е заман-ай» деп, өткенге күрсініп, келешекке тыныштық тілеп отыратынын кейінгі жылдары шын түсіндік. Әйтпесе сонау жылдардағы ашаршылық, репрессия, Екінші дүниежүзілік соғыс біздерге елес секілді еді. Жер үшін, ел үшін бабаларымыздың баудай қырылғанын біле тұра, бейбіт те бейғам өмірдің бағасын сезбеппіз ғой. Кейінгі жылдары деп отырғаным, жер әлемді дүрліктірген пандемияның кесірінен туған-туыс, дос-жарандармен қауышудан қалдық. Оны қойшы, аты жаман індеттің кесірінен жарқылдап жүрген жақындарынан көз жазып қалғандар қаншама?! Иә, мұндай аласапыранды ел Желтоқсан оқиғасынан кейін көрген жоқ шығар. Желтоқсан демекші, індеттен енді құтыла бергенде «Қаңтар қасіреті» шырқымызды бұзды... Міне, осынау дүрбелеңдерден соң кешегі өткен батырлардың, зиялылардың мемлекет мүддесі деп құрбан болып кеткендеріне еріксіз бас шайқайсың, бас иесің. Бірақ бағасына жете алып жүрміз бе, оның бәрін уақыт өзі реттейді. Жетпіс жыл бұрын одақты қорғап, 397 фашистің көзін жойған батыр Төлеуғали Әбдібековтің өзіне кеше ғана Президент «Халық қаһарманы» атағын берді. Иә, әбден лайық. Кеш те болса, ерлігі еленіп жатқанына күллі қазақ қуанды.
Медицина • 08 Мамыр, 2022
Аурудың емес, өлімнің көбейгені қауіпті
Онкологиялық орталықтың операция бөлімі. Жұмыс уақыты бастала сала хирургтер білек сыбана ота жасауға кіріскен. Түске дейін операция залдарының бірі де босамайды. Дәрігерлердің айтуынша, тоқсаныншы жылдардың соңында күніне 2-3 операция жасалса, қазіргі кезде 10-12 операцияға дейін жасалады. Бұл дегеніміз – аурудың көбейгендігі емес, скринингтің нәтижесі.
Фотогалерея • 08 Мамыр, 2022
Алтайдағы аламан - Фоторепортаж
Құланқара, Бұланқара, Желмая сынды тұлпарлар тұяғының ізі қалған Алтайдың бөктерінде дүбірлі бәйге өтті. Отан қорғаушылар және Ұлы жеңіс күніне орай ұйымдастырылған шарада 100 шақырымдық аламан, тай жарыс, жорға, аударыспақ, күрес, арқан тарту сынды ұлттық спорт түрлерінен атбегілер, балуандар бақ сынасты, бап сынасты.