Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1014 материал табылды

Спорт • 08 Наурыз, 2022

Сана Анарқұлова: Біз үшін әр ойын жауапты

«Алтай» волейбол команда­сының арулары алаңдар­да атой салып, Алтайдың атын шығарып жүргелі қашан?! Бой­лары сырықтай нәзік қыздар жыл он екі ай жаттығудан қол үзбейді. Тың­ғылықты дайын­дық, темірдей тәртіп бар командада. Ерінбей еңбектенгеннің арқасында бес дүркін Қазақстан чемпионы атанған жоқ па?! 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында кіл мықты ойыншылардан құралған команда капитаны Сана Анарқұловамен емен-жарқын әңгімелескенбіз.

Сұхбат • 01 Наурыз, 2022

Көмейдің құдіреті

Тау басында аршасы-ай, Басыңа бұлбұл қонсашы-ай. Күнде жиын, күнде той, Заман сондай болсашы-ай. Ауу-ауу-а-иә, ауу-ауу-а-иә... деп тамағын қарлықтыра, көмеймен әндетті. Одан шаңқобызын езуіне салып, аңыратты.

Аймақтар • 24 Ақпан, 2022

Шынайы шығармашылық кездесу

Жуықта Төр Алтайдың бау­райында зиялы қауым өкілдері бас қосты. «Шы­ғармашылық-ақпарат­тық» кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар оқиғасынан кейін­гі үндеуі халыққа түсін­ді­рілді. Кездесудің екінші бө­лімінде ақындар өлең оқып, шығармашылық та­қы­рыпта ой өрбітті.

Қазақстан • 24 Ақпан, 2022

Батырхановтың батырлығы

Интернационалдық борышын өтеп жүріп, оққа ұшқан сарбаздардың ерлігі есімізде ме? Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон І дәрежелі «Спитамен» орденімен марапаттаған жерлесіміз Раджан Батырхановтай батырдың бағасына біз жете алып жүрміз бе?

Аймақтар • 23 Ақпан, 2022

Бұл – байлық жарыстыратын рәсім емес

«Өмір бар жерде – өлім бар». Өлімді жерде жаға жыртысқан дау болмаса да, оқтын-оқтын кереғар пікірлер болып тұрады. Бірі марқұмды о дүниеге шығарып салу рәсімінде дастарқанды тойдағыдай жайнатып, тәтті-дәмдісін тосқысы келсе, енді бірі марқұмның басына күмбез тұрғызғысы келеді. Мұның бәрі ысырап. Өскемен аймағы ақсақалдарының VI форумында осы салттық рәсімдерді бір арнаға түсіру жөнінде сөз қозғалды.

Аймақтар • 22 Ақпан, 2022

Балықшыларға «балық» ескерту жасады

Күнұзақ тапжылмай мұз тесіп, қармақ салып отырған балықшылар мамандардың ескер­тулеріне, шектеу­леріне құлақ аса бермейді. Әйт­песе, қыстай үш балық­шы мұз астына кетер ме еді?! Өзен-көл­дерге қабыршық мұз қатқан күннен бас­тап, төтенше жағдай ма­мандары шыр-пыр болып, алдын алу жұмыс­тарына кіріседі.

Аймақтар • 16 Ақпан, 2022

Қарағай дәрі

Елдің өркендеп, дамуы үшін өнертапқыштардың, техникалық мамандардың тынбай еңбек етуі керек. Ол туралы өткенде ғана Президент сөз еткен. Ал жуықта Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары екі бағытта ғылыми зерттеу жүргізіп, жаңалық ашты.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2022

Көк түтіннен көз ашпай отырмыз

Жиырма күннен бері Өскемен шаһары көк түтіннен көрінбей тұр. Жыл басынан бері 25 рет қолайсыз метео жағдай тіркеліп үлгерген. Былтыр жыл көлемінде 42 ҚМЖ фактісі жарияланған екен. Салыстыра беріңіз. Желсіз күндері өндіріс ошақтары қуатты азайтудың орнына одан сайын үдете түсетіндей. Мұржалардан шыққан будақ түтінге тұншыққан тұрғындардың басы ауырып, тамағы қызарып жүр. Дәрігерге қаралғанымен, диагнозы жоқ.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2022

Браконьерлер бой бермей тұр

Шығыстың қай пұшпағында болсын, жортқан аң, ұшқан құс көп. Байқап отырсақ, олардың соңына түскен аңшылар, дұрысы браконьерлер аз емес. Жуықта полицейлер тағы да браконьерлікпен айналысып келген бірнеше топты ұстады. Тағы да деп отырғанымыз, өткен айда ғана сілеусін соғып алғандарға қатысты хаттама толтырылған еді.

Аймақтар • 09 Ақпан, 2022

Қысқа айдан қысылмай шығу үшін...

Ақпан айы – таулы жердегі аң-құстар үшін ауыр. Жырт­қыш жемтікке жарымай, тұяқтылар тебіндей алмай қина­лады. Қалың жауған қарды бауырымен жара жортып, азық іздеу оңай ма?! Мұзы қалың қатқан өзен-көл­дің балығы да тұншығып, қырыла бастайтыны осы кез.