Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
979 материал табылды

Оқиға • 04 Ақпан, 2021

Шошақ бөрікті сақ ханшайымы

Қайта қалпына келтірілген сақ патшайымының әшекейлі киіміне қарап, сонау ғасырда-ақ мәдениетіміздің дамығандығын тағы бір аңғаруға болады. 2017 жылы Берел қорғанынан табылған сақ патшайымының киімі реконструкцияланып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылды.

Аймақтар • 03 Ақпан, 2021

Күршімге көпір құрылысы басталды

1 ақпан. Бұл шығысқазақстандықтар үшін ақ түйенің қарны жарылған күн. Бұл күні Бұқтырма су қоймасынан Күршім ауданына өтетін көпірдің құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 03 Ақпан, 2021

Бар үміт – вакцинада

Өңірде дендеп кірген індеттің беті қайта ма десек, қайта көбейіп барады. Соңғы мәлімет бойынша Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының 81 жағдайы тіркелген.

Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Өскеменде бірінші курс студенттері алғаш рет сабаққа барды

Бүгін бірінші курс студенттері ШҚТУ табалдырығын алғаш рет аттады. Коронавирусқа байланысты онлайн форматта оқып жатқан сутденттер, аралас форматқа енді ғана көшті, деп хабарлайды  Egemen.kz

Оқиға • 02 Ақпан, 2021

Қарияның өмірін құтқарған студент марапатталды

Әнеугүні Өскеменде Ертістен су алмақ болып, ағынды өзенге түсіп кеткен әйелді құтқарып қалған студент Сәрсен Аманжолов атындағы алтын медальмен марапатталды. Мұндай медаль студенттің кеудесіне алғаш рет тағылды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Абақты күзеткен сарбаздар

Сұсты ғимарат, сұр қоршау. Ат шаптырымдай аумақты алып жатқан сұр қоршаудың сонау биігінен айнала керілген тікенекті сым. Арғы жағындағы тар қапаста – мынау қоғамда жаза басып, жазасын өтеп отырғандар. Мұнарадан қырағы көзбен жан-жағын барлап сарбаз тұр. Автомат асынған төрт-бесеуі тікенекті сым қоршаудың бойымен айналасын шолып келеді. Аса жауапты жұмыс арқалап жүрген олар – Ұлттық ұлан сапындағы сарбаздар.

Қоғам • 02 Ақпан, 2021

Үнсіз үңгір

Апырым-ай, жан баласы аяқ баспайтын жердің астына қайдан ғана түстім десеңші. Төбеден төнген тас мың жылдан бері міз бақпай тұрып, міне-міне опырылып түссе, біткен жеріміз сол. Үстімізден басып қалмай-ақ қойсын, кірген жолымызға кесе-көлденең сау етіп құласа, мынау таудың табанынан итпен іздеп таппайды бізді.

Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Иірмүйізділер үйірімен жүр

Тарбағатай Ұлттық паркінің аумағындағы ұшқан құсқа, жортқан аңға жылына төрт рет санақ жүргізіледі. Соның ең нәтижелісі – қысқы санақ деседі мамандар. Жуықта ғана қорықшылар парк аумағында 17 арқардың жайылып жүргенін көрген.

Аймақтар • 01 Ақпан, 2021

Ауыл ішінде тұрғындарға қасқыр шапты

Күршім ауданына қарасты тау бөктеріндегі Маралды ауылының тұрғындарына қасқыр шапқан, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 01 Ақпан, 2021

Күршім ауданының тұрғынынан 25 келі марихуана тәркіленді

Полицейлер 25 келі марихуана сақтаған Күршім ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz