Тарих • 10 Шілде, 2023
Ә.Марғұлан атындағы Археология институты мен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі археологтері Қобда ауданындағы ғұндар қорымында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Партия • 10 Шілде, 2023
Мәжіліс депутаттары, «Amanat» фракциясының мүшелері Ғалымжан Елеуов, Қазыбек Әлішев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «Айс плюс» ЖШС ұжымымен кездесіп, сүт өңдеу зауытын жаңғырту барысымен танысты.
Қоғам • 28 Маусым, 2023
«Egemen Qazaqstan» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқарған Сатыбалды Сәуірбайұлының ұлттық журналистиканың дамуына қосқан үлесі зор. Өңір тынысын басылым беттерінде зерделеген баспасөз майталманының өмір жолы кейінгі буынға өнеге.
Қоғам • 27 Маусым, 2023
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері суға шомылу маусымында тұрғындардан сақтық шараларын сақтауды қанша ескертсе де Ақтөбе өңірінде бір айдың ішінде кәмелет жасына жетпеген жеті бала мен екі ересек адам суға кетіп қайтыс болды.
Қоғам • 20 Маусым, 2023
Ақтөбеде күннен қуат алып жүретін көліктер көрмесі болды. Төбесіне күн батареялары орнатылған сегіз көлік 11 маусым күні Оралдан шыққан. Алайда жолда екеуі бұзылып қалып кері қайтқан. Аптап ыстықта, күн қатты қызған уақытта ғана жүретін қолдан құрастырылған көліктерімен Орал мен Ақтөбе арасындағы 800 шақырымды бір аптада жүруінің себебін күн қызуының аздығы мен желдің күштілігінен қажетті жылдамдықты ала алмағандықтарымен түсіндірді. Олар бір жағынан елімізді саяхаттап, екіншіден қолдан құрастырылған көліктерін сынауды жоспарлаған. Жігіттер еліміздің оңтүстік белдеуін басып өтіп, Алматыға дейін бармақшы. Алда оларды 2 мың шақырым жол күтіп тұр.
Мектеп • 13 Маусым, 2023
Аядай мектептің құрылысы алты жылда бітпеді
Ақтөбе облыстық мәслихатының 3-сессиясында жергілікті бюджет қаражатын дұрыс игермеген басқармалар аталды. Мәселен, өткен жылы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы – 25 млрд теңге, Энергетика, тұрғын үй құрылысы басқармасы 1,3 млрд теңге бюджет қаржысын игермеген. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыны уақытында игермеуіне және мердігерлердің әлеуметтік нысандарды дер кезінде аяқтай алмауына құрылыс жұмыстарының баяу жүруі себеп болды», деді облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Өнербаев.
Еңбек • 06 Маусым, 2023
Талап еңбек қатынасына ғана негізделуге тиіс
Жақында Парламент депутаттары Еңбек кодексіне енгізілетін түзетулерді талқыламақшы. Соның ең негізгісі – еңбек дауларын шешуде жұмыс беруші, кәсіподақ ұйымы мен мемлекеттік орган өкілдерінен құралған үшжақты комиссия жұмысын заңнамалық тұрғыдан реттеу және келісім комиссиясы туралы өзгерістер.
Өнер • 30 Мамыр, 2023
1961 жылы Перу және АҚШ әншісі Има Сумак кеңес одағын аралау кезінде Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі Нұрсұлу Тапаловамен танысады. Има Сумактың анасы инк тайпасының соңғы императоры – Атауальпының ұрпағы екен. Үндінің көмейден күмбірлеп шығатын қоңыр дауысын Еуропаның классикалық музыка стиліне салған әнші Нұрсұлу Тапалованы Перу елінің ән-биін үйреніп қайтуға шақырады. Алайда сол уақыттағы АҚШ пен кеңес одағының арасындағы сәл-пәл жылымыққа қарамастан, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті «халық жауының» қызы болғаны үшін Нұрсұлу Елубайқызына шетелге шығуға рұқсат етпейді. Бұл көпке мәлім болмаған деректі Нұрсұлу Тапалованың 100 жылдығына арналған «Би биігіндегі ғұмыр» атты Ақтөбеде өткен конференцияда бишінің қызы Тоты Шоқырқызы ортаға салды. Шетелге шығуға тыйым салынғанына биші аса қамықпай, «Мен үшін өнерімді халқымның бағалағаны маңыздырақ», деген екен қыздарына.
Балалар • 25 Мамыр, 2023
Жақында жергілікті бюджеттің 400 млн теңгесі ата-анасы жоқ, аз қамтылған және төтенше жағдай салдарынан жапа шеккен отбасылардың балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруға бөлінді. Ақтөбе қаласының төңірегінде балаларға арналған тоғыз лагерь орналасқан. Оның екеуі – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік.
Жәдігер • 23 Мамыр, 2023
«Жәдігер жерде қалмасын!» акциясымен ақтөбеліктер облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына біраз құнды жәдігер тапсырды. Ел ішінде әлі күнге дейін ата-бабаларының «көзін» үйлерінде сақтап жүргендер көп. Соңғы жылдары қорға ұстаның көрігі, тары түйетін келі-келсап, алаша, әдемі өрнектелген сандық-кебеже сияқты тұрмыстық бұйымдар көптеп түсті.