Аймақтар • 09 Наурыз, 2023
Ақтөбе облысында су тасқыны қаупі жоғары
«Қазгидромет» РМК қар суының мөлшері, топырақтың күзгі ылғалдылық көрсеткіші, жердегі тоңның қату тереңдігі, өзендердегі мұздың қалыңдығын талдай отырып, еліміздегі су тасқыны қаупі бар аймақтарды анықтады. Соның алғашқы үштігіне сегіз далалық өзені бар Ақтөбе облысы да енді. Далалықта топырақтағы тоңның қату тереңдігі Ақтөбе облысында өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 5-тен 115 см-ге дейін жоғары.
Ұстаз • 08 Наурыз, 2023
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика лицей-интернатының мұғалімі Ұштап Таңатарованың педагогикадағы қалыптастырған жолы – жас мұғалімдерге үлгі. Жыл сайын осы оқу орнын бітіретін 45-50 оқушының бәрі де грант иегері атанса, міндетті түрде 7-8 оқушысы «Алтын медальға» қол жеткізеді. Осындай жетістіктердің басы-қасында Ұштап апай жүрген соң, ұжымдағы жас мұғалімдер тәжірибелі математик ұстаздан айырылғысы жоқ.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2023
Ақтөбеде «Қобыланды деген ері бар...» атауымен өткен жыршылар сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 17 жас жыршы қатысты. Олар «Қобыланды батыр» жырының Нұрпейіс Байғанин, Айса Байтабынов, Марабай нұсқаларынан үзінділер орындады.
Экология • 23 Ақпан, 2023
Дала өсімдіктері ерекше қорғауға зәру
Бүгінде сирек кездесетін өсімдіктерді сақтау күн тәртібінде тұр. Өсімдіктер шоғырланып өскен алқаптарды қорғау арқылы топырақ құнарлылығын қалпына келтіру – ең тиімді тәсіл.
Оқиға • 21 Ақпан, 2023
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың тұңғыш кәсіби басылымы «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған тарихи-танымдық іс-шара өтті. Жиналғандарға ең әуелі «Қазақ» газетін жарыққа шығарған А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы бастаған қайраткерлеріміздің еңбегі туралы бейнесюжет көрсетілді. Содан кейін көпшілік Тәуелсіздік залында жасақталған «ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі тұрмыстық бұйымдар» атты көрмені тамашалады. Мұнда музей қызметкерлері ауыл-ауылдан жинақтаған, өткен ғасырдың басында ел тұтынған тұрмыстық бұйымдар қойылды.
Ауыл • 20 Ақпан, 2023
Сенаттағы парламенттік тыңдау барысында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының бағыттары туралы баяндады.
Мектеп • 07 Ақпан, 2023
Тәркіленген қаржы мектеп құрылысына жұмсалды
Мұғалжар ауданының Құмжарған ауылында алты жылдан бері құрылысы аяқталмай тұрған мектептің ашылу рәсімі өтті. Мектеп құрылысына «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бұрынғы басшылығынан тергеу арқылы өндірілген 196 млн теңге қаржы жұмсалды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыны мектеп құрылысына бағыттау жөніндегі тапсырмасы аясында Ақтөбе облысында іске асқан алғашқы іс-шара.
Мектеп • 07 Ақпан, 2023
Ақтөбе облысының мектептері Қарағанды облысындағы кәсіпорында құрастырылған Yutong және Golden Dragon маркалы жайлы санаттағы 23 жаңа автобуспен толықты.
Қоғам • 06 Ақпан, 2023
Ахмет Жұбановтан бата алған дарын
С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының құрметті профессоры, дирижер, композитор Қайырғали Қожанбаевтың 85 жылдығы аталып өтті. Жарты ғасырдан аса ғұмырын Ақтөбе өңірінің мәдениетін дамытуға, музыка мамандарын тәрбиелеуге арнаған, бойына бекзаттық пен дегдарлықтың үлгісін тоғыстырған Қайырғали Үсенбайұлы туралы академик-композитор Ахмет Жұбановтан артық баға берген маман жоқ.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2023
Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі жанынан құрылған «Жас археологтар» үйірмесінің оқушылары аудан аумағындағы ерте қола дәуірінің ескерткіші – Құмсай, ғұндар дәуірінің Сорлақмола обасы, сақ-сармат дәуіріне жататын Сегізсай қорымының қазба жұмыстарына қатысты.