Аймақтар • 20 Қазан, 2022
Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан музейлері ұлттық қауымдастығының» құрметті мүшесі, Ырғыз ауданының және Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы Рысжан Ілиясқызын еске алу шаралары өтті. Былтыр 82 жасында дүниеден өткен апай өңіріміздің мәдениет саласына жарты ғасыр еңбек сіңіріп, талай дәуірдің тамаша жәдігерлерін тиянақты қолымен жинақтады.
Аймақтар • 11 Қазан, 2022
Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – Бекет
Ақтөбеде ХVІІІ ғасырдағы Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама кезеңіндегі ел бірлігі жолында күрескен көрнекті тұлғалардың бірі Есет Көкіұлының 355 жылдығы тойланды. Мұнымен бір кезде Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Қ. Мұханбетқалиұлының Сырым Датұлының өміріне арналған «Тар кезең» қойылымының премьерасы болды. Батыр жерленген Алға ауданындағы Бестамақ елді мекенінде қилы заман қаһарманын еске алу шаралары өтті. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген атбегілер, палуандар сайысты. Тама Есет батырдың мерейтойы Ақтөбеде 16 арқалы ақынның сөз сайыстырған өткен айтыспен аяқталды.
Білім • 02 Қазан, 2022
Бүгінде көпшілік ата-аналар жоғарғы сыныпта оқитын баласы үшін ҰБТ-ға сапалы даярлайтын қосымша білім беру орталықтарын жиі іздейді. Өйткені мектеп бітірушілердің қосымша даярлықсыз жоғары оқу орнына грантқа түсу мүмкіндіктері жылдан жылға азайып барады. Ал өңірлерде сапалы білім беретін әрі бағасы қолжетімді репетиторлық орталық табу тіпті қиын.
Театр • 30 Қыркүйек, 2022
«Ассалаумағалейкум» – қуыршақ театрларының фестивалі
Ақтөбеде «Ассалаумағалейкум!» деген атпен үш күнге созылған қуыршақ театрлары фестивалі өтіп, «Алақай» қуыршақ театрының сахнасында 14 өнер ұжымы қойылымдарын сахналады.
Медицина • 28 Қыркүйек, 2022
Екпенің құтысын алмастырып алған
Ақтөбедегі «Рауан» тұрғын үй алабында орналасқан №74 орта мектептің 1-сыныбында оқитын 42 балаға мектеп медбикесі манту орнына шатастырып БЦЖ екпесін салып жіберген. Оқиға 13 қыркүйекте болған. Содан екі апта өткеннен кейін балалардың дене қызуы түспей, иықтары ісіп, қызарып, іріңдеген соң ата-аналар мектеп дәрігеріне келген.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
Ақтөбе қаласында алғаш рет «Гүлдер әлемі» фестивалі ұйымдастырылып, кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер, оқу орындары, балабақшалар мен қосымша білім беретін ұйымдар ұжымдары, саяжай тұрғындары өз қолдарымен өсірген жұпар иісті сан алуан гүлдермен алаңды көмкеріп тастады.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2022
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Әйтеке би, Ырғыз, Хромтау аудандарына сапарында жергілікті әкімдерге әр ауылда жеке қосалқы шаруашылықтар ұйымдастыру жобасын тез арада әзірлеуді тапсырды. Бұл ауыл тұрғындарының басқа жаққа көшуі мен жұмыссыздық деңгейін азайту және халық тұтынатын азық-түлік түрлерін молайту мақсатында қолға алынып жатқан шаруа.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2022
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс Қазақстанда, оның ішінде қазіргі Ақтөбе облысының аумағында: Ырғызда – Жармола, Темірде – Қарақамыс, Ойылда – Көкжар жәрмеңкелері тұрақты жұмыс істеді. Бұл өткен ғасырлардағы отарлау капитализмінің көрінісі десек те, сол заманда қазақ даласының әр жерін кезген саудагерлер елдің малын өте арзанға алып кетуінен сақтандыру үшін қазақ байлары жәрмеңкелер арқылы сатуды жолға қойған. Жәрмеңкелер жылына екі рет – мамырдың басында және қыркүйектің соңында өткізілді. Ел адамдары жайлауға шыққанда және қыстауға оралар ерте күзде малы мен оның жүн-терісін саудаға шығарған.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2022
Су қорын ластаушыларға айыппұл салынды
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі «Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде қабылданып жатқан шаралар және Көкжиде кен орнының мәселелері туралы» брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлпықар Жолдасов баяндады. Ол Темір ауданындағы Көкжиде кенішінде мұнай өндіретін бес компания өкілдерімен кездесіп, табиғи қорықтағы жағдайды көріп қайтты.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022
Көршімізді қиындықта қалдырмаймыз. Төтенше жағдайда қиындықтан шығудың маңызды ережесі – өзара көмек және бірлік. Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі осындай. Ғасырлар бойы құндылықтар мен дәстүрлер өзгермейді.