Мәселе • 06 Сәуір, 2023
Ескі бөгеттер есепке алынуға тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Парламенттің бірлескен отырысында еліміздегі судың 65 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалатын болса, соның 60 пайызға жуығы құмға сіңіп кететінін ашық мәлімдеді. Мұндай ысырапшылдықтың жолын кесу үшін жаңа тариф саясатына көшу керек. Әйтпесе алдағы уақытта ахуал күрделене түспек.
Ауыл • 04 Сәуір, 2023
Ауыл тұрғыны трактор құрастырды
Ырғыз ауданының тұрғыны Жағыпар Қадыров он жыл бұрын құрастырған тракторының пайдасын көріп келеді.
Жәдігер • 02 Сәуір, 2023
Осыдан бірнеше жыл бұрын Ақтөбе қаласының солтүстік белдеуінде, Елек өзеніне таяу жерде құрылыс жұмыстары кезінде ғұн заманы жауынгерінің обасы табылды.
Мәселе • 02 Сәуір, 2023
Ақтөбе облысында жыл сайын 500 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару жоспарланған.
Тарих • 29 Наурыз, 2023
Ақтөбе облысының мәдени-тарихи мұрасын зерттеу және сақтаудың өзекті мәселелері еліміздің және шетелдік бірқатар тарихшының қатысуымен өткен жиында талқыланды. Президент тапсырмасымен ел тарихының жаңа тұжырымдамасы бекітіліп, жеті томдық Қазақстан тарихы қайта жазылғалы тұрған қазіргі уақытта тарихшыларымызға «Қазақстан –Еуразия құрлығындағы ежелгі өркениетті жасаған ел» концепциясын даярлап шығу міндеті қойылды. Даламызда бірнеше мыңдаған жыл бұрын ежелгі адамдар қолымен тұрғызылған ескерткіштер құрып кетудің алдында тұрған қазіргі тұста осы дүниелерді түгендеу геосаясаттағы қадамдарымыз үшін де маңызды.
Отбасы • 20 Наурыз, 2023
Кейінгі жылдары республикалық сайыстарда жүлделі орындар иеленіп, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген «Шашу» отбасылық ансамблі биылғы жазда бірнеше мемлекетке сапарға шығуды жоспарлап отыр. Бір отбасында тәрбиеленіп жатқан 21 баланың талантын ұштап, үлкен өмірге баулып жүрген – ата-анасы Өмірхан Жетесұлы мен Амангүл Ешпанқызы. Өнерлі ата-ананың әр баласы да өнерлі. Балаларының бірі терме айтады, екіншісі әнші, жетіген мен сыбызғыда ойнаса, басқалары қобыз бен домбыра тартады. Ер балалары, әсіресе, қазақтың жыр-дастандарына құмар.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, сайлау күні Астана уақытымен сағат 18.10-да Ақтөбе облысындағы сайлаушылардың 56,88 пайызы дауыс беріп үлгерді. Бұл күні 562 мың 590 ақтөбелік 525 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Соның ішінде жасы 18-ге толған 3 579 азамат биыл тұңғыш рет дауыс берді. Өңірдегі ең жасы үлкен сайлаушы – 109 жастағы Шалқар ауданының тұрғыны Зиба Келімбетова.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Ақтөбе облысында сайлау қалыпты өтіп жатыр
Ақтөбе қаласының №11 ықшамауданында орналасқан №28 сайлау учаскесінде 1 709 сайлаушы тіркелген. Таңғы уақытта осы учаскеге дауыс беруге келгендердің дені орта жастағылар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2023
Өңірдегі өзендер арнасынан асып жатыр
Ақтөбе облысында су тасқыны былтыр 1 сәуірде басталса, биыл 20-25 күн ерте әбігерге салды. Бұл туралы брифингте облыстық ТЖД басшысы Марғұлан Аманбаев хабарлады. Қазіргі кезде Қобда, Ойыл, Темір, Қауылжыр өзендерінде сең жүріп, су тасып жатыр.
Өнер • 12 Наурыз, 2023
Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хор ұжымы Кореяның бірнеше қаласында өнер көрсетті.