Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
426 материал табылды

Аймақтар • 27 Ақпан, 2021

Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінде есепте тұрған  4 азамат  қоғамдық жұмыстарға тартылды деп хабарлайды  Еgemen.kz.

Әдебиет • 25 Ақпан, 2021

Ізтай ақын ізерлей зерттелсе

1950-1970 жылдардағы қазақ поэзиясында ойып орын алған Ізтай Мәмбетов артында «Тұңғыш», «Бақытты балалық», «Сыр», «Табантал», «Жол ұзақ», «Сал Сары», «Өсиет», «Жалын», «Тарланбоз», «Жылы жел», «Таңдамалы» атты жыр жинақтарын қалдырды. Ол аштық жылдары дүниеге келіп, алапат соғыстың қаһарын жасөспірім шақта сезінген, маңдайларына қатқылдау тағдыр бұйырған буынның өкілі еді. Замандастары Ізтай ақын сырттай сұсты, бірбеткей, мінезі тік болып көрінгенімен, жаны нәзік, әділетсіздікке жаны қас, ақкөңіл, жомарт жан еді деп сипаттайды. Оның өлеңдерінің тақырыбы да туған жер, сағыныш, махаббат, сезім, табиғат, ғашықтық сезімдері болып келеді.

Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

Бұл туралы Ақтөбе облыстық мәслихаттың кезекті екінші сессиясында  белгілі болды деп  хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Қалауын тапқанға ауылда да жұмыс көп

Кәсібін жаңадан бастаған азаматтарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаның көмегімен қайтарымсыз грант алып, өз ісін ашқан жастардың бірі – Бауыржан Нұрмағанбетов.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Ауыз сумен қамту: Тапшылықтың алдын алу маңызды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тұрғындармен биылғы есептік кездесуінде халықты ауыз сумен 100 % қамтамасыз ету басты міндет екенін баса айтқан еді. Соның ішінде Ақтөбе қаласындағы ауыз су тапшылығын жою үшін Елек су қабылдағышын (14 ұңғыма) кеңейтіп, Құндақтықыр су қабылдағышын (8 ұңғыма) қалпына келтіру жұмыстарының басталатынына да уәде берген.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2021

Электрдәнекерлеуші мұздан мүсін тұрғызды

Қарғалы ауданы Қайрақты елді мекенінің тұрғыны, үш баланың әкесі Закир Абсалямов он саусағынан өнері тамған шебер. Негізгі мамандығы электрдәнекерлеуші болса да, ол ауылдың сәнін келтіріп тұрған нысандарды өз қолымен тұрғызып, Қайрақтының көркеюіне үлес қосып жүрген азамат, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2021

Ауылшаруашылық колледжіне Шығанақ Берсиевтің есімін беруді ұсынды

Облыстық мәслихаттың  депутаттары «Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық колледжіне» Шығанақ Берсиевтің есімін беруді ел Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына  ұсынды деп хабарлайды Еgemen.kz.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2021

Шаңғы роллерінде қайырымдылық істер марафоны өтті

Ақтөбе облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер» марафоны  қаладағы шаңғы роллері жолындағы қайырымдылық шараларынан басталды деп хабарлайды Еgemen.kz.

Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Коронавирусқа шалдыққан төрт науқас тіркелді

Бүгін Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан 4 науқас тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 15 Ақпан, 2021

Ақтөбе облысында археологиялық экспедиция жұмыстары қорытындыланды

Өткен жылы Ақтөбе облыстық музейінің археологиялық экспедициясы Ойыл, Шалқар, Ырғыз аудандарынан ежелгі адамдар тұрағы, қорған, кесене, мешіт, қоршаулар сияқты бұрын тізімге алынбаған әрі зерттелмеген этнографиялық ескерткіштерді тапты.