Аймақтар • 04 Қараша, 2021
Елді мекендерді газдандыру, жол құрылыстары, спорттық нысандар мен тұрғын үй салу жағынан өңірдегі он екі ауданның арасынан Мұғалжар ауданы көш бастап тұр. Өңір басшысы Оңдасын Оразалин, еңбек ардагерлері мен облыстық мәслихаттың депутаттары бастаған топ осы ауданның алты елді мекенін аралап, жұртшылықпен жүздесті. Сапар барысында құрылысы жүріп жатқан «Ақтөбе-Қандыағаш» тасжолының жөндеу жұмыстарын да көріп қайттық.
Аймақтар • 29 Қазан, 2021
Жаңғақ қабығынан ыдыс жасап шығарды
Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жадыра Амангелдиева грек жаңғағының ұнтақталған қабықтарынан ыдыс жасап шығарды. Табиғи таза өнімнен жасалған жаңалығы үшін оқушы авторлық құқық куәлігін де алды.
Руханият • 20 Қазан, 2021
Ақтөбеде «Әдебиет. Рух. Қоғам» әдеби форумы болды. Осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан форум жұмысына Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақындар Бауыржан Жақып, Елена Әбдіхалықова, жазушы Мереке Құлкенов, композитор Қалдыбек Құрманәлі, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен өңірдегі әдебиетсүйер қауым қатысты.
Қоғам • 20 Қазан, 2021
Мектеп жасына жете қоймаған бүлдіршіндердің ой-өрісінің дамуы мен ұлттық таным-түсінігінің кеңеюіне ықпал ететін «Жеті ойыншық» жобасының алғашқы ойыншықтары өңірдегі 40 балабақшаға жетті.
Өнер • 14 Қазан, 2021
Ақтөбелік дизайнер Малика Дүйсенбаева «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында мәдениет және спорт аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ұлттық стильдегі киім дизайнері әрі он саусағынан өнер төгілген тігінші осы жалпыұлттық жобада бақ сынамас бұрын қазақтың оюлы-сәнді ұлттық киімдерін әлемдік сахналарда таныстырып, бірнеше рет республикалық, халықаралық сән байқауларының жүлдегері атанған. Маликаның қолынан шыққан бойжеткендерге арналған ұлттық нақыштағы заманауи дизайнмен қабысқан әдемі көйлектер әлемге жақсы тарап жатыр.
Аймақтар • 08 Қазан, 2021
Жол картасының жобалары талқыланды
Ақтөбе облысында жыл басынан бері Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасының 433 көрсеткіші жүзеге асқан. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен партияның аймақтық филиалы Саяси кеңес бюросында талқыланды.
Аймақтар • 07 Қазан, 2021
Темір жол күзеті қызметкерлері сайысты
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Ақтөбе филиалы ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен теміржолдағы күзет қызметінің 100 жылдығына орай бірнеше спорт түрінен сайыс өтті. Оған осы құрылымның Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесі мен Ақтөбе облысындағы Ембі, Қандыағаш, Никельтау, Әйтеке би, Шалқар бекеттерінің атқыштар командасы қатысты. Теміржол қызметінің атқыштары кіші футбол, теннис, гір көтеру, турникке тартылу, арқан арту, мини футбол, қашықтыққа жүгіруден сайысты.
Тарих • 06 Қазан, 2021
Әр құжаттың артында адам тағдыры тұр
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Ақтөбе өңірлік комиссиясы ХХ ғасырдың 20-30-жылдары жазықсыз жазаланған 455 адамның тізімін түгендеді. Аты-жөндері анықталғандарға қатысты барлық дерек енді республикалық комиссияға ұсынылады. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарихшы ғалымдарынан жасақталған комиссия облыстық және Ішкі істер департаменті архивтеріндегі 1919-1930-жылдары қозғалған 328 қылмыстық істі қарап шықты. Кеңес өкіметіне қарсы болып, жазаға тартылғандар негізінен РСФСР Қылмыстық кодексінің 58, 59, 73, 79,109-баптарымен айыпталған.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2021
Екпе алғандарға – екі Chevrolet
Өңірдегі коронавирус инфекциясымен күрес, вакциналау жағдайы туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров хабарлады.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2021
Соңғы жылдары елімізде шағын және орта бизнес субъектілері санының артып, жергілікті өнім өндірушілер қатарының толығып келе жатқанына дер кезінде қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың қосқан үлесі зор.