Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
426 материал табылды

Сайлау • 26 Шілде, 2021

Өз таңдауын жасады

Ел Президентінің саяси реформалар пакетінің негізгі ба­ғыттарының бірі – ауыл әкімдерінің сайлауына Ақтөбе об­лы­сының ауыл тұрғындары ерекше белсенділікпен қатысты.

Аймақтар • 25 Шілде, 2021

Ақтөбеде бір күнде үш адам суға кетті

25 шілде күні Ақтөбе облысында үш адам суға кетті деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 25 Шілде, 2021

Ақтөбе облысында 34 ауылдық округ әкімдері сайланады

Бүгін Ақтөбе облысының Аққұдық ауылы мен 34 ауылдық округінің әкімдері сайланбақшы. Қазір 74 сайлау учаскелерінде ауыл әкімдеріне дауыс беру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус • 23 Шілде, 2021

294 жүкті әйел коронавирус індетін жұқтырған

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Ақтөбеге келген сапарында өңірдің эпидемиялық ахуалы жан-жақты талқыланды. Министр рентген жабдықтарын шығаратын «Ақтөберентген» АҚ зауытында, перинатальды және онкогематология орталықтарында болып, №1 қалалық емхана жұмысымен танысты. Жұмыс сапарының соңында коронавирус инфекция­сымен күрес жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді.

Саясат • 20 Шілде, 2021

Тұрғындар мұқтаждығын айтты

Парламент Мәжілісінің депутаты Зүлфия Сүлейменова мен Қайыңды ауылдық округі әкіміне үміткер Нұрболат Жалғас Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен, AltynEx Company компаниясының ұжымымен кездесті.

Аймақтар • 20 Шілде, 2021

Қажығали Мұханбетқалиұлына арналған көрме

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының шығармашылығына арналған «Естен кетпес бейне» атты көрме өтті. Көрмеге әр кезеңде музей қорына жинақталған фотосуреттері, орден-медальдары мен төсбелгілері қойылды. С.Бәйішев атындағы кітапхана да жазушының кітаптары мен басылымдарда жарияланған мақалаларын экспозицияға қойды.

Аймақтар • 19 Шілде, 2021

Ырғыз ауданының төрт түлігі ащы су ішуге мәжбүр

Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Шалқар аудандарының шаруашылықтары биылғы жазда аптап ыстық пен қуаңшылықтың зардабын әбден сезінді. Әсіресе Ырғыз ауданының Аманкөл, Тәуіп, Жайсаңбай ауылдық округтерінің елді мекендері мен шаруа қожалықтарына мал суару қиынға түсті. Қыста ылғал мөлшері аз, көктемде жауын-шашын болмай, сәуірде Ырғыз өзені тасымады.

Аймақтар • 18 Шілде, 2021

Мәжіліс депутаты Қайыңды ауылының тұрғындарымен кездесті

Парламент Мәжілісінің депутаты Зүлфия Сүлейменова мен  Қайыңды ауылдық округі әкіміне үміткер Нұрболат Жалғас Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен, «AltynEx Company» компаниясының  ұжымымен кездесті деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 16 Шілде, 2021

Батыл студент

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 3-курс студенті Мұхтар Түлкібаев өз өмірін қатерге тіге отырып, Қарғалы өзеніне батып бара жатқан 28 жастағы ер адамды құтқарып қалды.

Тарих • 07 Шілде, 2021

Ескілік пен естіліктің арасы: Ырғыздан Ырғызбайға дейін

Өлкетанушы, кәсіпкер, мектеп мұғалім­дері мен оқушылары, мемлекеттік қызмет­керлер мен еңбек ардагерлерінен құралған топ «Ырғыздан Ырғызбайдың еліне» атты сапарға шығып, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданын көктей, Шыңғыстау баурайындағы қасиетті орындарды аралады. Ырғыз ауданы азаматтары Абайдың 175 жылдығына орай жоңғар шапқыншылығы заманында Ырғыз өзені бойында өмір сүрген Құнанбай Өскенбайұлының ұлы атасы Ырғызбай ауылының көш жолымен жүріп өтуді өткен жылы жоспарлаған. Індеттің кесірінен сапар кейінге шегеріліп, биылғы маусымның соңында ғана Абай еліне жол түсті.