Аймақтар • 18 Сәуір, 2022
Түркістанда Ақтөбе облысының күндері өтті
Сәуірдің 14-15 күндері Түркістан қаласында Ақтөбе облысының мәдени күндері өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бесжылдығына арналып ұйымдастырылған осы іс-шарада жергілікті тұрғындар Ақтөбе облысының этнографиялық көрмесін, дәстүрлі орындаушылардың жыр-термелерін тамашалап, облыстық-тарихи өлкетану музей қорына әр кезеңде жинақталған сирек экспонаттарымен танысты. Қаланың Экобазар аумағында ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп, оған ақтөбелік шаруалардың қолынан шыққан ет-сүт өнімдері, көкөністер мен кондитерлік тағамдар ұсынылды.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2022
Бүгінде Ақтөбе қаласын басқан қызыл судың екпіні қайтқандай болды. Сәуірдің алғашқы күндері қала іргесіндегі Печанка, Елек, Сазды өзендерінің күрт көтерілуінен бау-бақша ұжымына қарасты бірнеше тұрғын үйді су басқан еді.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2022
Сәуірдің алғашқы күндері дүние жүзінде аталып өтетін Халықаралық құстар күні табиғат жанашырлары қанатты тіршілік иелерінің қазіргі жағдайы, олардың қорғалуы туралы кеңес құрады. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің табиғат залында осы күнге орай «Құстар — табиғат көркі» атты көрме ашылып, оған Ақтөбе облысы аумағында тіршілік ететін 40-қа жуық құстың тұлыбы және құрқылтайдың, бөдененің ұялары қойылды.
Білім • 11 Сәуір, 2022
Шетелдік 9 университет оқуға шақырды
Ақтөбедегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Гүлназ Аманжолова әлемнің тоғыз университетінен оқуға шақырту алды. «Экономика және іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша шетелдің 15 университетіне құжат тапсырған Гүлназға Drexel University, Simmons University, Pitzer College, Bocconi University, University of Pisa, Jacobs University, University of British Columbia, Ca Foscari University, Rollins College сияқты оқу орындары есіктерін ашты. Енді Еуропа, Азия және Канаданың тағы бірнеше жоғары оқу орындарының шешімін күтіп отыр.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2022
«Жақсылық шын жүректен жасалады»
Бұл қағида өмірдің түрлі сынақтарына тап болған жандарға демеу көрсетіп, үйдей іс тындырса да, үнсіз жүретін ақтөбелік волонтер жастардың өмірлік ұстанымына айналған. Қайырымдылық жасауға құмар, кез келген қоғамдық жұмысқа шын ниеттерімен кірісетін белсенді жас буынның қоғамдағы рөлі волонтерлік қозғалыстар арқылы танылып келеді.
Қоғам • 06 Сәуір, 2022
Соңғы үш тәуліктен бері Ақтөбе облысының тұрғындары қызыл сумен алысып жатыр. Күннің күрт жылынуынан қар бірден еріп, қаланың «Батыс» және «Нұр Сити» шағын аудандарындағы көпқабатты үйлердің жертөлесіне су кіріп, көшелерден жүру мүмкін болмай қалды. Қала іргесіндегі Жіңішке, Песчанка, Елек өзендері арнасынан асып, бау-бақша ұжымдарына қарасты 90 үйді шайып кетті. Рауан, Сая, Қанағат тұрғын үй алаптарында құлаған үй болмаса да, бүлінген үйлер көп. Үйлері суға кеткен 137 адам мен 85 бала қаладағы төрт орта мектеп пен Олимпиадалық резерв мектебіне уақытша орналастырылды. Су тасқынынан келген шығын көлемін анықтау мақсатында қалалық комиссия құрылып, штаб жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Асхат Шахаров Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте баяндады.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2022
Еріген қар суы елдің есін шығарды
Наурыздың соңғы күні Ақтөбе облысында күннің күрт жылынуынан қар бірден еріп, Ақтөбе қаласының Батыс, Әуеқалашық, Сельмаш аудандары, Ақтөбе хром қосындылары зауытына қарасты бау-бақша ұжымдарындағы тұрғын үйлерді, Құрашасай елді мекені мен Қанағат, Бауырластар тұрғын үй алабын су басып қалды.
Бизнес • 03 Сәуір, 2022
Әлеуметтік кәсіпкерліктің жүгі ауыр
«Әлеуметтік кәсіпкерлік: қоғам мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» атты Ақтөбеде өткен жиынға Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен елорда кәсіпкерлері, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушылары, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар қатысты.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2022
Ақтөбе облысы – еліміздегі жасыл желегі аз өңірлердің бірі. Аймақта мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 500 мың гектардан сәл-ақ асады. Өңірде жеті орман шаруашылығы мекемесі бар. Алдағы бес жылда елімізде 2 млрд түп ағаш отырғызу жөніндегі Президент тапсырмасын орындау үшін былтыр өңірлік жоспар құрылды. Кешенді жоспарға сәйкес, Ақтөбе облысында алдағы бес жылда 30 744 гектар алқапқа 61 млн түп ағаш отырғызу керек. Өткен жылы 1 200 гектар жерге 2 млн түп көшет отырғызылды. Биыл осы жұмыс тағы да жалғасын табады.
Қазақстан • 15 Наурыз, 2022
Өндіріске – жабық, майнингке – ашық
Қаржы мониторингі агенттігі еліміздің әр өңірінде заңсыз түрде жұмыс істеген 13 майнинг фермасын анықтады. Бұл Президент Қ.Тоқаевтың ел аумағындағы барлық майнинг фермаларының салықтық және кедендік төлемдерін тексеріп, келісімшарттары мен техникалық негіздемелерін 15 наурызға дейін анықтау тапсырмасынан кейін ғана мүмкін болды. Криптовалюта бизнесімен айналысушы майнерлер қызметінің заңдылығын тексеруге қаржы мониторингі агенттігімен бірге прокуратура қызметкерлері де кірісті.