Аймақтар • 25 Наурыз, 2021
Былтыр республикалық бюджеттен Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарына бөлінген субсидияларды алуға өңірдегі шаруа қожалықтарынан 5 мыңнан аса өтінім келіп түсті. Әсіресе жеке қожалықтар мал азығына субсидия алуға айрықша ынталы болды.
Білім • 24 Наурыз, 2021
Ақтөбедегі ғасырмен құрдас мектептердің жай-күйі талқыланды
Ақтөбе қаласындағы үш ауысымды мектептер мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Соның ішінде әлі күнге дейін үздіксіз білім беріп келе жатқан кеңес өкіметінің алғашқы жылдары салынған білім беру мекемелері ғимараттарына күрделі сараптама жасау қажет болып отыр. Үш ауысымды мектептер мәселесінің түбірімен шешілмеуіне қала тұрғындары санының жыл сайын көбейіп жатқандығы да әсер етіп келеді. Облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан алдағы оқу жылында мектептер жүктемесін азайту тақырыбында қаладағы барлық орта мектеп директорларымен жиын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 20 Наурыз, 2021
Шалқар көлінің түбін тазарту жұмыстары басталды
Бұл туралы өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді шешуге арналған жиында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2021
Сармат жауынгерінің таныстырылымы өтті
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында Темір ауданы Тасқопа елді мекенінің жанындағы қорымнан табылып, қайта жарақтандырылған сармат тайпасы жауынгерінің ғылыми таныстырылымы өтті деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Наурыз, 2021
Ақтөбеде «Парасат жолы» жобасы қолға алынды
Ақтөбе облысына келген «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиевамен кездесуінде өңір басшысы Оңдасын Оразалин сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді түрде жүзеге асырылып отырған жобалар туралы айтып берді. Қолға алынған жобалардың ішінде өңірдегі 233 мемлекеттік кітапхана аясында қолға алынған «Парасат жолы» орталықтарының маңызы зор деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 11 Наурыз, 2021
Цифрлы трансформация: Пойыздар қозғалысын басқару орталығы ашылды
Ақтөбе қаласында ашылған пойыздар қозғалысын басқару орталығы өткен жылдың желтоқсан айынан бері кідіріссіз жұмыс істеп, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстары аумағынан өтетін пойыздардың қозғалысын реттеп отыр. Бұл – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың цифрлы трансформация бағыты бойынша елімізде іске асырып отырған тұңғыш қанатқақты жобасы. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ корпоративті даму және HR жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Серік Әбденов Ақтөбеге келген сапарында пойыздар қозғалысын басқару орталығында болып, Орал, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда қалаларынан осы орталыққа ауысып келген қызметкерлердің жағдайымен танысты.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2021
Жарылысқа газ баллондар себеп болды
24 ақпан күні түнге қарай Мұғалжар ауданы Мұғалжар елді мекеніндегі жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, осы үйдің 11 жастағы баласы оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта 52 жастағы үй иесі мен оның 22 жастағы үлкен баласы облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Қайғылы оқиғаға үй иесінің далада аязда сақталған 50 литрлік газ баллонын үйге кіргізуі себеп болған. Тығыздалып толтырылған жабық ыдыс бір жарым сағаттан кейін жарылысқа әкеп соқтырған.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Игі істер марафоны» жалпыұлттық акциясына ақтөбеліктер өз үлестерін қосуға кірісті. Жалпыұлттық іс-шараға өңіріміздегі этникалық топтардың өкілдері де белсенді түрде қатыса бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Ақтөбе қаласы мен аудандарындағы бұрынғы коммуналдық меншіктің иесіз қалған газ, су тасымалдаушы және таратушы желілері табиғи монополиялар субьектілерінің қарамағына сенімгерлік басқару бойынша беріледі деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінде есепте тұрған 4 азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды деп хабарлайды Еgemen.kz.