Аймақтар • 03 Ақпан, 2021
Ембі қаласында иесіз үйлер қайта жөнделіп, кезекте тұрғандарға беріледі
Мұғалжар ауданының Ембі қаласында жөндеу жұмыстары жүргізілген көп қабаттағы үйдегі пәтерлер кезекте тұрған әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға беріледі деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 03 Ақпан, 2021
Алға ауданының орталығындағы Ізтай Мәмбетов атындағы балалар кітапханасының директоры Ақшолпан Ізтілеуова бізге қайын атасының жеке мұрағатынан табылған хат туралы хабарлады. Оның айтуынша, 1980-1990 жылдары Қобда аудандық газетінің редакторы болған Мәскеу Шүкірановқа Алматыдан Шолпан Ахметқызы хат жазып, әкесінен оқыған шәкірттер туралы сұрастырған.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2021
Ақтөбеде 91 адам коронавирусқа қарсы екпе алды
Ақтөбе облысына «Спутник V» вакцинасынан мың доза әкелініп, бірінші күні 91 тұрғын екпе алды деп хабарлайды Еgemen.kz.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2021
Ақтөбеде мұнай компанияларының еңбек дауы шешілді
Темір ауданының Бәшенкөл кенішінде мұнай шығаратын «АМК мұнай» компаниясының 80 мұнайшысы төрт күндік ереуілді тоқтатып, қайтадан жұмысқа шықты деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021
Жарты ғасыр жөндеу көрмеген «Ақтөбе-Қандыағаш» күре жолы төртжолақтыға айналады
Ұзындығы 89 шақырым болатын «Ақтөбе-Қандыағаш» тасжолын қайта жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлер анықталды. Мердігерлер жұмысты биылғы сәуірдің ортасынан, яғни қар кетіп, жер құрғаған мезгілден бастап, жұмысты толығымен 2023 жылдың қарашасында аяқтамақшы, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 26 Қаңтар, 2021
Улы газ таралғанда, желдеткіштер сөндірулі тұрған
Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Саламат Аманбаев Хромтау ауданындағы «Весенняя Аралчинская» шахтасындағы 4 кеншінің қазасына байланысты құрылған комиссия тексерісінің қорытындысын жариялады.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Ойыл өзенінің орнын сипап қалмайық
Қарашаның ортасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқали Медеуді қабылдап, еліміздегі су бассейндерінің қазіргі жағдайын толық зерттеп, дәйекті қорытынды жасауға тапсырма берді. Осы мәселе ірі өзен-көлдеріміздің су құрамы мен сапасын, ондағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін терең талдаумен қатар, шөлді аймақтың тіршілігіне жан бітіріп отырған дала өзендерінің жағдайын да дәйекті түрде зерделеу қажеттігін күн тәртібіне қойды.
Саясат • 15 Қаңтар, 2021
Төрт жылда 54 парақор ұсталған
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті соңғы 4 жыл ішінде парақорлыққа қатысы бар деген күдікпен 54 азаматты жауапкершілікке тартқан. Бұлардың ішінде 23 азамат бас бостандығынан айыру жазасына кесілсе, парақорлықпен ұсталған 31 адамға 200 млн теңге айыппұл төлеу жазасы қарастырылған. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Бауыржан Балғабеков хабарлады.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2021
Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде 148 сиыр, 216 жылқы, 497 қой және 4 түйе ұрланған. Соның ішінде ауылдық жерлерде алыс жайылымдардағы қараусыз жүрген сиыр, жылқылардың көбірек ұрлануына көбінесе мал бағуға жауапты малшылардың өз жұмыстарына салғырт қарауы себепші. Соңғы жылдары мал ұрлығы да ұйымдасқан сипат ала бастады.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2021
Сайлау күні Ақтөбе облысында 517 сайлау учаскесі қызмет көрсетсе, оның 162-сі Ақтөбе қаласында орналасқан. Еліміздегі маңызды саяси науқан өтетін күні Ақтөбе облысының 562 351 тұрғыны дауыс береді деп күтілген еді.