Аймақтар • 22 Қазан, 2020
Хромтау ауданында жұмыссыздар кәсіп ашты
Соңғы жылдары кәсіпкерлік негіздеріне оқып, мемлекеттен қайтарымсыз грант пен арзандатылған несие алған бірнеше хромтаулық тұрғын өз кәсіптерін кеңейтіп, бірнеше жұмыс орындарын ашып үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2020
Ақтөбеде карантиндік стационарлар қайта ашылды
Ақтөбе қаласында өткен тәулікте коронавируспен ауырған бір науқас тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 20 Қазан, 2020
Демалыс күні қала әкімдігінің бір топ қызметкері мен велоспортшылар Ақтөбе қаласының іргесіндегі Ескі сүт зауыты аумағындағы көміліп қалған бұлақтың көзін ашып, осы төңіректі қоқыстан тазартты.
Аймақтар • 16 Қазан, 2020
Үнемделген қаржы газ жүргізу мен көпбалалы отбасыларға үй салуға жұмсалады
Жыл соңында үнемделген облыстық бюджет қаржысы Ырғыз ауданының Ақши, Құрылыс, Шеңбертал ауылдарына газ құбырын жүргізуге, аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін үй салуға, қан ауруына шалдыққан балаларды емдейтін стационар құрылысына жұмсалатын болды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс 46-шы сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 16 Қазан, 2020
Биылғы Волонтер жылында осы қозғалыстың «Birgemiz» тұжырымдамасы негізінде 43 тармақтан тұратын жұмыс жоспары бекітілгені белгілі. Соның бір тармағы – қайырымдылық шараларына бағытталған «Umit» жобасы. Осы жоба негізінде 30 ақтөбелік волонтер «Зелло. Іздеу» командасымен бірлесе жоғалған адамдарды іздестірумен айналысты.
Өнер • 15 Қазан, 2020
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық музейінде «Әлия – қаһармандық дастаны» атты кәсіпқой суретшілер мен қолөнер шеберлері арасындағы байқау қорытындысы жарияланды. Қазылар алқасы кескіндеме, графика, қолөнер бағыты бойынша Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау облыстарынан келіп түскен 23 жұмысты қарап, соның ішінен жеті жұмысты үздік деп таныды.
Қоғам • 14 Қазан, 2020
Қоғам жастардың қолдауын сезінді
Қатарына екі мың жасты біріктірген Ақтөбе өңіріндегі волонтерлік топтар пандемия кезінде, тазалық акциясын өткізуде, қиын балалармен жұмыс істеуде және ата-анасы жоқ балаларға қамқорлық танытуда ерекше көзге түсті. Сондай-ақ жоғалған адамдарды іздестіріп табуда полиция қызметкерлеріне көмегін тигізді. Аз уақыт ішінде біраз тәжірибе жинақтаған белсенді жастар жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды деп отыр.
Аймақтар • 12 Қазан, 2020
Ауласында қарасора өсірген тұрғын ұсталды
Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Мәртөк ауданындағы Аққайың ауылындағы бір тұрғын үйдің ауласынан он түп қарасора өсімдігі мен осы үйдің сарайынан 2 килограмм 300 грамм марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қазан, 2020
М.Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі оқу ғимаратының алдына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың мүсіні орнатылды.
Руханият • 12 Қазан, 2020
Темірдің жұлдызы әлі жанған жоқ
ХІХ-ХХ ғасырдың аласапыран оқиғалары көшесінде таңбасын қалдырған Темір қаласында көзге түсетін бірсыпыра құрылыс бар. Бұлар – қаланың айбарын асырып тұрған Қазан үлгісімен салынған ескі мешіт, онымен құрдас православ шіркеуі, 1894 жылы тұрғызылған уезд бастығының екі қабатты еңселі үйі. Кезінде қаланың сәулетін айшықтаған «Зингер» тігін машиналарын сататын дүкен, ағайынды көпес Демидовтардың сауда үйін, жәрмеңке дүкендерінің орындарын бүгінде таппайсыз.