Қоғам • 07 Сәуір, 2022
Максим Горкий «Осыдан жүз жыл өткен соң сенің өмірің де ақылға сыйымсыз болып көрінеді әлі», деген екен. Кімге ақылға сыйымсыз болып көрінетіні белгілі. Кейінгілерге, әрине.
Қазақстан • 31 Наурыз, 2022
Қоғамдық кеңестердің жаңа басшылары таныстырылды
Amanat партиясы жанындағы республикалық қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделердің орындалу барысына сапалы және жүйелі мониторинг жүргізумен айналысады. Олардың жиындарын әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсету жоспарланып отыр.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2022
Talqylau қоғамдық диалог алаңы жұмысын бастады
AMANAT партиясының Қоғамдық саясат институты жанынан TALQYLAU жаңа диалог алаңы өз қызметіне кірісті. Парламент депутаттарының, сарапшылар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен алғашқы талқылау Мемлекет басшысының Жолдауына және аралас сайлау жүйесіне көшу мәселесіне арналды. Талқылау әлеуметтік желілерде тікелей эфирде тарату арқылы интерактивті форматта өтті.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2022
Негізгі мақсат – халықтың талап-тілегіне құлақ асу
AMANAT партиясының мобильді қоғамдық қабылдау топтарының аймақтарға сапары жалғасып жатыр. Партия мүшелері Қызылорда және Павлодар облыстарына сапармен барды. Қабылдауға бір күнде 250-ге жуық азамат келіп, барлығы 11 шалғай елді мекен қамтылды.
Қоғам • 18 Наурыз, 2022
Кедейлік проблемасы әйелдерге көбірек кері әсер етеді
БҰҰ-ның Нью-Йорктегі (АҚШ) штаб-пәтерінде Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссияның (CSW66) 66-сессиясы өз жұмысын бастады. Оған Қазақстан делегациясы қатысуда.
Қазақстан • 17 Наурыз, 2022
Мобильді қоғамдық қабылдаулар басталды
Amanat партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады. Бұл бастама партияны трансформациялау жұмыстарының азаматтармен кері байланысты күшейту тармағының аясында жүзеге асырылуда. Бірінші болып Қарағанды және Ақмола облыстарының 10 шалғай елді мекенінде мобильді қоғамдық қабылдаулар ашылды.
Қазақстан • 14 Наурыз, 2022
Діни экстремизм қаупін қалай сейілтуге болады?
Қоғамымызда діни экстремистердің қапы қалдырып, талмау тұстан ұрып, есеңгіретіп кетіп жүрген кездері аз кездескен жоқ. Сондықтан да қазіргі таңда діни экстремизм қауіп-қатерінің астында өмір сүріп жатырмыз деп айтуымызға толық негіз бар. Егер бұл тұжырымымыз дәлелсіз болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 11 қаңтарда Мәжілістің отырысында «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» тақырыбында сөйлеген кезде «Діни экстремизмге қарсы күресте жүйелі іс-шаралар кешенін іске асыру қажет екеніне ерекше тоқтала келіп, «Олардың криминалмен, әсіресе қылмыстық-атқару мекемелерінде сыбайласып кетуіне мүлдем жол бермеу керек», деп алаңдаушылық білдірмеген болар еді.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2022
Корей ұлтының шынайы алғысының белгісі
Ақтөбеде Алғыс айту күніне орай «Ақтөбе облысы корейлерінің қазақ халқына алғысы» мүсіндік композициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок, Корея Республикасы елшілігінің консулы Мисс Ким Вон Йон, сондай-ақ ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Қоғам • 28 Ақпан, 2022
«Саламатты ауылдың» сауабы көп
Еліміздің шағын ауылдарында жастардың бос уақытын өткізуге арналған жаңа орындар пайда болуда. Өздерінің туған жеріндегі өмірді өзгертуге тырысқан қоғам белсенділері түрлі бастамаларды ұсынуға тырысады.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2022
Көші-қон саласы тиянақты зерттелуі қажет
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының әлеуметтік зерттеу нәтижелері жастардың 32,5%-ы республика көлемінде тұрғылықты жерін ауыстырғысы келетінін көрсетті. Бұл ретте сұралғандардың 20,9%-ы жақын арада елден тыс жерлерге көшкісі келетіндерін немесе болашақта бұл қадамға баруға дайын екендіктерін айтты. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының қолдауымен ұйымдастырылған «Жастар» ҒЗО сараптамалық пікіралмасу алаңында сөз болды.