Абай • 10 Тамыз, 2022
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Бүгін – Абай күні. Хакімнің туған күніне орай елімізде түрлі іс-шара, атап айтсақ, көрмелер, конференциялар, шығармашылық кештер ұйымдастырылуда.
Қоғам • 08 Тамыз, 2022
Халықаралық байқауда бас жүлде алды
Грузияда өткен Халықаралық байқауда қарағандылық 14 жасар Айбек Қасымханов бас жүлдені жеңіп алды.
Руханият • 07 Тамыз, 2022
Жаңылыспасам, 1994 жылдың қаңтары болу керек. Әлдебір шаруамен аудан орталығына жолға шықтым. Үлкен жолдың бойында көлік күтіп тұрмын. Қақаған қыс. Ары-бері өтіп жатқан көлікті емге таппайсың. Ұзақ күттім. Ілуде бір кездескен техникаларды қол көтеріп тоқтатқаныммен, аудан орталығына бармайтын, жай ғана ауыл арасында өз шаруасымен жүргендер болып шығады. Бір кезде, үміт үзіліп, күте-күте төзім таусыла бергенде көз ұшында бір көліктің қарасы көрінді.
Қазақстан • 07 Тамыз, 2022
Алдағы уақытта Францияда Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай көрме ұйымдастырылмақ. Міне, осы іс-шараға қазақтың атақты суретшісі Кәріпбек Күйіковтің қатысуы үшін ел азаматтары, қамқор жандар қаржылай көмек қолын созып отыр.
Қоғам • 01 Тамыз, 2022
Адами капиталды дамытудың негізгі көзі – сапалы білім, тәрбие беру жалпыұлттық басымдыққа ие. Бұл мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында» атап көрсетілген.
Әдебиет • 28 Шілде, 2022
«Тілалшақ» – ащы кекесін, өткір сын
Кімнің болсын қоғамнан өзіндік орнын тауып, ортаға бейімделіп, мына аумалы-төкпелі өмірден өз үлесін ала білуі маңызды. Ал егер сен өз жолыңды таба алмасаң, өзіндік пікірі, ойы бар адам ретінде қалыптаспасаң, кім көрінгеннің қолжаулығы боласың.
Руханият • 27 Шілде, 2022
Тіршілік болған соң жолға шықпай тұра алмайсың. Бәріміз де жолаушымыз. Мінгеніміз – ұшақ, пойыз, автобус, жеңіл көлік, тағысын тағы...
Қоғам • 25 Шілде, 2022
Жастар неге әлемге тарыдай шашырап барады?
Дамыған, талайдан ілгері кеткен елдердің өркендеу сырына үңілсеңіз олардың барлығы өз жастарының әлеуетін толық пайдалана білгенін аңғарасыз. Тіпті мұны сол мемлекеттердің дамуы негіздерінің бірі деп те қарастыруға болатындай. Сондай-ақ бұл елдер шетелдік дарынды жастарды өздеріне тарту арқылы олардың ерік-жігерін тиімді пайдаланып келе жатқанын да көресіз. Яғни өркенді елдер басқа мемлекеттерде қажетсіз болып, пайдаланылмай жатқан «ақыл-ойды» импорттап, оны өз пайдасына жаратуға мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарауда.
Әдебиет • 19 Шілде, 2022
Қазақтың жанайқайы, арман-мұңы
Қазақ поэзиясының ХІХ ғасырдағы, нақтылай айтқанда, әдебиетіміздегі «Зар заман» деп аталатын кезеңнің көрнекті өкілдерінің бірі Шортанбай Қанайұлы ақындық қуатын, дарынын шынайы пейілімен тек өз елінің бақыты үшін жұмсады. Сондықтан да ол аузы дуалы, ақиық ақын ретінде үлкен құрметке ие.
Әдебиет • 18 Шілде, 2022
Ұлтымыздың аса көрнекті ақыны, солақай да содыр саясаттың ығына жығылмай, солқылдақтық танытпай, Алаштың асыл мұратына өзінің азаматтық, ақындық және тұлғалық ұстанымын ұштастыра өмір сүрген, күштінің құрығы мойынына түссе де мойымай, басын имей, еңсесін тік ұстап жүріп қазағының рухани қазынасына зор үлесін қосып кеткен Мағжан Жұмабаевтың айшықты ізіне, руханиятымыздың қақ төріне сіңіре қағып кеткен алтын қазығына көкірегі ояу, көзі ашық қазақтың әрбір баласы қайта-қайта оралып, ақыл-ойын сауықтырып отырса жарар еді.